Экономика қалай креатив болды?

Курс туралы

Экономика неліктен креатив болуы керек? Бизнес қай уақытта шығармашылыққа айналады? Неліктен шешім емес, мәселе іздеу керек? Зияткерлік меншік құн тізбегімен қалай байланысты? Осы және өзге де сұрақтарға «Экономика қалай креатив болды?» кіріспе онлайн-курсын өту арқылы жауап табасыз.

Курс студенттерге, Орталық Азия елдерінің шығармашылық кәсіп иелеріне (цифрлық контент жасаушылар, дизайнерлер, музыканттар, театралдар, кинематографистер, қолөнершілер, маркетологтар) және аралас пән өкілдері (продюсерлер, арт-менеджерлер, баспагерлер, журналистер, заңгерлер) үшін қызық болады.  

Мақсат

Кіріспе курстың мақсаты – креатив экономиканың қарқынды дамып жатқан әлемінде бағдар ұсыну, атап айтқанда:

- әлемдік тәжірибе және Орталық Азия елдерінің кейстері бойынша креатив индустрия түсінігін, ерекшеліктері мен әлеуетін таныту;

- креатив экономиканың негізгі қозғаушы күші – креатив кәсіпкерлік туралы айту;

- өзіңізді осы жаһандық қозғалыстың бір бөлігі ретінде тануға және талант, идея мен білімге негізделген жеке бастамаларыңызды дамыту мүмкіндіктерін көруге көмектесу;

- аймақтағы керек креатив қауымдастықтарды табуға көмектесу.

Курстың нәтижесі: курсты аяқтағаннан кейін сіз креатив экономика дегеніміз не, Орталық Азияда қандай креатив индустриялар дамып жатқаны туралы нақты түсінікке ие боласыз; креатив экономика мүшелері үшін қандай мүмкіндіктер мен қиындықтар бар, кәсіпкерлік сананы қалыптастыру және креатив индустрияда мансаптық және бизнес-стратегияларды жүзеге асыру үшін қалай жаңа машықтарды меңгеруге болатынын білесіз.

Курстың форматы

Курс 3 модульден тұрады және 2 апта оқуға арналған. Білім алушылардың курс бойынша апталық жүктемесі – 3-4 сағат (бөлімнің күрделілігіне және өзіндік жұмыс көлеміне байланысты). Модульдер ұзақтығы 13 минутқа дейінгі бейне-дәрістерден, лекциялардың мәтіндік конспектілерінен, пайдалы сілтемелер, әр модульге арналған тексеру тестінен және өзіндік жұмыс тапсырмаларынан тұрады.


Курс Go Viral жобасының аясында әзірленді. Бұл АҚШ Мемлекеттік департаментінің демеушілігімен, Орталық Азиядағы АҚШ миссияларының қолдауымен және Орталық Азиядағы соғыс пен бейбітшілікті хабарлау институты (IWPR) жүзеге асыратын жоба. Go Viral адамдарға жаңа технологияларды пайдалана отырып, әлеуметтік медиа және жаңа платформалар арқылы ойлап табуға, құруға, өз контентін ілгерілетуге, ақпараттандыруға, көңіл көтеруге және ғаламдық аудиториямен сәтті әрекеттесуге мүмкіндік береді.

 
2 апта
Оқуды бастау үшін тіркеліңіз
Already have an account?
Сауалнаманы өту

Сіз не үйренесіз?

Креатив экономика дегеніміз не?
Әлемдік тәжірибе мысалында креатив экономика қалай жұмыс істейді?
Креатив кәсіпкерлік дегеніміз не?
Кәсіпкерлік сананы қалыптастыру үшін жаңа машықты қалай меңгеруге болады?
Елдік кейс: Креатив Қырғызстан
Креатив экономика мүшелерінің мүмкіндігі мен сынағы неде?

Бағдарлама

Оқытушы

Жиі Қойылатын Сұрақтар