Жүктеу
Басып шығару

Инга Сикорская: Ғадауат тілінің заңға қайшы формалары [журналистерге кеңестер]

Мәтіндерде, пікірлерде, цитаталарда заңға қайшы контент саналып, жариялануы қылмыстық жазаға дейін санкцияларға әкелуі мүмкін өшпенділік лексикасын  теріс бағаланатын, дегенмен сөз еркіндігі тұрғысынан айтылуы мүмкін ғадауат тілінен айыра аласыз ба?

Егер бұл сұраққа сенімді түрде “иә” деп жауап берсеңіз, онда сізге бұл мақаланы соңына дейін оқудың қажеті болмас, себебі сіз тіл сараптамасы саласында біліктілігі жоғары маман шығарсыз.

Алайда Орталық Азия елдеріндегі журналистер мен онлайн контент жасаушылар осы мәселеде жиі пікірталасқа түсіп, ортақ шешімге келе қоймайды. Тіпті медиадағы ксенофобиялық риторика мен ғадауат тілі бойынша халықаралық құжаттарды терең зерттеудің өзі бұл проблемадан нақты түсінік бермейді.

НЕЛІКТЕН?

  1. Орталық Азия елдерінің заңнамасында “ғадауат тілі” термині ешқай жерде кездеспейді. Алайда журналистиканың халықаралық стандарттары түрлі төзбеушіліктердің туындауына ықпал етпеу үшін “ғадауат тілін” пайдаланудан бас тартуды ұсынады. Бұл туралы жаңа желілік этика және әдеп туралы көптеген халықаралық және еуропалық кодекстерде де айтылады.[1]
  2. Халықаралық тәжірибеде “ғадауат тілінің” заңға қайшы формалары антидискриминациялық заңнамалар ретінде жіктеледі. Оларда негізгі түсінік жария түрде өшпенділікке арандатуға қатысты (ағыл. incitement of hatred). Ол халықаралық құқық теорминологиясына негізделеді және күрделі салдарға әкелуі мүмкін қауіпті іс–әрекеттерге итермелейтін сөздерді қылмысқа жатқызады. Сондықтан көптеген елдердегі журналистер заңға қайшы ғадауат тілінің не екенін, сөз еркіндігі тұрғысынан айтылуы бірақ теріс бағаланатын сөздердің не екенін айқын біледі.

 ЗАҢҒА ҚАЙШЫ ҒАДАУАТ ТІЛІ –

бұл қандай да бір топ қатысында дикриминациялық және зорлыққа арандататын сөздер және көбіне онлайн ресурстарда жарияланатын визуал контент формалары. Мұндай заңға қайшы ғадауат тілінде жазылған конструкциялар көбіне әдейі таратылады және Интернеттегі контентті қадағалайтын компаниялар шешімі бойынша өшіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

ТЕРІС БАҒАЛАНАТЫН ҒАДАУАТ ТІЛІ –

бұл қандай да бір нәсіл, этникалық, діни, гендерлік немесе әлеуметтік топ өкілдері үшін жағымсыз әрі төмендету мағынасында айтылатын негатив сөздер мен визуал контенттің кез келген формалары. Көбінесе мұндай тіл еш ниетсіз таратылады және автордың түсінігінде қалыптасқан стереотиптері негізінде қалыптасады.

 

3. Орталық Азия елдерінде бұған қатысты антидискриминациялық заңдар жоқ, ал кейбір заңдарда баптардың бұлыңғыр түсініктемелері қолданылады, оларды теориялық тұрғыда өшпенділік тілінің заңсыз формалары ретінде жіктеуге болады.

4. Орталық Азия елдерінің қылмыстық заңнамаларында «жария түрде немесе БАҚ және Интернетті қолдана отырып өшпенділікті немее алауыздықты тудыру және насихаттау» үшін жауапкершілік қарастырылған бірқатар баптар бар. Сондықтан кейде журналистер мен онлайн контент жасаушылар құқық қолдану тәжірибесінде негізінен цитаталар, пікірлер келтіру немесе визаулды образдарды тарату кезінде «өшпенділік немесе алауыздықты қоздыру» айыптарымен кездеседі.   

5. Бұған қоса, кейбір жергілікті антиэкстремистік заңнамаларда өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыру туралы баптар өзара ұқсас және мұндай әрекеттер үшін белгілі бір санкциялар қарастырылған. Мұндай интерпритация қандай да бір жария түрде айтылған кереғар пікірлер, соның ішінде сезімтал тақырыпқа қатысты осындай цитатасы бар репортаж/ комментарий/ пост заңға қайшы контент ретінде жіктелетін тәжірибе қалыптасып қалды.

Орталық Азия елдерінің өшпенділік пен алауыздықты қоздыруға қатысты заңнамасы және мұндай әрекеттер үшін көзделген санкциялар:  

Елдер Баптар және негіздемелер Санкциялар
Қазақстан Қазақстан Қылмыстық кодексінің 174–бабы, “Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік–топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру”:

Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік–топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар–намысы мен қадiр–қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк–топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл іс–әрекеттер жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік–топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату жолымен жасалса

Екi жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады
Қырғызстан Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 313–бабы,

“Нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе дінаралық өшпенділікті (алауыздықты) қоздыру:

– жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай–ақ Интернет желісін қолдана отырып нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе дінаралық өшпенділікті (алауыздықты) қоздыруға, ұлттық абыройын төмендетуге бағытталған әрекеттер, сондай–ақ азаматтардың діні, ұлтына немесе нәсіліне қатынасы белгісі бойынша ерекшелігін, артықшылығын немесе кемдігін насихаттау

ІІІ санат бойынша бас бостандығынан айыру (5 жылдан 7,6 жылға дейін)
Тәжікстан Тәжікстан Қылмыстық кодексінің 189–бабы, “Ұлттық, нәсілдік, жері немесе дініне қатысты өшпенділікті қоздыру”:

– егер бұл әрекеттер жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған болса, ұлттық, нәсілдік, жері, ұлттық, діни немесе дінаралық өшпенділікті қоздыруға, ұлттық абыройын төмендетуге бағытталған әрекеттер, сондай–ақ азаматтардың діні, ұлтына, нәсіліне немесе жеріне қатынасы белгісі бойынша ерекшелігін, артықшылығын немесе кемдігін насихаттау.

Бес жылға дейін еркіндігін шектеу немесе осындай мерзімге бас бостандығынан айыру.
Түркменстан Түркменстан Қылмыстық кодексінің 177–бабы, “Әлеуметтік, ұлттық немесе діну өшпенділікті қоздыру”:

– қасақана түрде және БАҚ қолдана отырып, әлеуметтік, ұлттық, этникалық, нәсілдік, немесе діни өшпенділікті қоздыруға, ұлттық абыройын төмендетуге бағытталған әрекеттер, сонымен бірге азаматтардың әлеуметтік жағдайы, діні, ұлтына, этносына, немесе нәсіліне қатынасы белгісі бойынша артықшылығын немесе кемдігін насихаттау.

Айыппұл немесе төрт жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру.
Өзбекстан Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 156–бабы, “Ұлттық, нәсілдік, этникалық немесе діни алауыздықты қоздыру”:

– ұлттық, нәсілдік, этникалық немесе діни өшпенділікті насихаттайтын материалдарды тарату немесе тарату мақсатында дайындау, сақтау; ұлттық ар–абыройды кемсітуді, азаматтардың діни немесе атеистік көзқарастарына байланысты сезімдерін қорлауды қасақана көздейтін, ұлттық, нәсілдік, этникалық немесе діни белгілері бойынша азаматтардың топтарына өшпенділікті, төзбеушілікті немесе алауыздықты қоздыру мақсатындағы әрекеттер, сонымен бірге азаматтардың ұлттық, нәсілдік, этникалық белгісіне немесе дінге қатысына байланысты тікелей немесе жанама артықшылықтарды белгілеу немесе тікелей я жанама түрде құқын шектеу.

Екі жылдан он жылға дейін бас бостандығын шектеу

ЗАҢҒА ҚАЙШЫ  ҒАДАУАТ ТІЛІН ТЕРІС БАҒАЛАНАТЫН ҒАДАУАТ ТІЛІНЕН ҚАЛАЙ АЖЫРАТУҒА БОЛАДЫ?

 

 

 

 

 

 

 

– ұятқа қалдыратын, сынайтын, реніш тудыратын болуы мүмкін;

– адамдардың қасиеттеріне немесе адамдар мен ұйымдардың әрекеттеріне теріс баға береді;

– қандай да бір сыны немесе теріс пікірі болады;

ТЕРІС БАҒАЛАНАТЫН

– объективті, сондай–ақ клише немесе стереотиптен құрылған жағымсыз немесе жәбірлейтін лексемадан, теріс айтылған пікірден тұрады;

– әртүрлі топтарға бағытталған гипотетикалық мақсатты түрде айтылған сөздері бар.

– қозғау салатын конструкциялар бар;

– нәсіл, этникалық, діни, гендерлік немесе әлеуметтік топтарға жәбір көрсетуге айқын шақыру;

– мұндай әрекеттің қажеттілігін негіздейді;

Мұндай әрекетті жасау тәжірибесін ақтайды;

ЗАҢҒА ҚАЙШЫ

– тыйым салынған атрибутика мен символдарды көрсетеді;

– ойға алған әрекеттің нақты сипаттамасы мен тиісті контекстін береді;

Бұл медиаконтент тарайтын жердің әлеуметтік–саяси жағдайы ширығады және осы көтерілген тақырыпқа қатысты сезімтал.

 

МАҢЫЗДЫ:

 

 

Саяси ұйымдарды, діни немесе идеологиялық бірлестіктерді немесе ұлттық не діни сенімдерді сынау заңға қайшы контент/немесе алауыздықты қоздыратын әрекет ретінде қарастырылмауы тиіс.

 

 

 

  1. Халықаралық стандарттар тұрғысынан, егер бір қарағанда айтылған сөзде, цитатада/мақалада/аудиовизуал өнімде (нәсілге, этникалық, діни, гендерлік, әлеуметтік топқа қатысты стереотиптер мен қандай да бір баға беретін клишелері бар болса) қозғау салатын лингвистикалық конструкциялар болмаса, топты жәбірлеуге нақты (гипотетикалық емес!) шақырулар болмаса, тиісті контекст болмаса, яғни көзделген әрекеттердің айқын сипаты болмаса, ал осы медиа өнім таралған жердегі әлеуметтік–саяси жағдай осы көтереліген тақырыпқа сезімтал болмаса – мұндай контент ғадауат тілінің теріс бағаланатын формасы болады, демек ол заңды саналады.
  1. Егер сіз жазған мақалада, цитатада, айтылған сөзде немесе жасаған аудиовизуал өнімде мынадай қозғау салатын конструкциялар болса: «ұрыңдар», «өртеңдер», «өлтіріңдер», «жарыңдар» және осы әрекеттер нақты сипатталса, олардың қажеттілігі негізделіп айтылса, сондай–ақ «сөйтсе ғой», «қажет», «талап етіледі», «керек»  фразаларымен бекітілсе және осы әрекет бағытталған нысан (жалпылама емес, нақты) көрсетілсе  – бұл заңға қайшы контент санатына жатқызылады.
  2. Егер сіз айтқан сөзде, цитатада, сіз жазған мақала немесе аудиовизуал өнімде жасалған әрекеттердің оң бағасы болса, елеулі себептердің, негіздемелердің болуын  көрсете отырып оларды дұрыс санасаңыз, және таңдалған әрекеттердің дұрыстығын айтып тікелей емес, жанама түрде болашақта осындай әрекеттерді жасауға итермелесеңіз; медиамәтінде логикалық байланыс, басқалар негатив бағалаған тұлғалар әрекетіне оң баға берсеңіз – бұл экстремистік істің қажеттігін ақтаған заңға қайшы контент ретінде саналуы мүмкін.
  3. Алауыздықты, өшпенділік немесе жеккөрінішті қоздыруды білдіретін әрекет деп жай ғана гипотетикалық тұрғыда төмендететін немесе қорлайтын сөздер емес, қандай да бір нәсілдік, этникалық, діни, гендерлік, әлеуметтік топқа қатысты зорлық, геноцид, депортация, діни немесе өзге экстремизм, соғыстардың қажеттілігін, осы топтың құқықтарын шектеуге азғыратын, негіздейтін немесе сендіретін сөздерді түсіну керек. Сондықтан көп жағдайларда белгілі бір адамдар қатысында төзбеушілікке шақыратын, теріс бағаланатын сөздерді білдіретін криминал емес ғадауат тілін көпшілік заңға қайшы контентпен шатастырады.

 

ЗАҢҒА ҚАЙШЫ КОНТЕНТТІ АҢДАУСЫЗДА ҚОЛДАНБАУ ҮШІН ҚАТЕЛЕСУГЕ ҚАЛАЙ ЖОЛ БЕРМЕУ КЕРЕК?

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ МЕН ҒАДАУАТ ТІЛІ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАНЫ ТҮСІНІҢІЗДЕР

 БҰЛ ҮШІН СІЗГЕ КӨМЕКТЕСЕТІН:

  • өз еліңіздің заңнамалық нормаларын білу;
  • журналистік этика мен стандарттарды сақтау;
  • жарияламас бұрын материалыңызды түрақты түрде тексеріп тұру;
  • конфликт–сезімтал тақырыпты көтергенде Журналистік терминдер глоссарийін тұрақты түрде жүргізу.

2

 

“БАЯУ ЖУРНАЛИСТИКА” ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

БҰЛ ҮШІН СІЗГЕ КӨМЕКТЕСЕТІН:

  • конфликт–сезімтал тақырыпқа жазылған материалды көп сатылы редакциядан өткізу; материалды жарияламас бұрын мейлінше көп әріптестеріңізге көрсетіп шығыңыз;
  • сипатталған топтардың теріс қабылданбауы үшін медиатекстіңізден қажетсіз детальдерді алып тастаңыз; топтарың идентификациясын жасағанда тақырыпты сенсациялық етуге тырыспаңыз;
  • егер фичерз жазсаңыз нәсіл, этника, дін, гендерлік сәйкестік және өзге белгілер тақырыбында қалжың аралас көркем формаларды қолданбаған жөн;
  • егер сіз қолданатын қандай да бір цитата, немесе сіз сипаттайтын мысал расистік, ксенофобиялық болып көрінуі мүмкін деп ойласаңыз, бұл дәл солай – журналистік интуицияңыз сізді ешқашан алдамайды;
  • осы мақала арналған адамдарға емес, не жазып отырғаныңызға көбірек мән беріңіз.

 

[1] CODE OF CONDUCT ON COUNTERING ILLEGAL HATE SPEECH ONLINE, URL https://ec.europa.eu/info/sites/info/files/code_of_conduct_on_countering_illegal_hate_speech_online_en.pdf

[2] Уголовный кодекс Республики Казахстан, 2014 год, https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31575252&doc_id2=31575252#activate_doc=2&pos=223;-458&pos2=2359;-444

[3] Уголовный кодекс Кыргызстана, 2019 http://cbd.minjust.gov.kg/act/view/ru-ru/111527

[4] Уголовный кодекс Таджикистана, 1998 год, http://base.spinform.ru/show_doc.fwx?rgn=2324

[5] Уголовный кодекс Таджикистана, 1998 год, http://base.spinform.ru/show_doc.fwx?rgn=2324

[6] Уголовный кодекс Узбекистана, 1994 год, https://abortion-policies.srhr.org/documents/countries/05-Uzbekistan-Criminal-Code-1994.pdf

Егер сіз емле қатесін тапқан болсаңыз, бізге мәтінді таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басу арқылы хабарлаңыз.

Жүктеу
Басып шығару