Адам құқықтары адвокациясының ерекшеліктері: ілгері деңгей

Курс не туралы?

Сіз курс барысында Орталық Азия елдерінің әрқайсының ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық және халықаралық деңгейде адам құқықтары адвокациясы негіздерімен танысасыз. Сіз адам құқықтары адвокациялық науқандарын жоспарлауды үйренесіз: еліңіздің мемлекеттік және жергілікті деңгейде шешім қабылдау архитектурасы, адвокациялық ұсыныстарыңызды қадағалау, адвокациялық науқан нұсқалары. Сіз шешім қабылдаушылармен қалай қарым-қатынас құрып, қалай жүргізу керегін түсінесіз, сондай-ақ адвокациялық науқанды ақпараттық қолдау жолын білесіз.

Курстың мақсаты

«Адам құқықтары адвокациясының ерекшеліктері: ілгері деңгей» қатысушыларға адвокациялық қызметті тереңірек түсінуге және адам құқықтары адвокациясы науқанын жүргізудің құралдары, әдістері мен тәсілдерін үйренуге көбірек тәжірибе береді.

Курс аудиториясы

Курс адвокациялық қызмет негіздері бойынша тәжірибесі немесе білімі бар құқық қорғаушыларға арналған. Адвокациялық тәжірибесі жоқ адамдарға алдымен «Адвокация негіздері» курсын өту ұсынылады.

Сондай-ақ бұл курс журналистерге, азаматтық қоғам ұйымдарымен бірлесе жұмыс істейтін заңгерлерге, құқық қорғау ұйымдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметкерлерге, әсіресе азаматтық қоғаммен немесе халықаралық адам құқықтары механизмдерімен жұмыс істейтін тұлғаларға пайдалы болуы мүмкін.

Курс нәтижесі

Сіз курс соңында адам құқықтары адвокациясы науқанының мақсаттары, мазмұны мен құрылымы туралы нақтырақ түсінікке ие боласыз, сәтті адвокациялық науқандардың мысалдарымен танысасыз, шешім қабылдаушы тұлғалармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйренесіз және өз жұмысыңыздың әсерін бағамдап, қауіпсіз адвокациялық науқан жүргізу үшін ескеру қажет аспектілерді білесіз.

Курс форматы

Курс 5 модульден тұрады және 2-3 апталық оқуға арналған. Қатысушылардың апталық жүктемесі бөлім күрделілігіне және өздік жұмыс көлеміне байланысты – 2-3 сағат. Модульдер ұзақтығы 13 минутқа дейінгі видео-дәрістер, лекциялардың мәтіндік конспектілері, жеке орындайтын тапсырмалар мен қорытынды тестен тұрады.

Курс адам құқықтарын қорғаудың барлық мәселелеріне дайын шешімдер ұсынбайды. Оның мазмұны автордың практикалық тәжірибесіне негізделген.


Курс «Азаматтық қоғам Қазақстан үшін» (CS4K) жобасының аясында әзірленді, оны Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен Соғыс және бейбітшілікті баяндау институты (IWPR) Ұлттық және халықаралық даму бастамалары институтымен (INMIR) бірлесіп жүзеге асырды. Жоба азаматтық қоғамның күш-жігері арқылы Қазақстандағы негізгі бостандықтар мен құқықтарды ілгерілетуге бағытталған. Жобаның маңызды құрамдастарының бірі – азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуетін арттыру және оқыту.

Бұл материалды Еуропалық Одақ қаржыландырған. Оның мазмұны IWPR-дың жауапкершілігі және Еуропалық Одақтың көзқарасын көрсетпейді.

 
3 апта
Оқуды бастау үшін тіркеліңіз
Already have an account?
Сауалнаманы өту

Сіз не үйренесіз?

Адам құқықтарын қорғаудың негіздері
Адвокация стратегиясының мақсаттарын анықтау және таңдау
Ақпараттық-насихаттық науқанның табыстылығын оны жүзеге асыру кезінде және одан кейін өлшеу әдістері
Табысты адвокация науқандарының мысалдарын талдау
Адвокация науқандарын жоспарлау: мақсаттары, құрылымы, кезеңдері

Бағдарлама

Оқытушы

Жиі Қойылатын Сұрақтар