Жүктеу
Басып шығару

Онлайн-ресурстарда жарияланатын талдамалы мақаланы қалай жақсартуға болады

Видеоның мәтіні/Spoiler (оқу үшін осы сілтемені басыңыз/click to read)

Ақпараттық қоғам мен цифрландыру дәуірінде кез-келген ғалымның зерттеу еңбектерін тек баспа басылымдарында ғана емес, сонымен қатар интернет-ресурстарда жариялағаны дұрыс. Егер ғылыми журналдар сияқты баспа басылымдары сіздің ғылыми және академиялық ортадағы танымалдығыңыз бен беделіңізді арттыратын болса, онлайн-басылымдардың аудиториясы кең, яғни ол сізге қосымша мүмкіндіктерге жол ашады.

Жарияланымдардың болуы сіздің өз салаңыздың білікті маманы ретінде қалыптасуыңызға көмектеседі. Сонымен қатар, жарияланған еңбектер жеке тұлғаның танымалдығы мен беделін арттырады. Егер ірі басылым сіздің еңбегіңізді жариялауға дайын болса, онда сіз оған лайықсыз. Басылымдарда немесе интернет желіде материал жариялаған кезде сіз өзіңіздің кім екеніңізді және ғылыми қызығушылықтарыңыз қандай екенін танытасыз. CABAR.ASIA сияқты онлайн-платформалар сіздің мақсатты аудиторияңызды кеңейтуге көмектеседі, сізді көпке танытады және сол арқылы сіздің оқырманыңыздың санын артырады. Яғни жеке брендіңізді қалыптастыруға көмектеседі – сізді қанша рет жиі көрген сайын, оқырманның сізді есінде сақтау ықтималдығы артады. Кез-келген жағымды ескерту үлкен пайда әкеледі және сенімділікті арттырады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдарды жариялаудың бір мақсаты – өз ісіңіздің шынымен білгірі екеніңізді жүйелі және сенімді түрде көрсету. Онлайн-басылымды дұрыс таңдау – сіздің мақсатты аудиторияңызға қажетті ресурсты табуға көмектеседі.

Талдамалы мақаланың мақсаты бірнеше аспектілерден тұруы мүмкін – оқырманға белгілі бір дәлелдерді көрсету, кез-келген саяси мәселе бойынша қоғамдық пікірді өзгерту, мүмкін болатын даму жолдары мен белгілі бір мәселені шешу  жолдарын айқындау.

Талдамалы мақаланы жақсартуға арналған ұсыныстар. 

Талдамалы мақала жазған кезде (құрылымдық тармақтары мен мазмұнына қосымша) оны жақсарту жолдары туралы бірнеше қосымша ұсыныстар беріледі.

  1. Болашақ мақала аудиториясын түсіну және оның қажеттілігін ескеру.

Басылым белгілі бір аудиторияға бағытталған болса да, оқырмандардың барлығында білім деңгейі бірдей емес екенін ескеру қажет. Алайда, бәріне бірдей анық және нақты, түсінікті тілде жазылған материал көптің кеңілінен шығары сөзсіз. Сондықтан автор материалды жазу және оны қайтадан тексеру барысында өз аудиториясын бағалауы өте маңызды.

Автордың өзіне қоятын бірнеше сұрақ бар:

  • Бұл мақаланы кім және не үшін оқиды?
  • Оқырманға қандай ақпарат қажет?
  • Қандай ақпараттар көпке мәлім немесе оқырманға кеңінен қолжетімді болуы мүмкін?

Автор әрдайым оқырман нені білгісі келетінін, оқырманға нені үйреткісі келетінін және аудиторияны неге сендіру қажеттілігі туралы ойлануы керек.

  • Әдістеме әрқашан маңызды, талдауға бірнеше әдістер мен құралдарды қолдану қажет.

Сіздің басты құралыңыз – зерттеу әдістері мен фактологиялық деректер жиынтығы. Әдетте талдау әдістері материалдың форматына сәйкес өзекті болуы керек, ал талдаудың бірнеше әдістерін қолдану жақсы талдмалы аналитикалық мақаланың алғышарты болуы тиіс.

Көп жағдайда авторлар өз талдауларын бірыңғай деректер жиынтығының төңірегінде топтастырады (мысалы, ЖІӨ динамикасы немесе қылмыс санының динамикасы туралы деректер немесе сараптамалық сауалнама) және ол талдау мен зерттеу нәтижелерін анықтауға мүмкіндік береді

Қысқаша материалдарды талдауда: «Y» жиынтығынан «Х» тақырыбы туралы не айта аламын?, – деген сауалдың орнына «Х тақырыбын шешуге Ү-тың қандай құралдары тиімді?»,-  деген секілді сұрақтар арқылы талдауды құрылымдау тенденциясы байқалуда. Көп жағдайда мақаланың күтілетін нәтижелері мардымсыз болатынын ескермегеннің өзінде,  материалдың мазмұны бір сарынды және бір тарапты боып келеді. Сондықтан, мақалада бірнеше талдау әдістері мен деректерді пайдалану олардың мағынасын жақсартуға және оны дұрыс түсіндіру үшін қажет екенін есте ұстаған жөн

  1. Талдамалы мақаладағы өзара баланс туралы есте сақтау.

Әрине, әркімнің өз пікірі бар және оған берік болғысы келеді. Әдетте кез-келген мақалада автордың нақты пікірі болады. Бірақ, автор өзінің тепе-теңдікті сақтауға ұмтылысын көрсету үшін тезисті нақты фактілермен дәлелдейді. Сонымен қатар, автор өз ұстанымын дәлелдегенде, қарама-қайшы пікірге немқұрайлы қарай алмайды. Тақырып таңдау барысында мәселенің жан-жақты зерттелгенін және автор қарама-қайшы дәлелдерді түсінетінін көрсету маңызды.

Мәселен, сіз белгілі бір келісімдердің артықшылықтары туралы мақала жазсаңыз және олардың құндылығын халыққа дәлелдегіңіз келсе, олардың ықтимал салдары мен нәтижелеріне назар аударуыңыз қажет. Ескерту нәтижелері бар зерттеулерді назардан тыс қалдырмаңыз; тек сіздің дәлелдеріңіздің екінші тараптың пікірінен қандай артықшылығы бар екенін түсіндіріп беруді ұмыпаңыз.

Мазмұны тұрғысынан объективті және бейтарап болу үшін, баға беруші сын есімді қолдануға тырысыңыз: фантастикалық, керемет, кекшіл, әдемі, жақсы және т.б.

Сондай-ақ жаттанды сөз тіркестерін қолданудан аулақ болыңыз: «өзекті тақырып…»; «Медальдың екінші жағы …»; Асыра сілтеуден аулақ болыңыз, мысалы, келесі конструкцияларды қолдануда сақ болыңыз: ерекше, өте, әрқашан, ешқашан, көп, артық, кем емес.

Мәселен, сіз халықаралық қатынас тақырыбына мақала жазсаңыз, белгілі бір оқиға туралы алдымен қажетті әдебиеттерді оқып және оны кем дегенде екі елдің мүддесіне сай түсіндіру қажет екенін естен шығармаған дұрыс. Бұл талдаудың аясын кеңейтеді.

Ақпарат көздерін неғұрлым көп қолдансаңыз, мәселені неғұрлым кеңірек және тереңірек негіздей аласыз. Сондықтан шетелдік әдебиеттерді пайдалану және дереккөздерді әртараптандыру, осы тақырып бойынша әріптестеріңіздің жарияланымдарын қадағалау, салалас ғылымдар тұрғысынан осы мәселе туралы материалдарды оқып шығу ұсынылады.

Мысалы, егер саясаттану тақырыбы таңдалса, кейде сол проблеманың әлеуметтануда, экономика немесе тіпті антропология тұрғысынан қалай талдау жасалатын зерттеу пайдалы болады. Авторлар өз нәтижелерін басқа елдермен, басқа зерттеулермен салыстыра алады және салыстыруы тиіс.

Сондай-ақ, диаграммаларды, графиктер мен кестелерді пайдалануда да өзара балансты сақтау маңызды. Мәтінді шамадан тыс күрделі етуге болмайды, соның ішінде  түсініктемелері жоқ схемалар мен диаграммаларды беруге де назар аударған дұрыс.

Тепе-теңдікті сақтау туралы айтқанда «сезімтал» тақырыптарды, сондай-ақ кейбір мәселелердің гендерлік аспектілерін ескеру қажет.

  1. Мақаланың тәжірибелік бағыты маңызды.

Қорытынды мен ұсыныстардағы тұжырымдарыңызға ерекше назар аударыңыз, олар тәжірибелік тұрғыда қазіргі жағдайда және бүгінгі таңда іске асырылуы керек. Тиімді ұсыныстарды әзірлеу үшін, осы ғылыми-зерттеу қызметін ескере отырып, сіз өзіңіздің ғылыми қызығушылықтарыңыз бойынша барлық мүмкін болатын іс-шараларға – онлайн және оффлайн конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысқаныңыз дұрыс. Сіздің іс-шараларды жоспарлаудағы белсенділігіңіз қарым-қатынас орнатуға және байланыстарды кеңейтуге көмектеседі.

Ұсыныстарды жазған кезде олардың нақты мақсатын көрсету маңызды, ал болжамдар жасаған кезде олардың кезеңдерін көрсету қажет, мысалы қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлуге болады.

Сонымен қатар, жақсы талдамалы мақала болашақ зерттеулерде анықталатын бірнеше қосымша мәселелерді анықтауы мүмкін. Мәселенің жаңа аспектілерін зерттеуді жалғастыру арқылы сіз болашақ зерттеу мүмкіндіктерін немесе оның перспективаларын ашық көрсете аласыз.

  1. Интернет-басылымға мақала жібермес бұрын уақытты тиімді пайдаланыңыз – басқа тараптың сыни пікірі қажет.

Осыған байланысты, сіз, мүмкін болса, мақалаңызды әріптесіңізге және сіздің мәселеңізге қатысты сарапшы мен үшінші тараптан пікір алу үшін жібере аласыз. Мақалаға берілген сынға оны жақсарту жолында және өзіңіздің кәсіби тұрғыда өсуіңізде қаншалықты пайдасы бар екенін ұмытпаңыз. Сіздің әріптесіңіз / досыңыз / кәсіби маман сіздің мақалаңызбен танысып шыққанша материалда «үзіліс» болады және бұл сізге қосымша идеялар немесе дәлелдер келтіруге мүмкіндік береді.

  1. Соңғы оқылымды (proofreading) міндетті түрде орындаңыз және тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Мақаланы редакторға жібермес бұрын, тек мәтіндегі грамматикалық және орфографиялық қателіктерге, жазу стиліне, фактілік және статистикалық мәліметтердің дұрыстығына ғана назар аударып қоймай, келесідей бірнеше сұраққа жауап беріңіз:

  • Мақала тақырыбы өзекті ме?
  • Дәлел бар ма?
  • Автордың нақты пікірі бар ма?
  • Мақала толық аяқталған ба, логикалық реттілігі бар ма?
  • Дәлелдерде қате түсініктер кездеспейді ме?
  • Мақала сарыны тұрақты ма?
  • Сөйлем құрылымы дұрыс па?
  • Мақала қорытындысы есте сақталатын мағыналы сөйлеммен аяқталған ба?
  • Барлық ақпарат көздері туралы мәлімет берілген бе?
  • Тыныс белгілері дұрыс қойылған ба?

Талдамалы материалды бағалау критерийлері туралы бірнеше қорытынды ескертулер.

  • Жағдайды бағалау (мәселенің сипаттамасын емес);
  • Жинақылық – ең басты нәрсені көре білу және ақпарат беру шеберлігі;
  • Қарапайым және түсінікті тілмен жазылған материал бағаланады.  Кеңселік терминдер  мен  ырықсыз етістер және күрделі тіркестерді қолданбау (ойы айқынның сөзі де айқын);
  • Әрбір идеяның тереңдігі, жан-жақтылығы және фактологиялық тұрғыда дәлелденуі.
  • Кез келген мәселе бойынша қолданбалы сипаттағы ұсыныстар беру қажет;
  • Шынайылық;
  • Материалдың толық аяқталуы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ашимбаев М.С. Аналитические методы в системе государственного управления, 2002
  2. Билл Фрэнкс. Революция в аналитике: как в эпоху Big Data улучшить ваш бизнес с помощью операционной аналитики. Альпина Паблишер, 2017.
  3. Guidelines on writing analytical articles // http://www.unece.org/fileadmin/DAM/stats/documents/media/style_manuals/4.e.pdf

Егер сіз емле қатесін тапқан болсаңыз, бізге мәтінді таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басу арқылы хабарлаңыз.

Жүктеу
Басып шығару