Александр Амзин “Мессенджерлер қалай жұмыс істейді”

Cabar.asia Медиамектебінің нұсқаулығы

Бұл нұсқаулық мессенджерлердің жұмыс істеу ерекшеліктері жайлы тақырыпқа арналған. Ол цифрлы мессенджерлердегі медиатұтыну ерекшеліктері жайлы түсінік беріп, мессенджерлерді дамытудың жаңалық форматындағы медиалар мен журналистикадағы микроинфлюенсерлерге несімен пайдалы екенін айқындай түседі. Нұсқаулықтың таптырмас тұсы – мұнда мессенджерлермен жұмыс істеу жайлы тәжірибелік негіздегі кеңестердің болуы, олардың мүмкіндіктері мен қызметін және келешекке қатысты болжамы болуында. 

Нұсқаулық келесідей тараулардан тұрады:

  • Мессенджерлердегі аудитория мен медиатұтыну ерекшеліктері
  • Мобильді тұтыну шектеулері
  • Мессенджерлердегі тіл мен коммуникативті мәдениет, қызметіне қарай хабарламалар түрлері
  • Ілеспе мәтін, анонс беруші бөлім, арнаны жүргізу форматтары
  • Контент-жоспарлау
  • Топтар, чаттар, қауымдастықты басқару. 21 арнасын дамыту
  • Будущее контента в мессенджерах

Автор: Александр Амзин, тәуелсіз медиакеңесші, @themedia телеграм-арнасының жүргізушісі. Журналистика бойынша бірқатар кітаптар мен тренингтер авторы, ММУ журфагының оқытушысы болған, The Bell өнімі бойынша баспагер және менеджер, «Яндекстың» PR-маманы. «Ленту.ру», «Ведомости» және басқа да ресейлік, шетелдік БАҚ-тарға кеңес берген.

_______________________________________________________________________

Аталмыш нұсқаулық арнайы CABAR.asia Медиамектебі үшін “Орта Азиядағы жаңа медиа мен цифрлы журналистиканы дамыту” жобасының аясында жасап шығарылған.