Пропаганда дегеніміз не және оны қалай тануға болады?

Курс сипаттамасы

Бұл курс пропаганда тақырыбына арналған. Курстың негізгі мақсаты – пропаганданы анықтау әдістерін және оларға қарсы тұру жолдарын үйрету. Курс пропаганданың белгісі, қазіргі уақыттағы пропаганданың мақсаты мен түрлерін анықтау мәселелерін ашады, сыни ойлау машығын дамытады. Курс қатысушысы пропаганда ұғымымен танысумен қатар, пропагандалық материалдарда қандай нарратив бар екенін анықтауды үйренеді. Пропаганда дәстүрлі БАҚ контекстінде де, яғни теледидар, басылымдар сияқты және пабликтер, әлеуметтік желілердегі парақшалар секілді цифрлық құралдар контекстінде де талданады. Сондай-ақ курста әртүрлі деңгейдегі пропагандаға қарсы тұру жолдары қарастырылады.

Бұл курс:

  • Пропаганда дегеніміз не, оның мақсаты мен түрлері қандай екенін 
  • Пропаганданы тануға көмектесетін оның негізгі әдістері мен белгілерін тануға
  • Нарративтерді пропаганданың құралы ретінде тануды
  • Дәстүрлі медиа мен цифрлық платформаларда пропаганданың қалай көрініс табатынын түсінуге
  • Соғыс кезіндегі пропаганданың ерекшеліктерін және оның негізгі нарративтерін білуге
  • Жеке, журналист қызметінде және қоғамдық өмірде пропагандаға қарсы тұруды үйретеді.

Курс аудиториясы

Курс Орталық Азиядағы жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген жас сарапшылар мен журналистерге, медиа мамандарына арналған.

Курс форматы

Курс бес модульден тұрады және 5 апталық оқуға арналған.  Курс бойынша апталық жүктеме – 2-3 сағат (бөлімнің және практикалық тапсырмалардың күрделілігіне байланысты). Курста анық мәтіні бар қысқаша бейне дәрістер, мәтіндік ақпарат, үлестірмелі материалдар мен өздік жұмысқа арналған тапсырмалар бар. Курс аясында сіздерге пропагандалық науқандар мен олардың элементтері бар көрнекі мысалдар ұсынылады. Курста 80%-дық қорытынды тест бар. Сізге сынақтан өтуге 10 мүмкіндік беріледі. Әрекеттер шегі таусылған жағдайда жүйе бұғатталып, сізге курсқа қайта тіркелу қажет болады. Сондықтан біз қатысушыларға тесттің алғашқы сәтсіз әрекеттерінен-ақ курс материалдарын қайта шолып шығуға кеңес береміз. Қаласаңыз, курсты төрт рет қайта өте аласыз.

 
5 апта
Оқуды бастау үшін тіркеліңіз
Already have an account?
Сауалнаманы өту

Сіз не үйренесіз?

Пропаганда дегеніміз не, оның мақсаты мен түрлері қандай?
Пропаганданың негізгі әдістері
Пропаганданың нарративтері мен оларды тарату принциптері
Соғыс кезіндегі пропаганданың ерекшеліктері қандай?
Жеке және қоғамдық деңгейде пропагандаға қалай қарсы тұруға болады?
Пропаганда құрбаны болмауы үшін журналистер мен сарапшыларға 10 кеңес

Бағдарлама

Оқытушы

Жиі Қойылатын Сұрақтар