Фриланс журналистика жолында

"Фриланс журналистика жолында" курсы жайлы

Біздің жаңа курсымыз оқиғаны басынан бастап жазу туралы болмақ: оқиғалар үшін идеялар табу, питчинг, сұхбат, ол оқиғаларды халықаралық платформаларға жарияламас бұрын материалды жазу мен құрылымын жинақтау. Одан өзге курс өз оқиғаларыңыз үшін басылымдар іздеу, журналистерге арналған мүмкіндіктер мен журналистиканың бизнес бағыты сынды модульдерді қамтиды.

Курстың негізгі мақсаты – Орта Азияның жас және тәжірибелі журналистеріне сапалы оқиғаларды жазу амалдарын түсінуге және халықаралық деңгейдегі тәуелсіз журналист болуға көмектесу.

Курс форматы:

Курс 5 негізгі модульді қамтиды:

  • 1 модуль - Кіріспе, идеялар мен басылымдарды іздеу.
  • 2 модуль - Өз оқиғаңды қалай питчтеуге болады.
  • 3 модуль - Журналистік мүмкіндіктер, бизнес пен қаржы.
  • 4 модуль - Сұхбат: дайындық, жүргізу мен шетін тақырыптар.
  • 5 модуль - Оқиға құрылымы мен қорытынды.

Әр модуль келесідей заттарды қамтиды:

  • Видеолекциялар;
  • Мәтіндік ақпарат;
  • Тест тапсырмалар теориялық материалдың игерілуін тексеруге арналған (курстың әр бөліміне 7-10 сұрақтан). Әр курс қатысушысы әрбір курстың жеке модуліне арналған тестті 80%-ға өткен жағдайда ғана оқуды жалғастыру үшін келесі модульге көше алады. Тестті асып бара жатса 10 рет тапсыруға болады. 10 мүмкіндік біткен жағдайда жүйе бұғатталады және қатысушыға курсқа қайта тіркелуге тура келеді. Осыған байланысты егер тесттен өтудің алғашқы талпыныстарыңыз нәтижесіз болса, онда видеосабақтарды, теориялық және практикалық тапсырмаларды қайта қарауды сұраймыз;
  • Курс мазмұны бойынша қорытынды бақылау тесті қарастырылған және оны 80%-ға тапсырған жағдайда қатысушы электрон немесе қатты формадағы сертификат ала алады.

Талаптар

Курс Орта Азияның жас журналистері мен тәуелсіз журналистикаға қызығушылық танытқан журналистерге арналған.

Анықтамалық ақпарат:

IWPR CA-ның “Орта Азияда жаңа медиа мен цифрлы журналистиканы дамыту” жобасы Қазақстан, Қызғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының, ұстаздардың, журналистика факультеттірінің студенттері мен журналистердің жоғары сапалы заманауи цифрлы, бейтарап және объективті контент жасаудағы әлеуетін күшейтуге бағытталған.
Жоба аясында IWPR CABAR.asia Медиамектебінің жаңартылған сайты мен «Фриланс журналистика жолында» модульдік курсын бастап кетті. Курс материалдары тек қана медиамектеп платформасында жарияланады және тек қана курсқа тіркелген қатысушыларға қолжетімді болады. Жоба аясында жасалған курстардың барлығы IWPR СA мүлкі болып есептеледі және IWPR СA шешімі бойынша басқа да жобаларда қолданылуы мүмкін.

  (1)
Оқуды бастау үшін тіркеліңіз
Already have an account?
Сауалнаманы өту

Бағдарлама

  • Кіріспе

    Алғашқы модульде автор сөйлеуді қабылдау жайлы сөз етеді: журналистік оқиға деген не? Тақырып пен оқиғаның айырмашылығы неде? Идеяны қайдан және қалай таба аламыз? Сіздің оқиғаларыңыздың аудиториясы мен платформасын қалай анықтай аламыз?
    Автор: Дидем Тали, тәуелсіз журналист. New York Times, National Geographic, The Guardian, BBC, CNN, MPR NEWS, Financial Times, The Economist және т.б. жазған. Қазіргі уақытта Contently редакторы болып қызмет жасайды, мультимедиа фриланс-журналистикамен айналысады, деректі фильмдер түсіреді.

  • Өз оқиғаңды қалай питчтеуге болады

    Бұған дейінгі модульдерде сіздер жақсы журналистік оқиғаның не екенін және ондай оқиғаны кім жариялай алатынын білдіңіздер. Ендігі келесі кезең – өз идеяңды питчтеуді үйрену және оны дүниежүзі көретініне көз жеткізу. Редакторды электронды пошта арқылы жіберілген дәл сіздің идеяңызды таңдауға қалай сендіруге болады? Таңертеңгі кофені ішіп отырып не өзге электронды хатты қарап отырып редактор сіздің питчке назар аудару үшін не істеу қажет?

  • Журналистік мүмкіндіктер, бизнес пен қаржы

    Бұған дейінгі модульдерден сіздер оқиға жасаудың негізгі бөлімдерін білесіздер. Сізде бірнеше ой бар, байланысатын редакторлар тізімін дайындап қойдыңыз және питч жазуды да білесіз, тіпті сіз бірнеше оқиға жариялап қойдыңыз деп елестетелік. Автор осы модульде көтеретін келесі мәселе – журналистік мансапты қалайша жаңа деңгейге шығаруға болады? Бастама ретінде жарайтын амалдарың бірі – ол халықаралық грантқа өтінім тастау. Дидем Тали сіз журналистерге арналған сондай мүмкіндіктерді таба алатын платформалармен бөліседі. Одан өзге бағдарламаларға арналған өтінімді жақсарту қыр-сырлары мен грант беретін комиссия не нәрсеге назар аударатынын да айтады. Ал модульдің екінші бөлімінде журналистік бизнес пен қаржылық қамтамасыздық туралы ойымен бөліседі. Журналистика – ол есепші де, менеджер де болатын кіші бизнес. Келешекегі қаржылық жинақ сізге жаңа шекараларды асып, қабілеттеріңізді жақсартуға көмектесіп, сізді сұранысқа ие әрі тартымды журналист етеді.

  • Сұхбат

    Сұхбат – сіздің журналистік оқиғаңыздың ең маңызды бөлімдерінің бірі. Бұл модудьлде осы жайлы айтылмақ. Сұхбаттың құнын арттыратын адамды қалай табуға болады? Олармен қалай сөйлескен жөн? Автор сұхбаттың келесідей екі түрін айқындайды: сарапшымен сұхбат және оқиға кейіпкерімен сұхбат. Осы екі түрдің өзара айырмашылықтары қандай? Сұхбат алудың әдіс-тәсілдері қандай? Ерекше шеін тақырыптарға кейіпкерлерді қалай табуға болады? Бұл істе сіздің таныстарыңыз, фейсбук топтар мен ҮЕҰ қалай көмектесе алады? Тағы да Дидем Тали дұрыс сұрақ қою қабілетінің маңыздылығы, «жентек қар» әдісі мен сұхбат этикасы жайлы ой толғайды.

  • Қорытынды

    Оқиға құрылымы қандай? Маңызды сұхбатты қалай жазуға болады?Сапалы зерттеуді жүргізу үшін не істеу керек? Сізге қолжетімді ақпараттың бәрін қалай қолданса болады? Бұл модульде автор көп жағдайда адам назарын тарта қоймайтын жаңалық оқиғасы немесе бизнес, экономика, немесе технологиялар жайлы әңгіме сынды оқиғаларды қызықты әрі тартымды ету тәсілдері туралы айтады. Оған қолжеткізудің амалдары қандай? Дидем Тали айтуынша, тақыры асынан тәуелсіз оқиға адамдарды, олардың эмоцияларын еліктіріп әкетіп, құндылыққа ие болуы керек. Бұл процесс біршама ұзақ, бірақ не болса да оны жылдамдата алатын жалпыға ортақ ережелер бар. Бұл модульдегі осы ережелер жайлы тереңірек айтылмақ.
    Қорытынды сөз ретінде Дидем Тали тәуелсіз журналистика жолындағы қиындықтар жайлы айтты. Оларды айналып өту мүмкін емес. Одан басқа автор сол жолдың өз өміріне деген көзқарасын өзгерткенін де айтып өтті. Дидем міндетті түрде болатын мансаптағы сынақтарға қарамастан, үнемі сіздің бүгін істеп жатқаныңыз қайтарымы мол болатын өзіңе жасалған инвестиция екенін ұмытпауға шақырады.

Оқытушы

Кері байланыс “Фриланс журналистика жолында”

Инкар 11.04.2021
 
Сұхбаттың не екенін,тәуелсіз журналисттерде де қиындықтар кездесетінін түсіндім. Бұл курсты оқи отыра, Дидем Тали атты тұлғаның кім екенін, журналисттің бір мезетте кім бола алатынын білесіздер

Жиі Қойылатын Сұрақтар