Жүктеу
Басып шығару

Эльдияр Арыкбаев: Онлайн–басылымдарына мәтінді қалай жеңіл жазуға болады?

Онлайн журналистикаға жаңадан келгендер көп жағдайда жұмысты неден бастау керегін білмей жатады: мақала неден тұратынын, сөйлемдерді қалай құру керектігін, қандай принциптерді ұстану қажеттігін  білмейді. Маған жас журналистер келгенде олардың шығармашылық құлшынысқа толы болады және күллі әлем олардың үздік туындыларын оқу үшін бәрін тастай жүгіретіндей дайындалады. Сол мезетте көктен лүпілдер мен пікірлер жауып, жасы үлкен әріптестері құрмет көрсетіп, қолдарын қысатындай көрінеді. Шындығында олай емес.

Мақала жазбас бұрын алдымен келесі қарапайым ақиқатты түсінулеріңіз қажет:

Бірінші. Постыңызды оқуға оқырманыңыздың уақыты көп емес. Егер мәтініңіз орташа есеппен бір минут ішінде оқылса –  бұл жақсы нәтиже. Көп жағдайда оқырман тек тақырып аты мен суреттерді ғана қарап өтеді. Бұл тұжырымдарды арнаулы жабдықтың көмегімен  ғаламтор мақалаларын оқып отырған қолданушылардың көздерін бақылау негізінде жүргізген зерттеулер нақтылайды.

Екінші. Сіз оқырман назарын аудару мақсатында басқа контентпен күрес жүргізіп жатырсыз. Басқаша айтқанда, сіздің мәтініңіз әлеуметтік желі қолданушысының дәл сол лентасында мысық суреттерімен, достарының құттықтауларымен бірге орналастырылған. Бұл дегеніміз, сіз о бастан–ақ жеңіліп тұрсыз деген сөз.

Үшінші. Негізі мәтінді жақсы жазу да жеткіліксіз. Сізге тағы оқырман да таба білу қажет. Оқырманның өзі келіп, мәтінімді оқиды деп күтпеңіз. Журналистің ендігі кезектегі шаруасы – түрлі каналдар арқылы аудитория іздеу: мысалы, әлеуметтік желілер немесе пошталық тарату.

Бұл да бір машақат, ойлағаныңыздай оңай емес, солай ғой,  ә? Бәрі де мүмкін, бірақ ғаламторда  контент жасау реалиялары осындай, амал нешік. Ал енді қандай қадамдар жасау керектігін ойластырайық. 

“Төңкерілген пирамида” принципі

Ең бірінші орындалатын нәрсе ол– оқырманның назарын жаулап алу. Бұл орайда бізге мәтін жазу тәсілін ауыстыру амалы көмекке келеді: ең маңыздысын– ең басына қою.

Бұл принципті “төңкерілген пирамида” принципі деп атайды. Әдеттегі пирамида — бұл элементтердің барлық түрі қамтылған әдеби шығарманың хронологиялық баяндамасы. Бірақ біз — жаңалық журналистері — әдебиет мен детектив кітаптарының авторы емеспіз.Егер кісі өлтіруші бағбан болса, ол туралы мақаланың басында ақ хабарлап тастаймыз.

Төңкерілген пирамида. Иллюстрация: IWPR

Тақырып – бұл оқырманның ең бірінші кезекте оқитын нәрсесі. Классикалық жаңалық тақырыбы мақаланың мәнін ашып тұруы қажет және  “не болды?”деген сұраққа жауап беріп тұруы керек. Оған қоса, мазмұнында актив етістігі болып, сөз саны 10–нан артық болмауы қажет.

Енді жаттығып көрейік.


Пресс–релиз мәтіні: Мәскеуде Қырғызстан мен Ресей президенттерінің кездесуі өтті. Тараптар бірлескен ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы айтып, пікір алмасты. Бұл кездесуде мемлекет басшылары Қырғызстанның оңтүстік өңірінде салынатын Ресей авиациалық базасының құрылысы туралы екіжақты келісімшартқа қол қойды. Қырғызстан Республикасының президенті Ресейді ең басты стратегиялық серіктес деп танып,  елдің ЕЭО мүшелігінде болуының маңыздылығын атап өтті. Ресей президенті өз кезегінде қырғыз әріптесінің пікіріне ортақ екенін айтты және жаңа президентін сайлаған Қырғыз халқының таңдауына құрметпен қарайтынын тілге тиек етті.


Мәселен, сізге Қырғызстан мен Ресей президенттері арасында болған кездесу өткендігі тураы пресс–релиз келіп түсті делік.

Мәтінде “мемлекет басшылары өз елдерін стратегиялық серіктес деп танып, ынтымақтастық шаралары жоғары деңгейде өтуін нысанға алған” делінген.

Олар сондай–ақ, “Қырғызстанның оңтүстік өңірінде салынатын Ресей авиациалық базасының құрылысын салу туралы келісті. Ресей президенті сонымен қатар әріптесін мемлекет басшылауазымына ие болғанымен құттықтады ”.

Енді ойналайық: бұл мәтінге тақырыпты қалай қоямыз және хабарламаның мәні не нәрседе? 

Айтарлықтай көп жағдайда журналистер тақырыпқа кездесу фактісінің өзін қоя салады.Шын мәнінде көбіне оқырмандарды қызықтыра бермейді. Президенттер тұрақты түрде түрлі адамдармен кездесіп тұратыны қалыпты жағдай– нәтижесінде ештеңе шешілмесе, мұндай кездесулердің барлығын жазып отыру – біздің мақсатымыз емес.

Оқырман үшін маңызды нәрсе –  кездесу. Соңы немен аяқталды? Бұл сұраққа жауап материалыңыздың тақырыбында жазылып тұруы қажет.

Егер кездесу қорытындысы болмаса және қарым–қатынастарын нығайту мақсатында қосымша кездесу өткізген болса, бұл туралы жазудың да қажеті жоқ шығар. 

Әлбетте, ережеден тыс жағдайлар да болып тұрады, мысалы, кездесудің өзі – жаңалық. Мәселен, ұзақ уақыт бойы араз болып жүрген екі саясаткердің кездесуі.

Нәтижесінде, президенттердің  Қырғызстанның оңтүстік өңірінде салынатын Ресей авиациалық базасының құрылысытуралы екіжақты келісім–шартты қалдырамыз.

Тақырып ойлап табу — бұл нағыз шеберлік, себебі молырақ ақпарат беру мен сілтемені басып, мәтініңізді оқитындай етіп оқырманды қызықтыру арасында баланс ұстап отыру дарындылығы қажет.

Мәтіннің жазылуы 

Бұл кезекте сізге 5W  көмекке келеді– басқаша айтқанда: Кім (Who)? Не (What)? Қайда (Where)? Қашан(When)? Неге (Why)? Мәтінде осы негізгі сұрақтардың барлығына жауап болуы тиіс. Кім қамтылған? Не болды? Қайда болды?  Қашан болды? Неге осылай болды?

Төңкерілген пирамида принципін ұмытпаңыз – бірінші абзацта ең маңызды деген ақпаратты және жуырда болған оқиғаны жазыңыз, соңында шиеленістің алдына болған жағдайларды баяндап, болып жатқан жағдайдың маңыздылығы мен контекстін түсіндіріп өтіңіз.

Өзіңіз сөйлемдерді қарапайым етіп жазуға тырысыңыз, ал күрделі есімшелік орамды немесе көмесшелі тіркес сөйлемді көп дегенде бір мәрте қолдансаңыз болады. Өзіңізді 9 сыныпта оқитын ініңізге мәтін жазып отырмын деп елестетіңіз. Жазған мәтініңізді ініңіз оқып шығып, мағынасын толығымен түсінгені керек.

Абзацтар максимум бір–екі сөйлемнен құралуы шарт. Бір абзац — бір ой. Егер мәтініңіз кірпішті қож–блоктардан тұрса, оқырман тіпті визуалды тұрғыда да мәтінді қабылдай алмайды.

Канцеляризм мен модальдіктен аулақ боламыз, пассив етістіктердің орнына актив етістіктерді таңдаймыз. Егер мәтінде ұзын сандар бар болса, оларды адам қабылдай алатындай етіп ықшамдаймыз.

Егер белгілібір нәрсенің көлем көрсету қажет болса, оқырманыңызға таныс нәрсемен салғастыру арқылы жеткіземіз.  Мысалы, өрт шарпыған аймақ көлемін футбол алаңының санымен салғастыруға болады. Гектар жерлердің кез келген санынымен салғастыруға қарағанда футбол алаңдарымен салыстыру анағұрлым жеңіл.

Адамның көз мәтіннен демалу үшін визуалды элементтер салуға тырысыңыз. Егер мәтін ішіне иллюстрация қосу мүмкіндігі бар болып жатса– қосыңыз, бірақ асыра сілтеп жібермеңіз.  Монитордың бір экранына бір сурет–  қалыпты жағдай.

Егер сурет болмаса, цитаталар көрсетуге немесе тізім жасауға болады.  Олар да мәтінді сұйылта түседі.

Енді міне ғаламтор кеңістігіне мақала жазу туралы түсінігіңіз бар.  Бірақ бұның барлығы әлі де жеткіліксіз. Егер білікті журналист болғыңыз келсе, мақалаларыңыз – кәсіп стандарттарына сәйкес болуы қажет.

Бұл дегеніміз көңіліңіз не қаласа, соны жазуға болады деген сөз емес. Бұл дегеніміз– оқырман назарын аулап қана қоймай, оны құрметтеу және алдамау.  Біз сөзбен айтқанда – нақты әрі анық жазамыз, фактілерді тексереміз, сөз кезегін шиеленіске түсуші тараптың барлығына  береміз, өз ойымызды ортаға салмаймыз.

Ақпаратыңыз жылдам болып қана қоймай, сондай–ақ ең алдымен оның расталған ақпарат болуы екендігін есте сақтаңыз.

 

Қосымша әдебиет:

Өзгерістер үшін алынған репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті журналистерге арналған IWPR нұсқаулығы (орыс тілінде)

 

Егер сіз емле қатесін тапқан болсаңыз, бізге мәтінді таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басу арқылы хабарлаңыз.

Жүктеу
Басып шығару