Жүктеу
Басып шығару

Гулафшон Сокиева: Журналистік зерттеу деген не және оны қалай жүргізу керек?

Журналистік зерттеу — бұл қоғамдық проблемалар, жемқорлық, заңды бұзу, қызметтік жағдайды асыра пайдалану немесе қандай да бір себептермен құпияда ұсталған ақпарат жарияланатын материал. 

Журналист белгілі бір жоспарды ұстанып жұмыс істегенде ғана журналистік зерттеуді сәтті жүргізе алады. Яғни журналистік зерттеуге кіріспес бұрын оны жүргізудің нақты жоспары болуы тиіс.

Журналистік зерттеуді жүргізу үшін тақырып таңдау өте маңызды. Журналист қай жерде заңның бұзылғанын, қай жерде биліктің асыра пайдаланылғанын білуі қажет. 

Біздің зерттеуіміздің тақырыбы қоғамдық маңызға ие болуы тиіс екенін ұмытпаған жөн. Егер сіз оқырманы жоқ тақырыпты зерттегіңіз келсе, уақытыңызды бұл тақырыпқа құртпаңыз. Мұндай тақырыптарды айналып өткен дұрыс.

Журналист кез келген салада журналистік зерттеу жүргізе алады, бірақ ол зерттеу нысаны міндетті түрде заң бұзу, жемқорлық немесе өзге қылмыс түрі болатнынын есінен шығармауы тиіс. Мысалы, журналист келесі салаларда журналистік зерттеу жүргізе алады: 

 

  • Саясат
  • Қылмыс
  • Қаржы
  • Қоғам проблемалары

 

Егер журналист саясат саласында зерттеу жүргізгісі келсе, ол сайлау кампаниялары, партиялық қызмет, мемлекеттік қызметке тағайындау, заңнама және саясаткерлердің табыс туралы декларациялары бойынша зерттеулер жүргізе алады.  

Егер журналист зерттеу жүргізгісі келіп, оны орындау барысында қылмыс фактілерін анықтаса, онда оның журналистік зерттеулерінің нысаны адам құқының бұзылуы, сот әділетсіздігі, контрабанда немесе адам саудасы болуы мүмкін.  

Коррупциялық схемаларды анықтау – зерттеуші журналистердің сүйікті тақырыптарының бірі. Осы бағытта жұмыс істеуі үшін журналист келесі салаларды меңгеруі тиіс: бірінші бөлім – қоғамдық қаражат. Мысалы:

 

  1. қоғам игілігі
  2. мемлекеттік бюджет
  3. салық жеңілдіктері
  4. мемлекеттік сатып алу

 

 

Екінші бөлім — жеке қаражат бойынша ашық деректер: банктер, кредиттер, корпоратив қаржылық сақтандыру, инвестициялық нарық қатысушылары да жуналистік зерттеулер үшін жақсы тақырып болуы мүмкін. 

Фотосурет авторы: Олег Хоменок

Журналистік зерттеулерге енді ғана аяқ басқандар үшін қоғамдық проблемаларға байланысты зерттеулерден бастау ұсынылады. Ең дұрысы білім беру, денсаулық сақтау, комуналды қызметтер, аз қамтылған тұлғаларға жәрдемақы, мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар және осындай тақырыптардан бастау керек.  

Журналистік зерттеуге қойылатын талаптардың тағы бірі гипотезаның болуы және оны растау. Гипотеза – бұл журналист өз зерттеуінде дәлелдейтін немесе теріске шығаратын болжам, түсініктеме немесе пайым. Гипотеза субъектіні немесе зерттеу процессін нақтылайды. Гипотеза келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс: кім, не, қалай, ненің нәтижесінде, неге заң бұзылады және оның салдары қандай? 

Тақырыпты ашу үшін негізгі сұрақтарды айқындап алу керек. Бұл сұрақтарға жауаптар біздің гипотезамызды дәлелдейді немесе теріске шығарады. Ақпараттық сұрақтар дәлелдерді жинауға көмектеседі. Ары қарай бізге осы тақырып бойынша пікірлер немесе комментарийлерді жинау үшін қажет болуы мүмкін бағалау сұрақтарын қалыптастыру үшін қажет. 

Журналистік зерттеудің келесі бөлігі – ақпарат көздері. Біз қойған сұрақтарға жауап беретіндер кім және оларды қайдан табуға болады?

Оның үстіне маңызды ақпараты бар адамдармен қоса, ақпарат дереккөздері ретінде құжаттар, ұйымдар, әлеуметтік желілер, мұрағаттар, деректер базасы, бұқаралық ақпарат көздері болуы мүмкін.

Материалды жинау әдістері журналистік зерттеудің маңызды әдістерінің бірі, ол келесі бөлімдерден тұрады: 

– Жеке пайымдар

– Құжаттарды қарау

– Адамдардан сұхбат алу

– Зерттеу, талдау, бағалау

Біз бәрін біліп, анықтап алғанда ғана бас сұхбатқа кірісеміз. Бас сұхбатты алу мақсаты – зерттеудің бас кейіпкерінің түсініктемесі мен комментарийін алу.

Барлық қажетті ақпаратты таптық, бас сұхбатты өткіздік делік, енді мәтінді редакциялау, көркемдеу және беттеуге кірісеміз. 

Біздің журналистік зерттеуіміз аяқталған соң дайын материал жарияланбас бұрын заңгер сараптамасынан өтуі керек. Құқықтық сараптама журналистің өзінің, сондай-ақ ол жұмыс істейтін және оның зерттеуін жариялайтын БАҚ редакциясы қауіпсіздігінің кепілі. 

 Журналистік зерттеулер жүргізу кезінде берілетін негізгі кеңестердің бірі мұрағатты сақтау. Жинақталған материалдар болашақта тақырыпта жылдам оралуға септеседі. Сонымен қоса, егер зерттеу кейіпкері сотқа беретін болса, дәлел ретінде қолдана аласыз. 

Зерттеуші-журналист зерттеуін жүргізу барысында мұндай проблемаға тап болуы әбден мүмкін. Яғни журналистке қарсы қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғалу қауіпі әрқашан болады. 

Өзге қатерлер – абыройына нұқсан келу, журналистің денсаулығы мен жұмысына зиян тию немесе оның өміріне қауіп төнуі де мүмкін. Кез келген зерттеуші журналист мұндай қатерлерді барынша азайту үшін журналистік зерттеуін жүргізу кезінде жоғарыда аталған жоспар бойынша жүруі керек. 

 Қосымша әдебиет: Журналистік зерттеулер жүргізу бойынша оқу әдістемесі  (Авторы: Марк Ли Хантер, 2015 жылы IWPR қайта басылып шығарылған). 

Егер сіз емле қатесін тапқан болсаңыз, бізге мәтінді таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басу арқылы хабарлаңыз.

Жүктеу
Басып шығару