Жүктеу
Басып шығару

Икбол Исаков: әлеуметтік желілерге арналған видеоны қалай дайындау керек?

YouTube статистикасына жүгінсек, желіге минутына 300 сағаттық видео жүктеледі, ал күнделікті 5 миллиард видео қаралады. Сонымен видеоның осындай тасқынында сіздің видеоңыз жоғалып кетпеуі үшін не істей аласыз?   

Біз әлеуметтік желілерге видеоны қалай түсіру екені туралы практикалық кеңестер береміз. Көптеген факторлар мұндай шешімге негіз болуы мүмкін.  

Ең алдымен видео тақырыбы. Сіз ұсынған ақырып аудиторияға қаншалық қызық болуы мүмкін? Видеоны түсірмес бұрын анықтап алайық, бұл мәліметтерді білу несімен маңызды, видео кімге арналады. Аудиторияны мұқият ойластырыңыз. Осы видеоны кім қарайды? Сіз таңдаған аудитория үшін қандай тақырыптар қызық болуы мүмкін? Бұл видеоны қарауға оларды итермелейтін не?  

Видео тым ұзақ болмағаны жөн. Неғұрлым қысқа болғаны жақсы.

Назар аударыңыз

Қазір жаңалық агенттіктері 1 минуттық видеолар шығарады. Себебі аудитория үшін біріншіден, бір минуттан артық видео тым ұзақ – видеоны соңына дейін көрмей кетіп қалуы мүмкін. Егер біз осы тақырыпқа қызығатын аз ғана топтың назарын ұстап қалмасақ, онда қалғандары бұл видеоны мұлдем қарамайды деген қауіп бар, себебі ұзақ видеолардың мегабайттардағы салмағы да ауыр. Ал аудиторияның интернет-трафигі шектеулі. Олар өз мегабайттарын бекер жұмсағысы келмейді.

Фон дыбысына ерекше көңіл аударыңыз. Видеоға бөгде дыбыстар, жаңғырық кедергі жасамауы өте маңызды.

Видеоны жазу процесіне келейік.

Есіңізде болсын! Видеоны ешқашан тігінен түсірмеңіз

Телефонды тігінен емес, көлденең ұстаңыз!

Фото: engadget.com

Неге дейсіз бе? Өйткені үйіңіздегі теледидар тік емес, көлденең емес пе! Кинотеатрда отырсыз делік. Экран тігінен емес. Көлденең.   

Телефоныңызды мықтап ұстаңыз. Оны қозғалтпай ұстаңыз. Қолыңыздан түсіріп алуға жол бермеңіз. Әсіресе тікелей трансляцияларды жүргізіп тұрған кезде.   Сіз қисайып тұрған телефоннан немесе құлап бара жатқан телефоннан түсірілген видеоны қарағыңыз келмейтін шығар?  

Егер сіз видеоға аса жауапкершілікпен қарасаңыз, онда телефоныңызға арналған штатив сатып алыңыз. Штативке орнатып қойғанда телефон түсірілім кезінде қозғалып кетпейді.    

Желкеңізде көзіңіз бар ма? Менде жоқ.

Сондықтан селфи-видео түсіру кезінде артыңызда бөгде жасайтын, артық ештеңенің жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Видеоңыздың сапасы өте жақсы болуы мүмкін, алайда кадрда диван үстінде жатқан шұлығыңыз жатса видеоңыздың нәтижесі мүлдем басқа болуы мүмкін.

Сіз таңдаған фон тақырыпқа сай болуы тиіс. Егер сіз мәселен, физика тақырыбында видео түсіріп тұрсаңыз, сіздің артыңызда саяси карта емес, тақырыпқа байланысты дүниелер болғаны жөн.  

Бұл ережелер басқа біреуді түсіру кезінде де қолданылады. Бастысы видеоға түсіріп тұрған адамға ескертуді ұмытпаңыз!

Түсірілген видеоны редакциялауға болады. Яғни артып жерлерін кесіп тастай аласыз. Эффектілер қосуға болады. Сіз аудионы жеке жазып, оны фото немесе видеоға қоса аласыз.

Бұған арналған бағдарламалар көп. Мысалы, Kinemaster, Vivavideo, InShot, Quik Video Eitor және басқалар. Олардың барлығының қолданылу мақсаты бір.

Бұл бағдарламалармен жұмыс жасау, видео өңдеу туралы видеосабақтар өте көп, іздесеңіз, табу оңай. Сонымен бірге үлкен аудитория жинау үшін видеомен жұмыс жасай білу керек. Видеоны түсіру, оны әлеуметтік желіге жүктеу үшін сізге қажет болатын қарапайым әрі  маңызды аспектілерді жалпылама атап өттім. 

Как монтировать видео на мобильном телефоне:

 

Егер сіз емле қатесін тапқан болсаңыз, бізге мәтінді таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басу арқылы хабарлаңыз.

Жүктеу
Басып шығару