Жоба жайлы

Сәлем! CABAR.asia Мектебіне қош келдіңіздер!

CABAR.asia Медиамектебі – IWPR Central Asia медиаұйымының медиа, коммуникация және сарапшылық аналитика салаларында дамығы келетін жандарға арналған білім беру платформасы.

IWPR Орта Азиядағы өкілдігі аймақ елдеріндегі БАҚ әлеуетін, тәуелсіз журналистер мен азаматтық қоғам институттарының әлеуетін түрлі білім беру бағдарламалары арқылы арттыруда.

Енді аталмыш ресурс қалауы бар барлық жанға жиналған тәжірибе мен материалдарды қолжетімді етуде.

Бейнесабақтар мен әдістемелік мақалалар

CABAR.asia медимектебінің сайтында бірқатар бейнесабақтар мен әдістемелік мақалалар бар. Олар сіздің журналистика, коммуникация саласындағы, аналитика мен жаңа медианың түрлі бағыттарындаға біліміңізді арттыруға себепкер болады. Бұл материалдар орыс тілінде әрі аймақтағы төрт жергілікті мемлекеттік тілдерде де берілген. Материалды жақсырақ игеру үшін көп сабақтың соңында қосымша тапсырмалар бар, ал кейбіреулерінде тексеріс үшін тестіден өтуге болады.

Ұсынылған материалдардың авторлары – Орта Азия елдерінің, сонымен қатар Шығыс Еуропа елдерінің өз салаларындағы сарапшылары мен білікті мамандары. Сіз ол материалдармен «Бейнесабақтар» бөлімінде таныса аласыз.

Дистанционды курстар

Білім беру платформасының қолданушылары материалдарды еркін түрде игеруден басқа түрлі онлайн-курстардан өту мүмкіндігіне ие. Олар материалдар кезең-кезеңімен берілетін дистанционды оқу қағидасы бойынша құрылған. Өтілген материал тестілер арқылы тексеріледі. Сондай-ақ орындау үшін үй тапсырмасы беріледі. Онлайн-курстардың толық циклі игерілгеннен кейін Орта Азиядағы IWPR өкілдігі дистанционды курсты өткендігін растайтын ресми атаулы сертификат береді.

«Онлайн-курстар» бөліміне өту

Тренингтер мен шеберлік сағаттарының анонстары

Орта Азиядағы IWPR өкілдігі БАҚ қызметкерлері, оқытушылар, журналистика факультеттерінің студенттеріне және азаматтық қоғам мен мемлекеттік орган өкілдеріне арналған өзінің дәстүрлі тренингтерін баяғынша өткізуде. Олар Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстанның әртүрлі қалаларында тұрақты түрде өтуде.

Одан өзге тренингтерден басқа CABAR.asia Медиамектебінің аясында аймақтың немес шетелдік кәсіби мамандар белгілі бір тақырып аясында тәжірибесімен бөлісетін шеберлік сағаттары да өткізіліп отырады.

Сіздер жоспарланған тренингтер мен шеберлік сағаттарын аталмыш веб-сайттың басты бетіндегі «Келе жатқан іс-шаралар» бөлімінде бақылап отырасыз әрі қатысуға өтініш тастай аласыз. Одан өзге анонстар CABAR.asia Медиамектебінің FacebookInstagram және Telegram әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланып отырады.

Өткен тренингтер жайлы толығырақ мәлімет алу үшін «Жаңалықтар» бөліміне өте аласыз.

Электронды кітапхана

«Оқулықтар» айдарында IWPR соңғы 20 жылда шығарған барлық оқу құралдар мен әдістемелік нұсқаулықтардың электронды нұсқалары жарияланған. Олардың арасында репортерларға журналистиканың халықаралық стандарттарына сай жұмыс істеуге көмектесетін «Өзгеріс үшін жасалған репортаждар: дағдарыс аймағындағы жергілікті журналистерге арналған нұсқаулық» немесе журналистік тергеулермен айналысатын жандардың қойын кітабына арналған «Оқиғаға негізделген зерттеу: журналистік тергеулер жасауға арналған нұсқаулық» кітаптары бар.

Бұл айдарда оқулықтардан бөлек IWPR Орта Азияның әртүрлі елдерінде жүргізетін медиа саласындағы барлық дерлік жаңа зерттеулер жарияланған.

«Оқулықтар» бөліміне өту.

CABAR.asia Медиамектебі Әлеуметтік желілерде

CABAR.asia Медиамектебінің әлеуметтік желілердегі парақшалары – IWPR Central Asia қызметкерлері пайдалы кеңестерді, ерекше атқарымдар мен медиа саласындағы су жаңа тенденцияларды жариялайтын қосымша алаң. CABAR.asia Медиамектебінің әлеуметтік желілердегі жаңалықтары өз оқырмандарының лентасын пайдалы әрі маңызды ақпаратпен байыта түседі.

CABAR.asia Медиамектебінің FacebookInstagram және Telegram. парақшаларына тіркелу

IWPR жайлы

«CABAR.asia Медиамектебі» білім беру платформасы Орта Азиядағы IWPR өкілдігінің бастамасымен 2018 жылдың соңында іске қосылған. IWPR – жергілікті БАҚ, тәуелсіз журналистер мен сөз бостандығына қолдау көрсететін халықаралық бейкоммерциялық медиаұйым. IWPR бағдарламалары Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс, Кавказ, Африка, Орталық Америка мен Оңтүстік-шығыс Азия елдерін қоса алғанда әлемнің 30 мемлекетінде жүзеге асуда. Орта Азиядағы өз қызметін IWPR 1999 жылдан бастап атқаруда.