Жаңа медиа бойынша курстар жинағы. Журналистикадан сабақ беретін оқытушыларға арналған әдістемелік құрал.
Аталмыш құрал журналистика факультеттерінің оқытушылары мен медиатренерлерге арналған «Жаңа медиа журналистикасы» бағдарламасының әдістемелік нұсқаулығы.
Жинақ жаңа БАҚ-та жұмыс істеу ерекшеліктеріне, Желідегі табысты ақпараттық материалдар жасау шарттары мен талаптарына, интернет-журналистердің жұмыс істеу тәсілдері мен қағидаларына арналған жеті курсты қамтиды. Әр курс оқытушыларға арналған теориялық материалдар мен тақырып аясындағы видеосабақтардан тұратын дәрістерге бөлінген. Қамтылған материалдарды бекіте түсу үшін әрбір сабақта семинар және тәжірибе сабақтарға арналған тапсырмалар бар.
Аталмыш жарияланым Attribution-ShareAlike 3.0 IGO (CC-BY-SA 3.0 IGO) (https:// creativecommons.org/licenses/by-nc-sa/4.0/deed.en) лицензиясымен жалпыға қолжетімді болып отыр.
Осы жарияланымда айтылған көзқарастар мен пікірлер үшін жауапкершілік авторларға жүктеледі. Олардың көзқарасы IWPR ресми ұстанымымен ұштаспауы мүмкін және ұйымға ешқандай жауапкершілік артпайды.
Аталмыш жарияланым Ұлыбританияның Қырғызстандағы елшілігінің техникалық қолдауымен дайындалған. Жарияланым материалдары Елшіліктің ресми көзқарасын көрсетпейді.
[su_document url="https://school.cabar.asia/wp-content/uploads/2021/10/sbornik_kazahstan_kz_web.pdf" width="460" height="480"]