Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті журналистерге арналған нұсқаулық
Бұл IWPR–дың Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Африкадағы журналистерді оқыту және олармен әрекеттесу бойынша мол тәжірибесіне негізделген, дағдарыс аймақтарында жұмыс істейтін журналистерге арналған практикалық нұсқаулық. «Нұсқаулық» журналистік қызметтің – тақырыпты таңдаудан бастап соңғы түзетуге дейінгі барлық кезеңдерін егжей–тегжейлі сипаттай отырып, материалдарды жазудың халықаралық стандарттарына үйретеді. Басылым IWPR–дың әлемдегі түрлі аймақтарында жариялаған мақалаларынан алынған мысалдар және үзінділерімен маңызды.
Бұрын ағылшын және орыс тілдерінде шығып, енді аймақтардағы халықтың кең бөлігін қамту мақсатында Орталық Азия елдерінің тілдерінде – қазақша, қырғызша және тәжікше жарияланып отыр. ОА елдерінің жергілікті тілдеріне аударылған «Өзгерістер жолындағы репортаждар» аймақтағы журналистер, медиақұрылымдар және әріптес ұйымдарға таратылды, сонымен қатар ОА елдері жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттеріне сыйға берілді.
Басылымды түрлі тілдерде мына сілтемелер арқылы жүктеп алуға болады: