Адам құқықтары жөнінде баспасөзде жазу. Журналистерге арналған практикалық нұсқаулық
Бұл – Орталық Азия елдері журналистеріне адам құқықтары тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарында сауатты жазуды көрсететін нұсқаулық. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және АҚШ–тың танымал БАҚ редакторлары, медиасарапшылары, адам құқығы жөніндегі мамандар ОА журналистеріне адам құқықтарының бұзылуы туралы материалдар жазудағы біліктілігін арттыруға көмек болатын қауіпсіздік, құқық, контен және психология мәселелері бойынша кеңестерін береді. Басылым «Орталық Азиядағы БАҚ көмегімен адам құқықтарын қорғау және құқық қорғау жөніндегі сауаттандыру» жобасы аясында әзірленді. Жобаны IWPR Еуропалық Комиссияның қаржыландыруымен жүзеге асырады.