Жүктеу
Басып шығару

Рустам Гулов: мультимедиа материал жасауға арналған сервистер

Мультимедиа материалын дайындау түрлі форматтағы мазмұндардың қолданылуын білдіреді. Әдемі жазылған мәтін негізгі ақпаратты береді; ал фотосуреттер, аудио, бейне, инфографика және басқа да компоненттер оқырманды мақалада сипатталған оқиға атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді. Адамдар образдар түрінде ойлайды және осы образдарды сіз көрсетуіңіз керек.

Мультимедиа материалымен жұмысқа “қолымнан келгенше жинап аламын да, материал құрастырып шығарамын” деген ұстаныммен кірісу үлкен қателік болар еді. Негізгі ақпаратты беріп қана қоймай, оқиғаның атмосферасын құруға, оқырманның эмоциясын оятуға, ол өзін әңгіме кейіпкеріндей сезінуіне мүмкіндік беретін құрылымды басынан бастап ойластыру қажет.

Материалдың құрылымы дайын болғанда, оны қағазға түсіру керек. Схемасының нобайын салсаңыз, ақырғы материалда не болатынын, оның қалай көрінетінін; бейне, фотогалерея немесе инфографика арқылы қандай ақпаратты бергіңіз келетінін және оларды қалай орналастырғанын жөн екенін визуалды елестетуге мүмкіндік береді.

Егер материалыңызды жеке тақырыптық блоктарға – қандай да бір ойды білдіретін және компьютер мониторының бір экранына орналастырылатын бөліктерге бөлсеңіз, өзіңізге оңайырақ болады.

Осыдан кейін сіз қажетті материалды жинап, тіпті өз мәтініңізді дайындап қойдыңыз делік. Өз бетінше беттеу үшін Mobirise немесе AdobeMuse сияқты бағдарламаларды пайдалана аласыз. Сондай–ақ Tilda, AdobeSpark онлайн–платформалары бар. Ішінара мұндай мүмкіндіктерді Medium, Яндекс.Дзен, Telegra.ph, тіпті Facebook әлеуметтік желісіндегі “Жазбалар” бөлімі де ұсынады. Егер CMS WordPress негізіндегі жеке сайтыңыз болса, онда танымал Newspaper 9 премиум тақырыбы айрықша беттелген материал жасауға мүмкіндік береді.

Аталған бағдарламалар мен платформалардың кейбіреулері тегін, қалғандары ақылы. Кейде басқа платформаларды қолдау бойынша шектеулер болады. Сондықтан өз материалыңызды беттеуді бастамай тұрып, олардың мүмкіндіктерін біліп алыңыз. Мен сізге Mobirise қызметін ұсынар едім, ол тегін, оффлайн режимде жұмыс істей алады. Бірақ бұрыннан бар үлгілерді өзгерту үшін және хостингтегі дайын материалды орналастыру үшін HTML–ды түсінуіңіз қажет және хостинг провайдеріңіздің файл менеджерімен жұмыс істей алуыңыз керек болады.

Көрсетілген платформалар материалыңызды визуалды құрылымдауға арналған болса, дыбыстар ерекше атмосфера жасайды. Интершулары бар арнайы аудиожол дайындап, оны мақала ашылған кезде автоматты ойнатылатын етіп реттей аласыз. Мұны HTML ендірілген құралдарымен, сондай–ақ бөгде сервистердің көмегімен істеуге болады.

Аудиожолдарда жекелеген адамдармен сұхбаттар да болуы мүмкін. Оларды мақалада орналастыру үшін SoundCloud платформасының мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. Ол материалға аудио ойнатқышты қосуға мүмкіндік береді және пайдаланушы оны тыңдау үшін файлды өзі іске қоса алады. SoundCite қызметі де қызықты шешім бола алады, оның көмегімен ойнатқышты мәтін фонына ендіре аласыз. Мұның бәрі өте жинақы көрінетін болады.

Материалды беттеу мақала мәтініне басқа да компоненттерді (мысалы, фотосуреттер) ендіруді көздейді. Оларды жүктеу қиын емес және түрлі онлайн–платформаларды пайдалануды қажет етпейді, көбінесе таңдалған платформаларға беттеу үшін ендірілген суреттер жүктеу құралын пайдалану жеткілікті. Бірақ егер сіз әдеттегі статикалық фотосуреттен интерактивті нұсқа жасағыңыз келсе, ThingLink.com сервисін пайдаланыңыз. Ол суретке бірнеше маркер қосуға мүмкіндік береді, оны бассаңыз, қосымша ақпарат көрсетіледі. Ал Juxtapose сервисі оқырманға екі фотосуретті салыстыруға береді. Олар үстіңгі фотосурет нені жасыратынын көру үшін арнайы пердені қозғауы керек.

Тағы бір мәселе – деректерді визуализациялау үшін инфографика жасау. Ол үшін Infogram.com, Easel.ly не Piktochart.com платформаларын пайдаланыңыз.  Дайын инфографиканы сурет форматында жүктеп, сайтта орналастыруға болады. Бірақ егер сіздің оқырманыңызға өзара әрекеттестік ететін интерактивті инфографика қажет болса, онда қою кодын пайдаланған жөн. Оны “embed” кілтсөзі қойындысынан таба аласыз. Бұл Embed кодын мақаладағы инфографика көрсетілетін орынға қойыңыз.

Көрсетілген сервистермен қатар Tableau Public бағдарламасын пайдалана аласыз. Ол үлкен деректерді визуализациялау қажет болған жағдайларда таптырмас құрал болады. Оффлайн бағдарлама жұмыс істейді, бірақ дайын инфографиканы жариялау үшін интернетке қосылу қажет. Жарияланғаннан кейін инфографика Tableau сайтында сіздің профиліңізде ашылады, ол жерден Embed кодын алып, оны материал ішінде орналастыра аласыз.

Playbuzz.com платформасы да біршама қызықты. Кейде онымен бүкіл материалды беттеп шығуға болады. Бірақ көп жағдайда бұл сервис әдемі безендірілген тестілер мен сауалнамалар жасау үшін қолданылады.

Материалыңызда бейнені орналастыру да қиындық тудырмайды: YouTube не Vimeo–да бейнені жариялайсыз, embed кодын аласыз және материалға ендіресіз. Мұндайда бейнені өз хостингіңізге жүктемеген жөн, себебі ол біраз орын алады және әдепкі параметрлер қолданылған жағдайда оқырмандар үшін бейнелер салыстырмалы түрде баяу жүктеледі. Мұның себебі: аталған видеохостингтер бейнелеріңіздің әр түрлі ажыратымдылықтағы бірнеше көшірмесін жасайды және мақала оқырманының интернет байланысы жылдамдығына қарай ол тез жүктей алатын нұсқаны көрсетеді.

Кейбір жағдайларда материалды толығымен интерактивті хроника форматында беттеуге болады. Timeline JS сервисі мәтінді, фотосуреттерді, бейнелерді, Википедиядан немесе Твиттерден алынған ендірмелерді орналастыруға болатын хроника. Толық материалды жинау үшін осы функцияның өзі жеткілікті болуы мүмкін.

StoryMap JS сервисі де осыған ұқсайды, тек онда сіз өз хикаяңызды интерактивті карта форматында жинайсыз.

Интерактивті карталарды GoogleMyMaps қызметінде де жасауға болады. Ол танымал Google карталарының негізінде жұмыс істейді. Оның көмегімен қозғалыс маршруттарын және жеке орындардағы нүктелерді орналастырып, картадағы жерлерді белгілеп, интерактивті картаны жасай аласыз. Сізге 9 базалық карта қолжетімді болады.

Дайын материалдар мұндай жағдайда да embed кодтарының көмегімен мақалаңыздың ішінде орналастырылады.

Жалпы материалға әр түрлі компоненттерді ендірудің көптеген мүмкіндіктері болуы оларды барлық мақалаларда пайдалану беруді білдірмейді. Бұл істе ең бастысы – шамадан артық кетпеу. Мәселеге практикалық тұрғыдан қараңыз және баяндаманың мағынасын беріп, оқырманды сипатталған оқиғалардың атмосферасына кіргізетін компоненттерді ғана пайдаланыңыз. Барлық көрсетілген компоненттер оқырманның материалды оқуына кедергі келтірмей, оның қажетті эмоцияларын тудырып, әңгімедегі кейіпкерлерге жаны ашуына түрткі болуы тиіс.  Мультимедиалық материалдарды жасаудың түрлі құралдарының саны мен мүмкіндіктері артқаннан кейін, оларды пайдаланудың өзектілігі мен сәйкес келуі мәселесі ашық күйінде қалып отыр.

 

Егер сіз емле қатесін тапқан болсаңыз, бізге мәтінді таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басу арқылы хабарлаңыз.

Жүктеу
Басып шығару