Жүктеу
Басып шығару

Фарход Аминжонов: баяндамаға қалай дайындалып, оны жақсы оқып шығуға болады?

Баяндамаға дайындық ең алдымен жаныңызға жақын және қызықты деген өзекті тақырыптан басталады. Сен айналысатын,  еркін айтатын, сені толғандыратын нәрсе айтылатын баяндамаға дайындалу өте оңай, Алайда мұның өзінде өз сөзінің белгілі бір құрылымын жасап, оны көре білу қажет. Баяндаманы әзірлемес бұрын оның қандай аудитория алдында оқылатынын білу, оған дайындалу уақытын анықтау және аудиторияның мүдделерін ескеру қажет. Демек, бірінші кезекте баяндама   оқитын адамның өзін, содан кейін аудиторияны қызықтыруы тиіс.

Егер аудитория жас және жігерлі болса, онда оны үнемі қызықтырып, көңілін аулап отыру керек. Әдетте, баяндаманың құрылымдық сарынын сақтап қана қоймай, оны қызықты оқиғалармен толықтырған да жақсы. Сол кезде аудитория сізді тыңдайтын болады.

Негізгі ойды сөздің бірінші бөлігінде айтып, оны есте жақсы сақтау үшін қажетінше аудиторияға қайталап айту өте маңызды. Сөздің қорытынды бөлігінде өзіңізге маңызды ойды қайта қайталаңыз. Белгілі бір тақырыпты зерттей отырып, сіз өзіңізге қызық болған жайттардың барлығын айтуға тырысатыныңызды түсінемін, бірақ баяндамаңыздың негізгі мақсаты аудиторияға белгілі бір ақпаратты жеткізу екенін және  оның әртүрлі болатынын ұмытпаңыз. Сондықтан баяндамаңыз бенсөзіңізді дайындау барысында аудиторияның оны есте сақтап, іліп әкетуі үшін жеткізгіңіз келген басты ойыңызды анықтап алғаныңыз дұрыс.

Баяндамаға қалай дайындалу керек?

  • Сізге қызық және өзекті тақырыпты таңдау
  • Мазмұн құрылымын және айту ретін құру
  • Жеткізілуі қажет негізгі ойды анықтау
  • Аудиторияға қызық әңгімелер дайындау
  • Аудиторияны үнемі процеске тарту

Аудитория алдында баяндама презентациясын қалай сәтті өткізуге болады?

Менің ойымша, презентация немесе жай қағаз арқылы оқылатын баяндама еш қызықсыз. Өз сөзінде сөйлеуші іс–шараның барлық қатысушыларын сөзге тартуға тырысуы керек. Егер баяндаманы тек қағаздан оқып тұрсаңыз, аудиторияға бұл қызықсыз болып, біраздан соң олар жалыға бастайды. Сондай–ақ оқығаныңызға ел қызығып, тыңдап отыр деп ойлап,  сізде аудиториямен визуалды байланыс болмаса, қағаздан оқып тұрғандықтан сіз оны тіпті байқамасаңыз байланыс мүлде жоқ деген сөз. Сондықтан, белгілі бір терминдер жиынтығы немесе атап шығу қажет бір нәрсенің химиялық құрамы болмаса қағаздан оқудың қажеті жоқ деп ойлаймын және бұл өте маңызды. Яғни мәтінге  дәйексөзді немесе күрделі терминдерді қарау үшін ғана көз жүгірту керек.

Сөз сөйлеу үшін мәтін дайындау кезінде күрделі синтаксистік құрылымдарсыз қарапайым сөзді қолданған жөн, сонда аудитория ақпаратты жақсы қабылдайтын болады.

Презентация кезінде де көп оқудың қажеті жоқ. Слайдта бар нәрсенің бәрін  айтудың қажеті жоқ, өйткені уақыт шамасы шектеулі, мысалы, бір слайдқа бір–екі минут. 

Адамзаттың 70 пайыздан астамы естігеннен көргенді жақсы көреді. Баяндама оқу кезінде көрнекілік материалдар қатарын қолдану өте маңызды. Әдетте көрнекілік материалдар қатарын ресімдеу көрнекі суреттерден, кестелерден, кодтардан және басқа слайдтардан тұратын презентация түрінде өтеді. Слайдтағы мәтін қысқа болуыжәне залдан жақсы көрінетіндей үлкен қаріппен безендірілуі керек. Есіңізде болсын, мәтіндік слайдтар баяндамашы үшін емес, аудиторияның оқылған баяндаманы түсінуін жеңілдету үшін жасалады.

Сіз әринемейлінше көп ақпарат бергіңіз келеді. Егер баяндамаңыз адамдарды қызықтырған болса, онда олар сіздің слайдтарыңызды кейін асықпай және тереңірек зерделеу үшін сұрап алады. Ең бастысы презентация кезінде бір–екі негізгі ойды таңдап, оларды жеткізуге тырысу. Таңдау өз қолыңызда. Слайдты мәтінмен көп толтырмаңыз, өйткені оны баяндамыңызда да оқисыз. Мәтінді өзіңізге, ал кестені – презентацияға қалдырыңыз. Кейде ұзақ сөз сөйлегеннен гөрі, оны бейнелеп көрсеткен тиімді.

Импровизация да пайдалы нәрсе, мен мұны өзім жиі қолданамын. Алайда, импровизация нақты дәлел аясында ғана рұқсат етіледі, яғни бүкіл баяндаманы импровизациялау жақсы шешім емес. Баяндама дайындау, құрылымын құру, дәлелдер дайындау, сөзіңізді айқын көрсететін бейнені таңдау өте маңызды. Мен айнаның алдында өте сирек дайындаламын, алайда іс–шара өте маңызды және жоғары деңгейде болса, мен мұны істеуге тырысамын. Сондықтан айна алдында дайындық ешқашан артық болмайды.

Негізгі кеңестер: 

  • Сөз сөйлеуге мұқият дайындалу
  • Репетиция жасау
  • Тезистермен презентация дайындау
  • Аудиториямен жағымды байланыс орнату
  • Оқымай айтып беру, түсіндіру және бөлісу
  • Қателесуден және импровизациядан қорықпау

 

Әзіл – бұл жеке тақырып. Презентациясын тақырыбына сай көңілді де өткізетін баяндамашылар бар. Олар күлкілі суреттер салып, әзілдейді, пайдалы ақпарат та береді. Тыңдаушыларға қызықты та көңілді. Бұл қажырлы еңбекті талап ететін талант. Осылай көңілді өткізу қолыңыздан келсе, әрине керемет, өйткені мұндай баяндамашыларды жұрт жақсы көреді. Ал қолыңыздан келмесе, презентацияңызға көп әзіл қоспаңыз.

Адамдардың баяндама соңында айтылған сөзді есте жақсы сақтайтыны белгілі.  Баяндаманы аяқтау кезінде алдында айтылғанды қорытындылап, негізгі тезистерді еске сала кетіңіз.

Егер тыңдаушылар іс–шара аяқталғаннан кейін алынған ақпарат туралы ойланса, өз міндетіңіз барынша орындалды деп санаңыз.

Егер сіз емле қатесін тапқан болсаңыз, бізге мәтінді таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басу арқылы хабарлаңыз.

Жүктеу
Басып шығару