#хочуврек (#реккеіліксем): бизнесті ТикТокта ілгерілету жолдары және қалай трендте болу керек?

Курс сипаттамасы:

Бұл курста сіз TikTok платформасымен танысасыз және TikTok-та бизнесті ілгерілетудің ең жақсы және ең нашар мысалдары арқылы бизнес иелеріне контент жасау негіздерін үйренесіз.

Сіз курс барысында қолданба интерфейсін талдап, ілгерілету алгоритмін және аккаунт ұйымдастыру ережесін үйренесіз. Сонымен қатар авторлар TikTok-та контент ілгерілету стратегиясы, контент жасау құралдары мен әдістері және TikTok ұсынымдарына ену мүмкіндігін арттыратын чек-лист бөліседі.

Курс үш модульден тұрады және практикалық тапсырмаларды орындауды ескере отырып, 2 апталық оқуға арналған.  Апталық жүктеме – 3-4 сағат (бөлімнің күрделігі мен өздік жұмысқа байланысты). Модульдер мәтін транскриптері, пайдалы сілтемелер, тексеру сынақтары және өздік жұмысқа арналған тапсырмалары бар 15 минутқа дейінгі бейне-дәрістерден тұрады.


Курс Go Viral жобасының аясында әзірленді. Бұл АҚШ Мемлекеттік департаментінің демеушілігімен, Орталық Азиядағы АҚШ миссияларының қолдауымен және Орталық Азиядағы соғыс пен бейбітшілікті хабарлау институты (IWPR) жүзеге асыратын жоба. Go Viral адамдарға жаңа технологияларды пайдалана отырып, әлеуметтік медиа және жаңа платформалар арқылы ойлап табуға, құруға, өз контентін ілгерілетуге, ақпараттандыруға, көңіл көтеруге және ғаламдық аудиториямен сәтті әрекеттесуге мүмкіндік береді.

 
2 апта
Оқуды бастау үшін тіркеліңіз
Already have an account?
Сауалнаманы өту

Сіз не үйренесіз?

Интерфейс және TikTok жұмыс алгоритмі
Бизнес-аккаунт құру негіздері
TikTok-та контент жасау әдістері
Бейнеге қойылатын техникалық талаптар, лайфхактар
Контент ілгерілету стратегиясы

Бағдарлама

  • Модуль 1

    Бұл модульде сіз қолданба интерфейсін және TikTok алгоритмінің ерекшеліктерін талдайсыз, сондай-ақ TikTok-та аккаунтты (лақап ат, сипаттама, аватар, хэштегтер) қалай дұрыс ұйымдастыруды үйренесіз.

  • Модуль 2

    Бұл модульде сіз ілгерілету стратегиясын құруға арналған құралдар мен ақпаратпен танысып, TikTok-та контент жасау жолдарын үйренесіз.

  • Модуль 3

    Модуль сапалы контент жасауға және оны TikTok-та ілгерілетуге арналған практикалық құралдарға арналған

  • Тест

Оқытушы

Жиі Қойылатын Сұрақтар