Download
Print

Джамшед Марупов: ФАКТ-ЧЕК ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ

Көпшілігімізге ағылшын тіліндегі «факт-чек» немесе «факт-чекинг» атауымен таныс фактілерді тексеру үрдісі отандық, сондай-ақ шетелдік бұқаралық апарат құралдары кеңістігіне жылдам енді. 

Эксперттердің ойынша фактчекингтің дамуы жалған ақпараттардың таралуына және технологиялардың дамуына байланысты. Алайда фактчекерлер жұмысының негізгі мақсаты жалған ақпаратты іздеу емес, белгілі бір тұлғалармен және мекемелермен таратылған я болмаса жарияланған фактілердің шынайылығын анықтау және ақпаратты салыстыру.

Фактчекерлер түрлі мәлімдемелерді тексеру кезінде тек ашық көзден алынған, яғни ресми деректерді ғана пайдалана алады.  

  • Зерттеу нысаны немесе объектісі  

Зерттеу объектісі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған және ресми тұлғалар көпшілік алдында жасаған мәлімдемелері болуы мүмкін. 

Келесі критерийлерге сай нысандар немесе тақырыптар ғана тексеру үшін таңдала алады:

– Фактілер мен сандары бар;

– Көпшілікке жарияланған;

– Әлеуметтік маңызы бар;

– БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы кеңінен тараған.

Тек ашық дереккөздерден алынған ақпарат пен мәліметтер ғана дәлел ретінде танылатынын атап өту керек. Жабық немесе аноним дереккөздерді пайдалануға болмайды. Мәлімдемелердің барлығы дерлік фактчекинг нысаны бола бермейді. 

Мысалы, фактчекинг болашаққа қатысты айтылған мәлімдемелерді қарастырмайды:

– Егер ресми тұлға «келесі оқу жылында біз университеттерде абитуриенттер санының 20 пайызға өсуін күтеміз» десе, мұны тексеру мүмкін емес, себебі ол болашақта өзінің не күтетіні жайлы айтып тұр; 

– немесе кейде шенеуніктер өз мәлімдемелерінде «меніңше», «деп ойлаймын», «болатындай көрінеді» деген сияқты тексерілуі мүмкін емес сөз тіркестерін қолданады; 

– Сондай-ақ «Мақта өндірісінің жоспары өткен жылмен салыстырғанда 15%дан артуы тиіс» дегенге саятын болжамнан тұратын мәлімдеме фактчек нысаны бола алмайды. 

Яғни мұнда нақты фактологиялық деректер емес болжамды есептер ғана бар.  

  • Фактчек-материал презентациясының форматы немесе формасы  

Фактчекинг нәтижесі мынадай құрылым бойынша дайындалған жаңалық, мақала, аудио және видео немесе мультимедиа репортаж түріндегі журналистік материал болуы мүмкін:

  1. 1. Дереккөзге сілтеме жасалған төл сөз
  2. 2. Ашық (ресми) дереккөздердегі фактілер немесе мәлімдемелерді тексеру процесінің сипаттамасы  
  3. 3. Тұжырым

Тұжырым – фактчекингтің негізгі аспектілерінің бірі және оның ажырамас бөлігі, әрбір тексерілген ақпарат ресми дереккөздерге негізделген нақты тұжырыммен аяқталуы тиіс. Алайда, егер адам (оқырман) немесе кез келген танымал адам фактчекердің тұжырымдарымен келіспесе, егер жасалған тұжырымды терістейтін қажетті (нақты) деректерді ұсынған жағдайда ол тұжырым өзгертілуі мүмкін.  

 

  • Тексерілетін материалдар құрылымы

 

Не тексерілді? | Нені тексергіңіз келеді: мәтінді мен цитатаны ма, сіз фактчек-материалға түпнұсқаны қосып түсініктеме беріп кетуіңз керек  
Бұл қалай тексерілді? | Тексергіңіз келетін мәтінді оқырманға көрсетіңіз, оны тексеру үшін қандай қадамдар жасағаныңызды, қандай құралдар қолданғаныңызды, қалай тексергеніңізді көрсетіңіз
Үкім | Өз тұжырымыңызды бір немесе екі сөйлеммен түйіндеңіз, яғни логикалық қорытындысын шығарыңыз.  

 

  • CHECK-LIST – фейк хабарламалардан қорғану үшін  

Мәселен хабарламаның ақиқат немесе жалған екенін анықтау үшін бірнеше маңызды шарттар бар: 

– Жаңалықты толық оқып шығыңыз;

– Сыни ойлау қабілетін қосыңыз: бүкіл ақпаратқа күмән келтіруге ешкім кедергі жасай алмайды;

– Әрқашан жаңалықтың бастапқы дереккөзін табуға тырысыңыз;

– Мәтіндегі сілтемелерге назар аударыңыз, оның дереккөзін зерттеңіз және бұл ақпарат жарияланған сайттың негізгі мақсатын түсінуге тырысыңыз;  

– Ешқашан материалды тақырыбына қарап бағаламаңыз, тақырыптың мақала мазмұнына сәйкестігін бағалаңыз;

– Автор аты-жөніне назар аударыңыз, оны тексеріп көріңіз;

– Ешқашан беймәлім немесе аноним дереккөздерге сенбеңіз; 

– Хабарламаның жарияланған күнін міндетті түрде қараңыз, оны тексеріңіз; 

– әлеуметтік желілерден алынған ақпаратты қолдану кезінде абай болыңыз: қандай да бір ақпаратты бөліспес бұрын алдымен оны тексеріп алып таратыңыз;

– Шынайы ақпаратты фейк ақпараттардан ажыратуға тырысыңыз немесе бұл туралы басқа БАҚ не деп жазғанын сүзіп шығыңыз; 

– Және де соңғы кеңесіміз, қажет болса эксперттер мен фактчекерлерге хабарласыңыз…

P.S. Есіңізде болсын – бұлтартпас дәлел хайптан да маңызды!

  • Фотосуреттер мен видеоны тексеруге арналған 6 маңызды онлайн-ресурс
  1. 1. Archive.today – Бұл веб-парақшаның “көшірмесін” жасайтын маңызды онлайн-ресурстардың бірі, тіпті бастапқы парақша өшірілсе де, көшірмесі әрқашан онлайн болады. Ол сонымен қатар парақшаның мәтіндік және графикалық көшірмесін нақтырақ етіп жасайды әрі кез келген веб-парақшаның қысқа және сенімді сілтемесін қамтамасыз етеді. Егер веб-парақшаның “көшірмесін” жасағыңыз келсе, бұл өте пайдалы, себебі ондағы ақпарат өзгертілуі мүмкін: статистика, прайс-лист, жұмыс туралы ұсыныстар, жылжымайтын мүлік тізімдері, қандай да бір лауазымды тұлғаның уәдесі және т.б. 

Сақталған парақшаларда актив элементтер мен скрипттер болмайды, сондықтан сіздің қауіпсіздігіңізге қатер жоқ, себебі онда ешқандай зиянкес бағдарламалар болмайды. 

Әдетте Интернеттегі (жекелеген веб-сайттардағы) ақпаратты белгілі бір уақыттан соң біреу-міреу өшіріп тастауы мүмкін, алайда  ArchiveToday сервисін қолдана отырып аталған ресурстқа дереккөзге сілтеме жасап оны өзіңіз сақтап қоя аласыз.  

  1. Анализ – бұл құрал Интернеттегі түрлі веб-сайттар анализі үшін қолданылады. Сіз сонымен қоса сайтты тексеру нәтиесін және ондағы мониторинг нәтижесін көре аласыз. Бір сөзбен айтқанда бұл іздеу жүйелеріндегі жарнамаға арналған құрал.

  1. TinEye — бұл суреттер бойынша кері іздеу құралы. Осы сервис көмегімен сіз фотосуретті тауып, оның қайда қолданылғанын біле аласыз. Бұл жерде сіз фотосуреттің ең бірінші рет қайда жарияланғанын ғана емес, қай ойнлайн-ресурстарда қашан жарияланғанын, қандай өзгерістер жасалғанын да білуіңіз әбден мүмкін.  

  1. RevEyeReverseImageSearch – бұл суреттерді Google, Yandex, TinEye, Bing және Baidu жүйелері арқылы кері іздеу жүргізетін құралдар жинағы. Бұл сервис суретті тінтуірдің оң жақ түймешігін шерту арылы кез келген сайттан іздеуге мүмкіндік береді. Бірақ ол үшін алдымен «Chrome Интернет-дүкеніне» кіріп браузеріңізде «RevEyeReverseImageSearch» кеңейтілген бағдарламаны орнату қажет. 

  1. ImageMetadataViewer – бұл құрал суреттің метадеректерін көрсетеді немесе қандай да бір фотосурет туралы ақпарат алуға көмектеседі. Сізге бар болғаны кез келген тексергіңіз келетін фотосуретті таңдап, жүктеу қажет. Бірнеше секундтан соң сіз таңдалған сурет туралы қажетті ақпаратты білетін боласыз.  

  1. YoutubeDataViewer – бұл құрал дағдарыстар кезінде немесе табиғи апаттар кезінде таралатын видеороликтерді, соның ішінде есткі роликтерді, ал кей жағдайларда монтаждалған немесе жалған видеоларды тексеру үшін кеңінен қолданылған. Сізге бар болғаны сервис атауын браузерге жазып, видеоға қажетті сілтемені тауып, тиісті жолға қою қажет, сонда жүйеде автоматты түрде роликтің метадеректері көрсетіліп, кері іздеу үшін бірнеше негізгі кадрлар жасалады. Содан соң осы кадрлар көмегімен сіз YouTube-тен видеоның түпнұсқасын таба аласыз.

Енді жоғарыда айталғандарды нақты мысалда қарастырып көрейік. 

  • Фотосуреттің жасалған орнын табудың 7 қадамы   

Ашық дереккөздерді пайдаланып фотосуреттегі ғимараттың орналасқан жерін табуға тырысамыз. Мұны біз 7 қадам жасап анықтай аламыз.  

1-қадам

Фотосуретті табудың ең оңай қадамы — Google немесе Yandex іздеу жүйесін пайдалануға болады. Бірақ біздің жағдайымызда іздеу жүйелері бізге ешқандай пайдалы ақпарат бермейді. 

2-қадам

Іздеу жүйесі фотосуреттігі бейненің белгілі бір бөлігін табуы үшін бізге оны қиып алу керек. Мысалы осы фотосуреттегі ғимаратты. 

3-қадам

Кесілген суретті Google және Yandex іздеу жүйелеріне жүктейміз. Бұл екі іздеу сервистері бізге осыған ұқсас ғимараттардың фотосуреттерін ұсынады. Іздеу нәтижелерінде бізге ұсынылған суреттерді қолымыздағы суретпен салыстыра отырып Варшавадағы Шопен музейінің FryderykChopinMuseum») ғимаратын анықтаймыз. Ары қарай Google-дан Шопен музейінің мекенжайын табамыз: PałacGnińskich, 00-368, Okólnik 1, 00-368 Warszawa, Польша  (ПалакГнишкич, 00-368, Околник 1, 00-368 Варшава, Польша).

4-қадам

GoogleMaps-қа кіріңіз де Шопен музейінің мекенжайын табыңыз. GoogleMaps артықшылықтарының бірі қаланы 3D-модель режимінде көрсету функциясының болуы, бұл функцияны мәзірдің оң жағындағы түймешікпен қосуға болады. Дегенмен Тәжікстан қалалары мен аудандары әзірге картаға қосылмаған, алдағы уақыттарда Картаға енеді деп үміттенеміз. Картаны GoogleMaps төменгі сол жақ бұрышында орналасқан «спутник» режиміне қайтарыңыз. Содан соң Ctrl пернесін басып, тінтуірдің сол жақ түймешігін басып музейді бірнеше жағынан қараңыз.    .

5-қадам

Ғимараттың сыртқы түрін біздің фотосуреттегі ғимарат көрінісімен салыстырамыз. Енді Шопен музейінің қай жағынан суретке түсірілгенін анықтайық (аңдатпа – Көпір).

6-қадам

Енді фотосурет қай үйден түсірілгенін анықтау керек. Біздің фотосуреттің оң жағынан ғимараттың бір бөлігі көрініп тұр. Сыртқы көрсеткіш бойынша біз осы фотосурет жасалуы мүмкін жалғыз ғимаратты картадан табамыз.

Google картада ғимараттың жоғарғы жағын тінтуірдің сол жақ түймешігін бассаңыз, мекенжайды табасыз: Тамка 37.  

7-қадам

Фотосурет қай терезеден жасалғанын анықтаймыз. Бұл үшін бізге көшелерге, тротуарлар мен даңғылдарға көрініс қажет. Кішкентай сары адамды  Google картасының оң жақ төменгі бұрышынан үй терезесіне жақындатып қойыңыз да ең ыңғайлы ракурсты таңдаңыз. Мысалы, көпір жақтан.  

Көпір ғимараттың шамамен 3-қабаты деңгейінде тұрғанын және фотосуреттердің түпнұсқасындаыдан да төменірек тұрғанын ескерсек, фотосурет 4-қабаттағы пәтердің терезесінен жасалғанын байқаймыз.

Қосымша әдебиет

  1. Александр Гороховский. Далелсанҷӣчунравандинав дар ЖТ (Имкониятҳовадурнамо). 2018
  2. Александр Гороховский. Фактчекинг как тренд ЖР (Возможности и перспективы). 2018

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Download
Print