Медиадағы ғадауат тілі дегеніміз не? Мұны түсіну үшін бірнеше факторларды анықтау керек.
Біріншіден, ғадауат тілі – бұл қандай да бір нәсіл, этникалық, діни, гендерлік немесе әлеуметтік топ өкілі үшін жағымсыз және қорлайтын медиадағы визуалды контент немесе теріс баға берілген сөздердің кез келген формалары, өшпенділік риторикасы. Ғадауат тілі дискриминацияның бір формасы болуы, алауыздыққа немесе төзбеушілікке арандатуы мүмкін. Ал кейде шаблонды сөздер позитивті баяндауды кездессе арандатпауы да мүмкін.
Ғадауат тілі – бұл қандай да бір нәсіл, этникалық, діни, гендерлік немесе әлеуметтік топ өкілдері үшін жағымсыз және қорлайтын визуалды контент пен теріс баға берілген сөздердің кез келген формалары болуы мүмкін.
Парадокс мынада – ғадауат тілі сөз бостандығының бір бөлшегі және көп жағдайларда оған тыйым салына алмайды. Алайда сөз бостандығы ішкі этика мәселесі екенін есіңізден шығармаңыз, ал конфликт–сезімтал журналистика дәл осы қағида бойынша құрылады.
Сөз бостандығы – бұл өз пікірін ұстану, ақпарат пен идеяларды қандай да бір араласу немесе шектеулерсіз еркін алу және тарату құқығы.
Көбінесе өшпенділік риторикасы бір жағынан объективті, бірақ сонымен қатар мазмұнның сөздік формасы жағынан кейбір адамдар үшін жәбірлі болуы мүмкін стереотиптер мен кемсітетін клишелер арқылы көрініс табады.
Мысалы, сезімтал тақырыптардағы баяндарда журналистер кеййде кейіпкерлерді жалпылама штамп сөздерді және конфликтогенді стереотиптерді қолдана отырып сипаттайды.
Клише – бұл бұқаралық санада қандай да бір топ өкілін шаблонды белгілеу ретінде қалыптасқан стилистикалық реңк берілген штамп сөздер. Стереотиптер – бұл бір топ өкілдерінің екінші топқа қатысты жалпылама пікірі.
Ғадауат тілінің мынадай мысалдары медиада келесілерді сипаттау кезінде жиі кездеседі:
діни топтарды,
«Оның экстремистердікіндей сақалы бар және қысқа балақ шалбар киіп алған». «Маршруткада жанымда бет–аузын бүркеген келіншек пен сақалбай отырды. («ОА медиатехнологиялар мен бітімгерлік мектебінің ғадауат тілі медиамониторингінен алынған мысалдар оқу мақсатында көрсетілді»)
этникалық,
«Азиат чуркалар мен кавказдықтар қатысуымен болған төбелес». «Олардың балалары мектепке бармайды, өйткені сығандардың бәрі – ұрылар, олар күнделікті осы бизнесімен айналысады» («ОА медиатехнологиялар мен бітімгерлік мектебінің ғадауат тілі медиамониторингінен алынған мысалдар оқу мақсатында көрсетілді»).
гендерлік,
«Олар пайғамбар хадистеріне сай жасап жатқанын көріп отырмыз ғой. Көгілдірлер мен педофилдерді жоғарғы қабаттан лақтырып жібереді» («ОА медиатехнологиялар мен бітімгерлік мектебінің ғадауат тілі медиамониторингінен алынған мысалдар оқу мақсатында көрсетілді»)
әлеуметтік топтар.
«Ауылдан келген мәмбеттер астананың сұрқын кетірді. Бәрін жинап, кері қайтару керек!» («ОА медиатехнологиялар мен бітімгерлік мектебінің ғадауат тілі медиамониторингінен алынған мысалдар оқу мақсатында көрсетілді»).
Осы берілген мысалдарда клише мен стереотиптер ғадауат тілінің теріс бағаланатын типі болып табылады. Оларға тыйым салына алмайды, себебі олар заңға қайшы емес. Алайда этика мен әдептілік тұрғысынан журналистер өз баяндарында мұндай тұрмыста қолданылуы әдетке айналған, кемсіту конструкцияларын пайдаланбауы тиіс. Бұл мұндай стилистикалық реңкі бар штамптар әсіресе конфликтіге сезімтал тақырыптарға жазылған материалдарда онсыз да осал топты одан сайын демонизациялап, аудиторияның оған қатысты негативті көзқарасын күшейтуі мүмкін.
Қоғамның осы сипатталған топтарға қатысты төзбеушілігін одан әрі күшейтпеу үшін бұл клишелер мен стереотиптерді қандай сөздермен алмастыруға болар еді?
««Оның экстремистердікіндей сақалы бар және қысқа балақ шалбар киіп алған»
«Маршруткада жанымда бет–аузын бүркеген келіншек пен сақалбай отырды.
«Азиат чуркалар мен кавказдықтар қатысуымен болған төбелес».
«Олардың балалары мектепке бармайды, өйткені сығандардың бәрі – ұрылар, олар күнделікті осы бизнесімен айналысады»
«Олар пайғамбар хадистеріне сай жасап жатқанын көріп отырмыз ғой. Көгілдірлер мен педофилдерді жоғарғы қабаттан лақтырып жібереді»
«Ауылдан ағылып келген мәмбеттер астананың сұрқын кетірді. Бәрін жинап, кері қайтару керек!»
Қалай жазуға болмайды және қалай жазылуы тиіс:
«Оның экстремистердікіндей сақалы бар және қысқа балақ шалбар киіп алған»
«Ол адамның сақалы бар және шалбарының балағы қысқа еді».
«Маршруткада жанымда бет–аузын бүркеген келіншек пен сақалбай отырды.
«Маршруткада жанымда жаулық таққан әйел мен сақалы бар еркек отырды».
«Азиат чуркалар мен кавказдықтар қатысуымен болған төбелес».
«Оншақты адам қатысқан төбелес»
«Олардың балалары мектепке бармайды, өйткені сығандардың бәрі – ұрылар, олар күнделікті осы бизнесімен айналысады»
«Олардың балалары мектепке бармайды, олардың өздері жұмыс істемейді және көшеде қайыр тілеп жүреді, мұнымен күнделікті айналысуға мәжбүр»
«Олар пайғамбар хадистеріне сай жасап жатқанын көріп отырмыз ғой. Көгілдірлер мен педофилдерді жоғарғы қабаттан лақтырып жібереді»
«Олар пайғамбар хадистеріне сай жасап жатқанын көріп отырмыз ғой. Көгілдірлер мен педофилдерді жоғарғы қабаттан лақтырып жібереді»
«Ауылдан ағылып келген мәмбеттер астананың сұрқын кетірді. Бәрін жинап, кері қайтару керек!»
«Ауылдардан келген ішкі мигранттардың арасында астана тазалығын сақтамайтындары бар»
Ғадауат тілі журналистердің мәтіндерінде жасырын формаларда да кездесіп қалады. Кейде қауіпсіздік мәселелерін көтеру кезінде репортерлер өшпенділік риторикасын терминдерді бұрмалау және түсініктерді алмастыру түрінде қолданып, оның қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін ойланбайды да. Мәселен газеттегі мақаланың мына жолдарында:
«Дереккөздің айтуынша Д. сабырлы адам болған. Ол сол сәтте терракт ұйымдастырушысы мешітке бармағанын айтты».
Бұл сөйлемнен мынадай қорытынды жасауға болады:
Сабырлы адам мешітке барып жүргенде террактілер жасай бастады. Жасырын риторика түсініктерді алматыруда ғана емес, сонымен бірге исламды лаңкестікпен негізсіз араластыруда жатыр.
«Дереккөздің айтуынша Д. сабырлы адам болған. Ол сол сәтте терракті ұйымдастырушысы мешітке бармағанын айтты».
- түсініктерді алмастыру
- негізсіз
- исламды лаңкестікпен араластыру
Ал мынадай конструкцияда кемсітетін клише болмаса да, өшпенділік риторикасы формаларының бірі болып саналады және “Өз этникалық тобының артықшылығы туралы пайымдау” ретінде жіктеледі.
«Біз ұлы халықпыз! Біз әлемге ұлы суретшілерді, ақын–жазушыларды бердік! Өзіміздің ұлылығымызды ұмытпайық!».
Бұл жерде этникасына қарап топтың ұлылығын кесіп айту автоматты түрде осы мемлекетте өмір сүріп жатқан басқа этностарды төмендететінін, ал БАҚ осы пікірді тарату арқыы осы топтардың маргиналдануына ықпал ететінін көбісі түсіне бермейді. “Ұлт” сөзінің орнына елдің атауын қолданып, былай жазған жөн болар еді: «Біз пәленше елдің ұлы халқы», деген позитивті конструкция қоғамның бірігуіне ықпал етеді.
«Біз пәленше елдің ұлы халқы»
Ғадауат тілінің тағы бір кең тараған түрі жалпылама стереотиптер мен жорамалдар арқылы діни, этникалық немесе кез келген әлеуметтік топтың негатив образын жасау.
«Барлық жұмыс орындарын қытайлар жаулап алған соң ат төбеліндей аз ғана қырғыз халқы Ресейге күнкөріске кетуге немесе Сирияға жихадқа кетуге мәжбүр».
Мақаладан алынған бұл мысалда ғадауат тілінің түрлі типтері түріндегі бірнеше қателік бар:
Біріншіден – бұл дәйектермен расталмаған жалпылама стереотип – қытай этникалық тобын негатив контексте атап өту.
Бір мезетте оң жақтан да сол жақтан да жазулар қосылады:
«барлық жұмыс орындарын қытайлар жаулап алған» –
Бұл ешбір дәйектермен расталмаған жалпылама стереотип– қытай этникалық тобын негатив контекстте атап өту:
Содан соң жоғарыда жазылған сөйлем сыызылып тасталып келесі жазба пайда болады:
БЫЛАЙ ЖАЗЫЛУЫ ТИІС: «Қырғызстандағы жұмыссыздық …% құрайды. Ал жұмыс орындарының …% шетелдіктер алып отыр (қандай елдердің азаматтары және ҚХР азаматтары қанша жұмыс орын алып отырғаныын көрсетуге болады)».
Екіншіден – бұл этникалық топтың минимизациясы арқылы этникалық топтың негатив образын жасау. “Ат төбеліндей аз ғана” теңеуімен этносты атап көрсететін мұндай құрылым осы этнос өкілдерінің бойында құрып бара жатқандай сезім тудыруы мүмкін.
Quiz Maker – powered by Riddle