Жүктеу
Басып шығару

Михаил Коростиков: сараптамалық аналитиканы қалай дайындау керек?

Біріншіден, тақырып өзі үшін қызықты болуы керек, өйткені онсыз бірде–бір істе жетістікке жету мүмкін емес. Екіншіден, ғылымның қатаң критерийлерін орындау қажет, яғни сіз ұсынып отырған кез келген идея мен гипотеза тексерілетіндей және бұрмаланбайтындай болуы тиіс, тұжырымды дұрыс немесе жалған деп айтуға болатындай жазу қажет. Яғни мақалада ғылыми стандарттар сақталуы тиіс.

Бұдан басқа, мақала жақсы жазылуы керек. Оны жазған кезде тым күрделі, тым ұзақ емес сөйлемнен тұратын көпшілікке түсінікті тілді қолдану қажет. Сіз Лев Толстой емессіз, сіз аналитиксіз, сондықтан қысқа да нұсқа жазыңыз.

Мәтін композициясының негізгі принциптері бар. Аналитикалық мәтін әдетте  үш бөліктен: пирамида принципі бойынша орналасқан кіріспе, негізгі және қорытынды бөліктен тұрады. Кіріспе бөлікте біз негізгі бөлікте толық жазылатын негізгі ойды атап көрсетеміз, қорытынды бөлікте де солай, онда әрбір абзац стандартталған блоктардан тұрады.

Бірінші сөйлем– бұл абзацта таралып жазылатын тезис тәрізді, әрі қарайғы бірнеше сөйлемде осы тезистің дәлелі, байланыстырғыштар, қосымша дәлелдер жазылады немесе келесі абзацқа көшу болады. Осындай формада жазылған мәтін оны дұрыс түсінуге көмектеседі.

Уақыты жоқ оқырман кіріспе немесе қорытынды бөліктерді ғана «шолып» шығуы мүмкін. Егер оның бүкіл мақаланы оқып шығуға жетпейтін біраз артық уақыты болса, ол сол жақ үстіңгі бұрыштағы мәтінді ғана оқып шыға алады, яғни негізгі бөліктегі бірінші абзацтардың алғашқы жолдарын ғана. Негізінде осының өзі де оған негізгі ойыңызды түсінуге жеткілікті болуы мүмкін. Мақаланың кіріспесі мен қорытындысы автордың негізгі ойын көрсетуі тиіс.

Стиль

Егер мәтінді оқырманға түсінікті етіп қалай жасауға болатыны туралы айтатын болсақ, онда ең алдымен стильге назар аудару керек: оны қалай көп білімді талап етпейтіндей түсінікті етуге болады, ойыңыз бен идеяңыз оқырманға түсінікті болу үшін мәтінді қалай жазуға болады. Бұл үшін ұзақ сөйлемді мейлінше қысқарту керек. Ең дұрысы, сөйлем екі жолдан артық болмауы керек. Қосымша сөйлемдерді қысқартыңыз, үтірдің орнына нүкте қойыңыз. Бастауыш пен баяндауышты басына жіберіп, толықтауышты солардан кейін жазыңыз. Пассив етістер мен ұзына ұзақ құрылымдардан аулақ болыңыз. Бастапқыда бұл сіздің мәтініңізді сұйық етіп көрсетуі мүмкін, бірақ сіздің аналитикалық мәтініңіздің сүбесі – онда айтылған ойлар мен олардың оқырман жүрегіне жетуі. Күрделі құрылымдардан аулақ болукәсібиліктің құрамдас бөлігі.

Сараптамалық аналитиканы қалай жазуға болады?

Негізгі кеңестер:

  • Сөйлемдер екі жолдан артық болмауы керек
  • Күрделі құрылымдардан аулақ болу
  • Ой анық және түсінікті болуы керек
  • «Төңкерілген пирамида» қағидасын ұстану
  • Кіріспе және қорытынды – мақаланың ең маңызды бөліктері
  • Есіңізде болсын: көпшілігі мақаланы толық оқымайды

Сапалы аналитикалық мақала әдетте негізгі ойдың дәлелі, яғни ол осы негізгі ойды толықтыратын, пысықтайтын бірнеше жанама ой болуы мүмкін. Бірақ жалпы, егер сіз  шын мәнінде елеулі де терең зерттеу жүргізуге бел буған болсаңыз, онда сізге бір ойға негізделу керек, өйткені сіздің міндетіңіз біртұтас микрокосм құру, яғни мәселені белгілі бір уақытқа жабатын туынды жазу. Яғни, сіздің жұмысыңызды зерттеп отырған оқырман, иә, мәселе өте терең зерттелген, автордың не айтқысы келгенін мен ұқтым, мен оған сенемін және ол өз ұстанымын қорғауға жеткілікті дәлелдер келтірді деген пайымға келуі тиіс. Терең зерттеу біздің бірнеше ұсақ бөлікке бөлінбей, бүкіл уақытымызды барлық тәсілдермен белгілі бір нақты ойды дәлелдеуге жұмсауымыздың жемісі.

Байланыстар

Жақсы аналитик басқа аналитиктермен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен, шешім қабылдайтын тұлғалармен, басқа да саладағы мамандармен байланыс желісін құруға көп көңіл бөледі, өйткені қай уақытта қай саланың маманы қажет болатынын сен ешқашан білмейсің. Яғни, коммуникабельді болу және таныстық аясын кеңейту қажет.

Жақсы аналитик әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге көп көңіл бөледіжәне өте белсенді пайдаланады. Өз брендін әлеуметтік желілер арқылы таныстырып, танымал болып, аудиторияны қарым–қатынасқа тартады,  сыннан қорықпайды. Ол өзінің бүгін еңбегін ашық жариялап, адамдардың айтқанын мұқият тыңдайды, ол өзінің ең маңызды еңбектерін таныстыру үшін оларды таныстар тізіміне таратумен айналысады. Осылайша, өзін әлеуметтік желілер арқылы танымал ету әрқашан өзін ақтайды.

Жалпы, өз ісінің кәсіпқойы үнемі ізденіс үстінде болады, конференцияларға, семинарларға қатысады,  білімін жетілдіреді, қандай да бір жаңа білім алу, өз аналитикасы мен болжамдарының сапасын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады.

Қалай сұранысқа ие аналитик болуға болады?

  • Тақырыбын шынайы зерттеу
  • Әрбір мәселені толық ашу
  • Ғылыми стандарттарды сақтау
  • Түсінікті жазу
  • Пайдалы таныстар аясын кеңейту (сарапшылар, шенеуніктер, журналистер)
  • Өзін әлеуметтік желілер арқылы таныстыру және аудиторияны пікірталасқа тарту
  • Өз білімін үнемі тереңдету
  • Ағылшын тілін білу

Мақаланы жалпы жұртқа емес, көтеріп отырған мәселеңіз қызықтыратын белгілі бір топқа жазу өтемаңызды. Оқырмандарын «жеке» тану мақала жөнінде көмекші материалдарға жүгінуге болатын форумдарды анықтауға, әлеуметтік желілерде қандай топты «іздеуге»  көмектеседі.

Мақаланың иллюстрациясы да маңыздықосымша болып табылады. Бұл автордың тақырып бойынша сарапшы екенінің және өз ойын сауатты түрде жеткізіп қана қоймай, оны бейнелеп бере алатынының дәлелі. Дайын мәтінді безендіру мен материалды жақсы түсіндіруге арналған кесте, сурет, бейнематериал сияқты құралдар бұған көмек.

Егер сіз емле қатесін тапқан болсаңыз, бізге мәтінді таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басу арқылы хабарлаңыз.

Жүктеу
Басып шығару