Тиімді коммуникация. Құқық қорғаумен айналысатын Үкіметтік емес ұйымдарға арналған практикалық нұсқаулық

IWPR Орталық Азиядағы жұмысын адам құқықтарымен байланысты мәселелерді ортақтасып, анағұрлым тиімді шешуде құқық қорғаушылар мен журналистердің күшін біріктіруге бағыттап отыр. «Тиімді коммуникация. Құқық қорғаумен айналысатын Үкіметтік емес ұйымдарға арналған практикалық нұсқаулық» – орталықазиялық аймақта қызмет ететін құқық қорғаушылар үшін жасалған бірегей ресурс. ОА жетекші мамандары құқық қорғаушыларға қызметінің тиімділігін арттыру үшін бұқарамен жұмыс істеу жолдарын көрсетеді. Кітаптың қосымшаларында ақпарат құралдарымен жұмыс істеу стратегияларының нақты үлгілері бар, оларды әр ҮЕҰ өз қызметіне бейімдеп алуына және пайдалануына болады. Басылым «Орталық Азиядағы БАҚ көмегімен адам құқықтарын қорғау және құқық қорғау жөніндегі сауаттандыру» жобасы аясында әзірленді. Жобаны IWPR Еуропалық Комиссияның қаржыландыруымен жүзеге асырады.
Басылымды түрлі тілдерде мына сілтемелер арқылы жүктеп алуға болады: