Қақтығыс және дағдарыс кезіндегі журналистика

Курс тұжырымдамасы:

Біздің «Қақтығыс және дағдарыс кезіндегі журналистика» курсымыз медиада жұмыс істеп жүрген, әскери және экстремалды журналистика саласында білімін арттырғысы келетін журналистерге арналған.  Курстың басым бөлігі әскери қақтығыс жағдайындағы жұмысты сипаттайды. Сондай-ақ біз революция, саяси дағдарыс, жаппай наразылық, табиғи апат кезіндегі жұмысты қысқаша шолып өтеміз. Курс аясында берілген барлық ақпарат спикердің өз тәжірибесінен алынған.

Тыңдаушы курс соңында қақтығыс ошағындағы іссапарға жақсырақ дайындала алады, майдан шебін өтетін сапарды логистикалық тұрғыдан жоспарлап, баспана табуды және тұрақсыздық жағдайда көлік пен байланысты қалай қамтамасыз ету керегін үйренеді.

Сондай-ақ сіз қақтығыс құрбандарының жарасын қайта тырнамай, сәтті сұхбат алуды, шиеленіс кезінде ақпаратты тексеру дағдыларын меңгеріп, өзіңіздің физикалық және психологиялық қауіпсіздігіңізге қамқор бола аласыз.

Курстан өту журналистің қақтығыс ошағындағы қауіпсіздігіне кепілдік бермейді!

Курс форматы: Бұл курс 5 модульден тұрады. Оқу 4 өту мүмкіндігі бар қорытынды тестпен аяқталады. Лимит шегіне жетсеңіз, жүйеге кіру бұғатталып, сізге курсқа қайта тіркеліп, материалдарды тағы бір мәрте өту қажет болады.

Курс 2 апталық оқуға арналған. Апталық жүктеме: 2-3 сағат. Қаласаңыз, курсты төрт рет өтуге болады. Курсты толық аяқтағаннан кейін электронды сертификат беріледі.


Курс материалдары Медиамектеп платформасына орналастырылады және тек курсқа тіркелген қатысушыларға қолжетімді. Жоба аясында жасалған барлық курстар IWPR CA меншігі және IWPR CA қалауы бойынша басқа жобалар үшін пайдаланылуы мүмкін.

  (2)
2 апта
Оқуды бастау үшін тіркеліңіз
Already have an account?
Сауалнаманы өту

Сіз не үйренесіз?

Соғыс пен дағдарыс шарпыған елге қалай кіруге болады?
Қақтығыс ошағына іссапарға қалай дайындалу керек?
Қақтығыс ошағында жұмыс істеу үшін журналиске не қажет?
Қысқа және ұзақ сұхбат әдістері. Соғысқа қатысушылардан не оның құрбандарынан қалай дұрыс сұхбат алу керек?
Жалған ақпарат қалай пайда болады? Ақпараттың дұрыстығын қалай тексеруге болады?
Журналистің физикалық және психологиялық қауіпсіздігі

Бағдарлама

  • Модуль 1

    Бірінші модульде сіз қақтығыс ошағындағы іссапарға қалай дайындалу керегін үйренесіз: шиеленіс аймағында жұмыс істеу үшін қандай құжаттар мен заттар қажет. Risk-management дегеніміз не, дұрыс киім, құрал-жабдық пен қорғаныс құралдарын қалай таңдау керек?

  • Модуль 2

    Бұл модуль қақтығыс ошағына сапарға арналған. Сіз жол қауіпсіздігін бағалауды, бақылау бекеттерінде өзін дұрыс ұстауды, майдан шебін өтіп, елді мекендер арасында жүруді үйренесіз. Сондай-ақ соғыс, дағдарыс, табиғи апат орын алған елге қалай кіруге болатынын анықтайсыз. Дағдарыс кезінде баспана, байланыс және көлік табу үшін не қажет?

  • Модуль 3

    Үшінші модульде сіз соғысқа қатысушылардан не оның құрбандарынан дұрыс сұхбат алуды үйренесіз. Ретравматизация деген не және қалай оның алдын алуға болады? Қысқа және ұзақ сұхбат әдістері. Әңгімелесу орны, уақыты және тілін таңдау.

  • Модуль 4

    Дағдарыс жағдайында ақпаратты тексеру. Жалған ақпарат қайдан шығады? Сыбыс, моральдық дүрбелең, үгіт-насихат. Ақпараттың сенімділігін қалай анықтауға болады? OSINT – ашық деректерді талдау

  • Модуль 5

    Журналистің қақтығыс ошағындағы физикалық және психологиялық қауіпсіздігі. Бесінші модульде сіз өз жағдайыңызды бағалауды үйренесіз. Жұмыс, демалыс, ұйқы режимі. Қақтығыс ошағына барудың оңтайлы уақыты қандай, зақымсоңы стресс бұзылуы (ПТСР) дегеніміз не және қалай оның алдын алу керек? Сіз сондай-ақ төтенше жағдайда жұмыс істейтін журналистерге көмектесетін ресурстар туралы ақпарат аласыз.

  • Тест

Оқытушы

Кері байланыс “Қақтығыс және дағдарыс кезіндегі журналистика”

Аймарал 11.07.2023
 
Барлығы түсінікті
Aigerim 29.04.2023
 
Керемет курс болды😊. Көп нәрсе үйрендім. Барлығыңызға қатысуға кеңес беремін.
Ғазиза 27.04.2023
 
Маған өте қатты ұнады бұл сабақ
Диляра 08.04.2023
 
Курс өте пайдалы , түсінікті тілде . Маған ұнады , тағы жалғастыратын боламын

Жиі Қойылатын Сұрақтар