Журналистік материалдарда бала құқығы туралы қалай жазуға болады?

Курстың сипаттамасы: Бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе цифрлық арналар бала мен балалық шаққа қатысты мәселелерді жариялау кезінде бала құқығының маңыздылығы мен балаларға арналған  онлайн және офлайн режимде қауіпсіз орта қалыптастыру қажеттілігі туралы ақпараттарды кеңінен таратуда ерекше рөлге ие.

Журналистер өздерінің журналистік қызмет барысында бала өмірі мен оның әл-ауқатына қатысты тақырыптарды қозғағанда балаларға арналған жағдайлардың осал тұстарын есте ұстағандары дұрыс. Заманауи журналистикада әсіресе қақтығыстар, кедейлік және көші-қон мәселелері COVID-19 жағдайының салдарынан күрделенуін есере отырып, бала құқығын жүзеге асыруда келтірілетін кедергілерді болдырмау жолдарын қарастыру керек.

Бұл курс балалар мен балалық шаққа қатысты тақырыптарды БАҚ-та жариялау ережелері мен ерекшеліктеріне арналған. Курста сіз журналистерге арналған бала құқығының негіздерін үйренесіз. Сонымен қоса, біз бала мен балалық шақ туралы материал дайындау барысында этикалық аспектілер мен сезімталдық тілді қолдану ережелері туралы айтатын боламыз.

Курстың мақсаты: Балалар мен балалық шаққа қатысты мәселелерді жариялау саласындағы жас журналистер мен тәжірибелі журналистердің, блоггерлер мен инфлюенсерлердің әлеуетін арттыру.

Бұл курс…

  • БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын оқуға;
  • Журналистиканың бала құқын қолдаудағы пәрменділігін анықтауға;
  • Бала мен жасөспірімдер туралы оқиғалармен жұмыс жасау арқылы журналистиканың бала құқын қалай нығайтуға болатынын түсінуге;
  • Балаға қатысты мәселелер бойынша ақпарат жариялаудың этикалық аспектілерін қарастыруға;
  • Бала мен балалық шақ туралы материал жазу кезінде сезімталдық тілді қолданудан бас тартуға көмектеседі.

Курстың форматы

Курс 3 модульден тұрады және бөлімнің күрделілігіне байланысты жалпы жүктемесі 3-4 сағатты құрайтын 1 апталық оқуға арналған.

Әрбір модуль мәтіндік форматтағы аудио транскрипциясымен 15 минутқа дейінгі бейне-дәріс пен теориялық материалды игеруді тексеруге арналған әр модуль бойынша жеке тексеру тесттерін қамтиды (курстың әр бөлімінде 10 сұраққа дейін берілген).

Келесі модульге өту үшін әрбір модульдің тексеру тестінің кемінде 80%-ын тапсыру керек. Тестті тапсыруға 10 ретке дейін мүмкіндік берілген. Егер әрекеттер шегі таусылған болса, жүйе бұғатталады және курсқа қайта тіркелу қажет. Тест тапсырмаларын тапсыруда алғашқы сәтсіз әрекеттер болған жағдайда берілген курс материалдарын қайта өтуге кеңес береміз.

Егер қаласаңыз курсты төрт рет қайталап өте аласыз.

Аудитория 

Курс бұқаралық ақпарат құралдарында бала мен бала құқықтары туралы мазмұнды ілгерілетуге мүдделі кең аудиторияға арналған. Жас журналистер мен кәсіби мамандарға, блоггерлерге, Орталық Азия университеттері журналистика факультеттерінің оқытушылары мен студенттеріне ұсынылады.

Талаптары 

Ақпараттық компьютерлік технологиялар жөнінде білімі болу (Жеке компьютер мен танымал әлеуметтік желілерді пайдалана білу деңгейінде).


Анықтамалық ақпарат 

Бұл курс Тәжікстандағы IWPR жобасының бір бөлігі ретінде журналистер мен мазмұн жасаушылардың (контентмейкерлердің) бала мен балалық шаққа қатысты материалдарды дайындау әлеуетін арттыру, сондай-ақ БАҚ тұтынушыларының бала құқықтары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында әзірленген. Жоба Тәжікстандағы ЮНИСЕФ-тің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды.

  (1)
1 апта
Оқуды бастау үшін тіркеліңіз
Already have an account?
Сауалнаманы өту

Сіз не үйренесіз?

Журналистерге арналған БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясының негіздері
Журналистика балалар құқығын қалай қорғап, жақсарта алады?
Бала құқығын жүзеге асыру мен қорғауды қолдаудағы журналистер мен журналистиканың рөлі
Бала құқықтары туралы есеп берудің этикалық аспектілері
Бала мен жасөспірімдер туралы публицистикалық материалдардың ерекшеліктері
Бала мен балалық шақ тақырыбындағы жарияланымдарда сезімталдық тілді қолдану ерекшеліктері

Бағдарлама

  • Модуль 1. Журналистерге арналған бала құқықтарының негіздері

    Бірінші модульде біз БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының (БҚК) мазмұнын қарастырамыз және журналистер мен БАҚ мамандары Бала құқықтары туралы конвенциядан үйренуге болатын кейбір тұстарына тоқталамыз. Біз БҚК не айтады, оның бізге қатысы қалай және бала құқықтарын қолдау үшін не істей аламыз? Авторы: Майк Джемпсон, The MediaWise Trust құрметті директоры, журналист, медиа кеңесші, жаттықтырушы.

  • Модуль 2. Бала құқықтары туралы есеп берудің этикалық аспектілері

    Екінші модульде публицистикалық материалдарды этикалық тұрғыдан қалай жазу керектігі туралы айтатын боламыз. Бала құқықтарын қамту кезінде қандай ережелер мен қағидаларды сақтау керек. Сондай-ақ, біз балалар мен жасөспірімдер туралы оқиғаларды жариялауда бала құқықтарын қалай нығайтуға болатыны туралы айтатын боламыз. Авторы: Майк Джемпсон, The MediaWise Trust құрметті директоры, журналист, медиа кеңесші, жаттықтырушы.

  • Модуль 3. Бала мен балалық шақ тақырыбын жариялауда сезімтал тілді қалай қолдануға болады?

    Үшінші модульде бала мен балалық шақ туралы материал жазғанда қолданатын сөздер мен тілдің ерекшеліктерін қарастырамыз. Журналистік материалдарды дайындауда тілдің сезімталдығы мен адам құқығына қатысты көзқарас туралы айтатын боламыз. Авторы: Елена Воронина, медиа-тренер, коммуникация жөніндегі оқытушы

Оқытушы

Кері байланыс “Журналистік материалдарда бала құқығы туралы қалай жазуға болады?”

Aigerim 29.04.2023
 
Бұл курс балалар мен балалық шаққа қатысты тақырыптарды БАҚ-та жариялау ережелері мен ерекшеліктеріне арналғандықтан қолайлы болды. Курста біз журналистерге арналған бала құқығының негіздерін үйрендік.

Жиі Қойылатын Сұрақтар