Жүктеу
Басып шығару

Сенімді серік: зерттеуші журналистің 13 қауіпсіздік ережесі

Журналистік зерттеу – қазіргі кездегі ең танымал жанрлардың бірі. Бұл ақпаратты ұсынуда ең тиімді және журналистің жеке қауіпсіздігі тұрғысынан өте қауіпті әдістердің бірі. 

CABAR.asia Factchek.kg бас редакторы Болот Темировпен бірге материалды дайындау кезінде зерттеуші журналистің өзін, жақындарын және деректерін қорғауға көмектесетін бірнеше ережелер дайындады.

Ақпаратты қорғау

1

Зерттеу кезіндегі ең маңызды қауіпсіздік параметрі – ақпараттық қауіпсіздік. Сондықтан, барлық гаджеттерге – телефондарға, компьютерлерге, планшеттерге – осы процессте қолданылатын барлық жабдықтарға күрделі құпиясөз қоямыз.

Күшті құпиясөз дегеніміз не?  Бұл әр түрлі регистр, цифр және символдардан тұратын комбинация. 

Өзіңізбен қандай да бір жолмен байланысты сандардың, әріптердің немесе екеуінің де тіркесін ешқашан құпиясөз ретінде қолданбаңыз.  Туған күн датасы – деректерді хакерден қорғаудың ең нашар әдісі.

2

Google Drive немесе кейбір серверлерде сақталған деректерге қол жеткізу тек құпиясөз бен екі факторлы аутентификация арқылы ғана жүзеге асырылуы керек.

Екі факторлы аутентификация – бұл екі деңгейлі тіркелгі деректерді сұрау арқылы қызмет пайдаланушыны сәйкестендіру әдісі, бұл акканутты күмәнді қызметтерден тиімді қорғаудың бірден бір жолы. Іс жүзінде: бірінші – логин мен пароль, екіншісі – SMS немесе электрондық пошта арқылы келетін арнайы код.

Дегенмен SMS код әлеуметтік желілердегі және поштадағы тіркелгілерді қорғаудың ең жақсы әдісі емес, сондықтан екі факторлы аутентификацияны Google Authenticator-ге байланыстыру ұсынылады.

3

Құпиясөздерді, тіпті ең күрделілерін, сіздің жадыңызда сақтаған абзал.  Бірақ бұл қиын болуы мүмкін. Оның үстіне күшті құпиясөзде ассоциациялар да болмайды. Шешімі, сіз өзіңіздің парольдеріңізді LastPass немесе 1Password сияқты қызметтердің біріне тапсыра аласыз да, жадыңызда бір ғана кілт сөзді сақтай аласыз.

4

Құпиясөзсіз гаджеттеріңізді қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмаңыз.

Егер сіз құпиясөзді телефоныңызға көпшілік алдында енгізсеңіз, сізді бақылап отырған адам (қауіпсіздік камерасының объективі арқылы немесе жеке өзі) таңбаларды үлкейте алмайтындай етіп енгізіңіз.

5

Хат алмасу үшін сіздің сайтыңыздың доменіне байланған пошта серверлерін қолданған дұрыс. Егер жоқ болса, Gmail немесе Protonmail ұсынылады.

Иә, мұнда да күрделі парольдер мен екі факторлы аутентификация ережесі қолданылады.

6
Ақпарат көздерімен немесе тергеу тобының мүшелерімен сөйлесу үшін транзит кезінде деректерді шифрлайтын мессенджерлерді қолданған жөн.  Бұл ретте Signal қолайлы. Дауыстық хабарламалар жіберу үшін Telegram немесе WhatsApp-ты пайдалана аласыз. Осы мессенджерлерді пайдалана отырып, қоңырау шалсаңыз болады.

Өзімізді қорғау

1

Өзіңіздің парақшаңызда қазіргі уақытта қай жерде екеніңізді көрсететін геотегтері бар жазба жарияламаңыз. Егжей-тегжейі сіздің орныңызды анықтауға көмектесетін фотосуреттерді орналастырудан аулақ болыңыз. 

2

Адамдар сіздің тұрақты маршруттарыңызды неғұрлым аз білсе, соғұрлым жақсы болады. Жалпы жолжүріс әдеттеріңізді өзгертіп отыру да пайдалы: жұмысқа аптасына кемі екі рет жаңа бағытпен барып, өзіңізді сынап көріңіз.

3

Сіз жұмыс істейтін кеңсенің немесе жұмыс орныңыздың мекен-жайын бәріне айтпағаныңыз абзал.

4

Өзіңізді бәрінен қорғай алмайсыз, әрине, бірақ егер сіз зерттеуші журналист болсаңыз, онда бос уақытыңызды қайда өткізетіндігіңіз туралы ақпаратты мүмкіндігінше аз бөлісуге тырысыңыз.

5

Әрқашан мұқият болуыңыз керек.  Адам көп жиналатын жерлерден, жабық аулалар немесе тым оңаша мекендерден аулақ болыңыз.

6
Жақындарыңыз туралы ақпарат айтпаңыз – бұл сіздің отбасы мүшелеріңізді қорғаудың жалғыз әдісі.
7

Зерттеу басталғаннан бастап, ол жарияланғанға дейін – ең қауіпті кезең.

Егер алдын ала ақпарат таралса, журналист үшін қауіп жоғарылайды, өйткені тергеу объектісі материал дайындалып жатқанынан хабардар болады. Сол сияқты журналист түсініктеме алу үшін екінші жақпен байланысқан кезде де қауіптілік арта түседі.

Журналистік зерттеу жарияланғаннан кейін, әдетте, қауіп деңгейі төмендейді.

Егер сіз емле қатесін тапқан болсаңыз, бізге мәтінді таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басу арқылы хабарлаңыз.

Жүктеу
Басып шығару