«Орталық Азиядағы жаңалықтарды интернеттен тұтыну» зерттеуі

Бұл зерттеу – Орталық Азиядағы жаңалықтарды интернеттен тұтыну мөлшерін өлшеу, онлайн жаңалықтарды тұтынудағы негізгі үрдістер және аймақтағы жаңалық контентінің шығу көздерін анықтауды көздеген алғашқы талпыныс.

Зерттеудің мақсаты – адамдардың интернеттен жаңалықтарды қалай оқитынын, көретінін және тыңдайтынын анықтау. Басылымда интернеттен жаңалық қарайтын 4130 тұтынушы қатысқан онлайн сауалнама нәтижелері, жаңалық шығаратын басылымдардың аймақтық және жергілікті ерекшеліктерін білетін, жаңа медиа саласында маманданған 20 сарапшымен жүргізілген терең сұхбат қорытындылары, сонымен қатар жаңалық шығаратын басылымдардың әлеуметтік желідегі аккаунттарының сараптамасы келтірілген.

Зерттеуді IWPR Central Asia ұйымы Ұлыбритания Үкіметі қаржыландыратын «Орталық Азиядағы жаңа медиа мен диджитал журналистиканы дамыту» жобасы аясында жүргізген.