Қырғызстандағы БАҚ және құқық қорғаушы ұйымдар арасындағы өзара әрекеттесу деңгейі

Негізгі зерттеу. IWPR «Демократиялық реформаларды дамыту үшін журналистік зерттеулер тәжірибелерін қалыптастыру: құқық қорғаушы ұйымдар, мемлекеттік институттар мен БАҚ өкілдері арасында өзара әрекеттесуді жолға қою» жобасын іске асыру кезінде бастапқы дағдайды анықтау үшін 2015 жылдың ақпан айынан бастап сәуір айына дейін Соғыс және Бейбітшілікті баяндау Институтының Қырғызстандағы өкілдігі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен құқық қорғаушылар арасында зерттеу жүргізді. Құқық қорғаушы ұйымдар БАҚ-тарды өз жолдауының пәрменін күшейту және аудиториясын кеңейту құралы ретінде қолданатындықтан, зерттеу мақсаты БАҚ және құқық қорғаушы ұйымдар арасында адам құқықтарын қорғауға қатысты проблемаларды шешуде әріптестік деңгейін анықтау болды. Сонымен қатар зерттеу барысында журналистік зерттеулерді жүргізу кезінде құқық қорғаушы ұйымдар мен БАҚтың өзара әрекеттесу мүмкіндігін анықтау талпынысы жасалды. Бұған қатысты мақаланы мына сілтемеге өтіп жүктей аласыз: