Cabar School Мақалалар Тест: Орталық Азия елдеріндегі интернет-цензураның ерекшеліктері туралы не білесіз? 19.02.2021 Бөлісу Біз әлеуметтік желілердеміз Instagram Facebook Telegram Жаңартуларға жазылыңыз Media School Cabar.asia ЖүктеуБасып шығару Тест: Орталық Азия елдеріндегі интернет-цензураның ерекшеліктері туралы не білесіз? Тест: Орталық Азия елдеріндегі интернет-цензураның ерекшеліктері туралы не білесіз? Орталық Азия елдерінде әлеуметтік, ұлттық, тайпалық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырумен, соғысты, экстремизмді насихаттауда, билікті басып алуға шақыруды таратуда ұсталған интернет қолданушыларға қатысты өте ауыр жаза қарастырылған. Алайда кейде интернеттегі әлдеқайда зиянсыз әрекеттер де билік пен құқық қорғау органдарының назарын аударуы мүмкін. Тесттен өтіп, интернет қолданушыларына қатысты заңды тұзақтар туралы қаншалықты білетіндігіңізді анықтап көріңіз. Мына жағдайды елестетіп көріңізші: сіздің елдің үш аймағы техногендік апат салдарынан болған тасқын судан зардап шекті. Мыңдаған үй қирап, көптеген адамдар баспанасыз қалды. Президент мемлекет зардап шеккендерге өтемақы төлейді, сонымен қатар жаңа үйлер салып береді деп уәде берді. Бірақ жарты жыл өтсе де, уәделер орындалмады. Әлеуметтік желілердегі осы жағдайға шағымданғысы келетіндерді тәртіп сақшылары ұстап әкетіп, бірнеше тәулік қамауда ұстайды. Енді сұрақ: сіз Орталық Азия елдерінің қайсысында тұрасыз? Қазақстанда Қылмыстық кодекстің толық бір бабы тұңғыш президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетін интернеттегі шабуылдардан қорғауға арналған. Сіздің ойыңызша, Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізетін хабарлама жазған интернет қолданушысы жазбасы үшін түрмеге қамалуы мүмкін бе? Қырғызстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері блогерді өзінің постындағы пікірлер үшін жауапқа тарта ала ма? Өзбекстандағы адамдар наразылық акциясына шақырғаны үшін түрмеге жабылуы мүмкін деген рас па? 2020 жылы Қырғызстанда «қызыл аймақта» жұмыс жасайтын дәрігерлер әлеуметтік желілерде жоғары сапалы қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істейтіндерін айтып, еңбек жағдайларына шағымданған бейнелерін қалдырды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті дәрігерлерді тауып, оларды сөздерді теріске шығаруға және «жалған ақпарат таратқаны үшін» кешірім сұрауға мәжбүр етті. Сіздің ойыңызша, қауіпсіздік күштерінің әрекеттері заңды болды ма? Өзбекстан американдық Sandvine компаниясынан интернет-трафикті сүзуге арналған жабдықты арнайы сатып алды. Бұл жабдықты веб-сайттар мен мессенджерлерді бұғаттауға және интернеттегі цензураға пайдалануға болады. Бұл рас па, жоқ па? Тәжікстанда әр уақытта «Одноклассники», «ВКонтакте», Facebook, Instagram, YouTube желілеріне кіруге тыйым салынды, сонымен қатар Google іздеу жүйесіне кіру шектеулі болды деген рас па? Қазақстанда интернет қолданушысын лүпіл үшін жауапқа тарта ма? Жақсы нәтиже…интернеттегі сөз бостандығы бос тіркес емес көрші ғаламшар үшін. Жаман емес, бірақ егер сіз әлеуметтік желіде белсенді болсаңыз, бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. Тамаша! Сіз интернеттегі қандай әрекеттер биліктің қудалауына әкелуі мүмкін екенін жақсы білесіз. Егер сіз емле қатесін тапқан болсаңыз, бізге мәтінді таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басу арқылы хабарлаңыз. Бөлісу Біз әлеуметтік желілердеміз Instagram Facebook Telegram Жаңартуларға жазылыңыз Media School Cabar.asia ЖүктеуБасып шығару