Климаттық білім және коммуникация негіздері

Курстың мақсаты – БАҚ өкілдеріне, блогерлерге немесе жаңа бастап жатқан белсенділерге климаттың өзгеруі туралы қалай дұрыс коммуникация құрып және жазу керектігін түсінуге көмектесу, атап айтқанда: 

  • климат өзгерісіне тағы қандай тақырыптардың қатысы бар
  • қандай терминдерді біліп, сауатты қолдану керек
  • болашақ материалдарға ғылыми базаны қайдан табуға болады
  • климаттың өзгеруі әлемде және Орталық Азия аймағында қалай көрінеді
  • қандай шаралар жұмсартуға және бейімделуге көмектесе алады
  • болашақ материалдарды құрылымдау бойынша кеңестер
  • климаттық саясат дегеніміз не және неліктен ол туралы жазу керек

Нәтиже: 

Бұл курсты өту сізге «климаттың өзгеруі» түсінігін, оның себептері мен салдарын түсінуге, осы жаһандық құбылысқа қатысты заманауи тақырыптардың әртүрлілігін құрылымдауға және ең бастысы, оның жағымсыз салдарын қалай азайтуға немесе қалай бейімделуге болатынын анықтауға ​​көмектеседі. Сіз оқу барысында климаттың өзгеруінің әлемге жаһандық және жергілікті деңгейде қалай әсер ететінін, климаттық саясаттың не екенін және оның барлық елдер үшін неліктен маңызды болып отырғанын білесіз, сонымен қатар ең негізгі терминдерді үйренесіз. Пайдалы ресурстар, кеңестер мен климатқа қатысты сапалы материалдарың үлгілері сізге идеялар мен үлкен аудиториямен байланысудың мысалдарын көрсетеді. Курс бұрынғы тақырыптарды жаңа көзқараспен қарастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар маңызды ақпараттық материалдарды ғана емес, толық медиа жобаларды тиімді ілгерілету үшін білім мен құралдар береді. 

Формат: 

Оқу курсы 3 модульді қамтиды және 1,5-2 апталық оқуға арналған. Білім алушының апталық жүктемесі бөлімнің күрделілігіне және өзіндік жұмыс көлеміне байланысты 2-3 сағат. Қаласаңыз, берілген әдебиеттер тізімі мен сілтемелерді пайдаланып біліміңізді арттыра аласыз. Модульдер ұзақтығы 13 минутқа дейінгі видео-дәрістерден, графиктер мен статистикасы бар лекцияның мәтіндік конспектілері, сонымен қатар өздік тапсырмалар мен қорытынды тестен тұрады. 

  (2)
2 апта
Оқуды бастау үшін тіркеліңіз
Already have an account?
Сауалнаманы өту

Сіз не үйренесіз?

Климаттың өзгеруі дегеніміз не?
Климаттың өзгеруі әлемде және Орталық Азия аймағында қалай байқалады?
Климаттың өзгеруі қалай әсер етуі мүмкін?
Климаттың өзгеруінің әсерін азайту үшін қандай шаралар қолдануға болады?
Климаттық саясат дегеніміз не?
Негізгі терминдер, пайдалы ресурстар, кеңестер мен климат бойынша сапалы материал мысалдары

Бағдарлама

Оқытушы

Кері байланыс “Климаттық білім және коммуникация негіздері”

Ләзиза 16.10.2024
 
Маған өте қатты ұнады!
Сайдрахман 15.10.2024
 
Ғылыми зерттеулер мен өңірлік мәселелерді талқылау үшін жақсы платформа 👍🏻

Жиі Қойылатын Сұрақтар