Көбісі нақтылық, объективтілік пен әділдік жақсы журналистиканың негізі болып табылатынын құптайды. IWPR ұйымындағы кәсіби дайындықтың негінде жатқан да осы қағидалар.
Журналистика да оқиғаларын жария ететін осы әлем секілді сантүрлі. Жаңалықтарды жариялайтын журналистер сенсациялық материалдар дайындап, танымал адамдар туралы жазатын немесе апталық газеттегі шолушы қызметін атқаратын жандарға қарағанда өзгеше жұмыс істейді. Америкалық репортер жұмысы көп жағдайда британ журналистінің тәжірибесіне қарағанда біршама басқаша, бірақ екеуінің жазуы де олардың еуропалық БАҚ-тағы әріптестеріне қарағанда мүлдем өзгеше. Басқа континенттер мен аймақтардың стильдері одан да үлкен айырмашылықтарға ие болуы мүмкін.
Десек те бұл сантүрлілікті ескере отырып, дүниежүзінің журналистік ұйымдары кәсіби этика қағидаларын реттеуге тырысқан.
Көбісі нақтылық, объективтілік пен әділдік жақсы журналистиканың негізі болып табылатынын құптайды. IWPR ұйымындағы кәсіби дайындықтың негінде жатқан да осы қағидалар
Бұл тарауда сол халықаралық стандарттарға шолу жасалып, жақсы журналистиканың мәнін қалыптастырушы негізгі элементтер қарастырылады.
Айырмашылықта бары сөзсіз, тек олар көп жағдайда сөз мәнері мен екпін қоюда ғана көрінеді. Біз төменде ұсынған затқа назар аударыңыз.
■ Объективтілік пен нақытылық ВВС репортерлары жұмысындағы негізгі қағидалары болып табылады.
■ Жапон баспагерлер және газет редакторлары қауымдастығының ережелері газеттерді «бейбіт болашақ пен өркендеуді қамтамасыз етуде үздіксіз күш салуды» міндеттейді.
■ Қырғызстан журналистерінің қауымдастығы өзінің этикалық кодексындағы басты затты нақты анықтайды: ”Журналистер ақиқатқа қызмет етуге міндетті. Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ақиқат іздеуде”.
Осы абырой кодекстарының бәрі де журналистерге келесідей дүниелерден аулақ болу керек деген ойда пікірлес:
■ плагиаттан (басқалардың материалдарын өз жұмысы ретінде көрсету)
■ пара алудан
■ Оқиғаларды ойлап табудан (фабрикация мен бәрін ойдан шығарудан)
Әскери қылмыстарды жариялау жолдары, құрбандар мен жарақаттар жайлы айту туралы, «бұқаралық журналистикамен» айналысу жайлы немесе «жауапты репортаж» жасаудың амалдары сияқты журналистикадағы кәсіби тәсілдемелерін қолданудың көптеген әртүрлі әдіс-тәсілдері бар. Соңғысы біршама ауыр, ал кейде шиеленісті жария етудің амалдары мен ол шиеленістің келешекке әсер ету мүмкіндіктеріне назар салатын қайшылықты тақырып болып табылады. Осы тақырыптардың кейбіреулері осы оқу құралында қарастырылған.
Бірақ осының бәрінің негізінде және масс-медианың қоғам дамуына тигізген үлесі мен демократия қалыптасуының негізінде фактілеге сүйенетін оқиғаларды жариялау жатыр.
Қоғамдық талқылау жүргізуді қамтамасыз ету, шенеуніктердің қоғам алдындағы есеп сапасын арттыру мен электоратты ақпараттандыру – бұл демократиялық қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралданың ең басты міндеттері.
Көптеген кәсіби кодекстер бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат сенімділікті қамтамасыз етудегі жетекші рөлін айқындайтыны сөзсіз.
Негізгі элементтер
Журналистердің абырой кодексінің әрбірінде дерлік журналистік тәжірибедегі негізгі деген кем дегенде үш фактор бар: бейтараптық, нақтылық пен әділдік. Олар жалпыға ортақ стандарттар ретінде қарастырыла алады.
Этикалық өлшемшарттар да ақпарат жинау кезінде әділдік пен әдептіліктің қажет екенін айқындауда. Көптеген кодекстер дереккөздерді қорғау ақпарат іздеудегі маңызды құрамдас бөлігі екенін анықтап көрсетеді.
- Бейтараптық
Абырой мен тәртіп ережелерінің журналистік кодекстерінің көбісі оқиғаларды сипаттау кезінде «бейтараптылық» пен «тәуелсіздікті» алдыңғы қатарға қояды. Бірақ бұл тұжырымдама анықтау кезінде қиындық тудыруы мүмкін.
Бейтараптық басқаларға нұқсан келтіру арқылы бір партия, дін, халық не топтың қолдауын қамтамасыз етпеуді білдіреді. Ол саясат пен екі тарап мәлімдемелері және бір партия немесе бір топтың екінші тарапқа айтуы мүмкін ескертпелері жайлы әділ ақпарат беруге мүмкіндік береді. Бірақ журналистің өзінің пікірін тура білдірмей, өз пікірін бермеуі немесе өзінің саяси көзқарастарын айтпауы тиіс қағида негізгі болып табылады.
Теңдестірілген журналистика факті мен пікір арасындағы айырмашылықтардың аражігін ажыратқан.
Көп мемлекетте басылымдардың редакциялары белгілі бір қаржылық қолдаусыз өмір сүру мүмкін емес деп есептейді. Ал саясатқа ықпал көрсетіп жатқан саяси партиялар мен топтар немесе саяси мүддесі бар ықпалды бизнесмендер оларға осындай қызметті көрсете алатын орынды кандидаттар ретінде көріндеі. Ондай жағдайларда газеттерге оқырмандар олардың бейтараптылығы жөнінде өзіндік пікірін қалыптастыра алу үшін кем дегенде өздерінің қаржы көздері жайлы хабардар еткен жөн.
Жауапкершілігі жоғары басылымдар редакция пікірмен жарияланатын жаңалықтар арасындағы нақты шекараларды айқындайды. Жаңалықтар бірінші бетте көрсетіледі, ал бас мақалалар мен пікірлер ішкі беттерде орналасады және арнайы белгіге ие болады. Кейбір газеттер «аналитикалық» деп аталатын мақалаларды жариялайды. Осылайша, бір журналистің көзқарасын көрсетеді, ал оны тікелей жаңалықтардан ажырату үшін оларды «жаңалықтар аналитикасы» деп атайды. Көп газетте жаңалық жазумен айналысатын редакциялық топтар және редакциялық мақалалар әрі комментарийлер дайындайтын редакциялық топтар бір-бірінен өте алшақ жұмыс істейді. Оларға тіпті өзара байланыс ұстап тұруға да рұқсат етілмейді.
Батыста көптеген масс-медиа мен басылымдар жекеменшік компанияларға тиесілі және коммерциялық тақырыптардағы объективті материалдарды жариялау өте байқампаз болуды талап етеді. Редакциялық және коммерциялық не жарнама бөлімдері бір-бірінен толықтай оқшауланған.
Баспагер не БАҚ иесі жарияланымның мазмұнына әсер еткісі келгендіктен редактордың жұмыстан шығуға мәжбүр болған жағдайлары да кездеседі. Ал егер редактор осылайша іске араласқаннан кейін жұмыста қалса, онда ол кейбір басылымдардың беделінің түсуіне алып келген.
Көбінде даулы жағдай газет немесе телерадио хабар таратушы компаниялар БАҚ иесін немесе эфир уақытының не газет беттеріндегі басым көпшілік жарнамаға тапсырыс беретін компанияларды ыңғайсыз жағдайда қалдыруы мүмкін маериалдары бар болған кезде туындайды. Егер редакция сыни материалды жарияласа, онда табыс көзін жоғалтып алуы мүмкін. Ал егер жабулы қазақ жабулы күйінде қалса, онда ол БАҚ біржақты атанып, өз беделін түсіреді.
Саяси объективтілікті көптеген себептің кесірінен ұстану қиын. Кейбір елдерде бұқаралық ақпарат құралдары билікті сынаған жағдайда тікелей қысымға ұшырап, олар тәуелсіз бағытты ұстанғысы келсе де «шетелдік биліктердің жақтастары» және қолшоқпары деп қабылданады. Қоғам өте қатты полярланған кезде өз сөзіңде тұру одан әрі қиындай түседі.
Әлдеқайда қарапайым себептер бойынша да объетивті болу ауыр. Мемлекет президентінің аузынан шыққан сөз ауыл тұрғының пікіріне қарағанда маңыздылығы жоғары жаңалық ретінде қабылданатыны сөзсіз. Тіпті мемлекет басшысы ашық пропаганда жасап, ал сол сәттегі қарапайым шаруа қожалығының қызметкері мемлекеттік саясат негізіне қатысты шаш етектен келетін мәселелерді айтса да солай.
2. Нақтылық
Әрбір журналистік кодекс нақтылықтың қажеттілігі туралы сөз етеді. «Мынаны дұрыс істеуге» деген ұмтылыс әрдайым жылдамдықтан басым болады. Асығып, бірақ жұмысты дұрыс істемейтін адамдар, сыйақыға үміттіне алуы шамалы.
Журналист үшін жаза алу қабілеті ақпаратты нақты, жинақы және тиімді ұсына алу қасиеті болып табылады. Ол нақты фактілерге негізделуі тиіс, осылайша репортер сенімді ақпаратты қайдан және қалай табу керектігін білуі керек.
Бұл жақсы байқампаздықтың, тыңдай алу қасиетінің, жақсы негіз болатын ой-өріс және ең алдымен сенімді ақпарат іздестіру кезінде керек адамдармен әңгіме өрбіте алуы керек екенін білдіреді.
Журналист үшін ең үздік репортерлардың біліктілігі олардың жеке таныстарының әлеуетіне байланысты екені аксиома болып табылады. Сондықтан сіз қалай байланыс орнату керек екенідігін және ұсынылған ақпаратты қалай бағалау керектігін үйренуіңіз тиіс. Бұл дегеніміз сенімді адамдарды да (олардың сізге деген сенімін тудыру керек), ондай болып табылмайтын адамдарды да анықтай білуіңіз керек деген сөз. Бір оқиға туралы қарама-қайшы пікірлер арасындағы теңдікті ұстау – өте ауыр тапсырмалардың бірі.
Көптеген журналистік ұйымдар «екі дереккөзден тұратын ережені» талап етеді, яғни нақты фактіні қабылдағанға дейін кез келген фактіні екі тәуелсіз дереккөз рас деп тануы керек.
Журналистерге хабарламаның мүмкіндігінше нақты екеніне сенімді болу үшін сұхбатты диктофонға жазу керек немесе кең көлемді жазбаларды қолмен жазу қажет. Осы жалпыға ортақ қағиданы ұстану тіпті ол адам атын дұрыс жазуға қатысты болса да журналистік әділдік пен сенімді тіреп тұрады. Нақтылық майда-шүйдеге деген мүлтіксіз назарды талап етеді, себебі ең құрығанда бір жеңіл-желпі қателік бүкіл жарияланымның сеніміне нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл дегеніміз фактілер мен бәріне мәлім ақпараттарды тексеру, тіпті екі мәрте тексеру қажеттілігін білдіреді.
Нақытылық тек фактілерге қатысты емес; ол контекстіге де қатысты. Сайлау алдында кандидатқа немесе компанияның қызметіне зиян тигізетін ақпараттың салдарлары ауыр болады. Оқырманға оның қайдан шыққанын және дереккөздің ағат ойы бар-жоғын білу өте маңызды.
Ақпаратты алға итеретін, журналист сақ болуға мәжбүрлейтін және аудиторияны әділ түсінік қалыптастыруға шақыратындай етіп ұсынылуы керек белгілі бір жасырын мүдде жоқ па? Және тұтынушының белгілі бір өнімді сынауы немесе тура осындай өнім шығаратын бәсекелес бір компания аузынан шыққан сынның арасында айырмашылық бар.
Көбісі ондай жарияланымдар кейде объективті емес деп шағымданып жатады. Бұл расымен де әсерлі сын болуы мүмкін, әсіресе егер журналист өз мүддесі үшін солай істегені белігілі болса. Немесе бұл мақала олардың пікірімен бірдей емес екенін жасырын түрде мәлімдеудің бір тәсілі болуы мүмкін.
Көптеген тәжірибелі журналистер жаңалықтар репортажында шынайы объективтілікке қол жеткізу өте қиын, тіпті мүмкін емес деуге жақын екендігімен келіседі. Журналистің жеке тәжірибесі және оның жеке идеялары іс-әрекеттің нақты жағдайын бұрмалауы мүмкін. Журналист мұны әрдайым есте сақтап, оқиғаларды сипаттауда әрқашан объективті болуға тырысуы керек.
Біріншіден, кез келген журналист фактілерге сүйенеді және фактілерді олардың сенімділігі тұсынан тексереді. Кейде журналиске жақсы мақаланы жазу үшін оның ашуын немесе алаңдаушылығын тудырған оқиғалар итермелеуі мүмкін.
Бірақ ол мақаланы негіздеу үшін ақпаратты іздеуде адал болуы керек және оның күтпеген әшкерелеу мен үрей тудырар нәтижелерге әкелуі мүмкін екенін білуі керек. Фактілерді алу және сипаттау әдісі объективті немесе кем дегенде журналистің объективті болуға тырысқанын көрсетуі керек.
- Әділдік
Сіз сұхбат алып жатқан адамдарға қатысты әділдік ақпарат жинаудағы да, оны берудегі де адалдықты білдіреді.
Сіздің сұхбаттастарыңыз бағдарлама не мақаланың не турал болатынын білуге құқығы бар; ол радио- немесе телесұхбат тікелей эфирде не жазбада бола ма; ол қалай редакциялануы мүмкін. Одан өзге олар тағы өздерін видеоға түсіріп жатқандарын білуге құқылы және егер солай болса, онда кейбір өзгерістер енгізуді талап етуге құқылы. Бірақ екі тараптың қарым-қатынасы арасындағы және оқиғаның баяндалуындағы әділдік пен әдептілік басты қағида ретінде сақталып қалуы тиіс.
Сіздің бірдеңені білуіңіз, оны өз мақалаңызда қолдана аласыз деген сөз емес. что вы что-то знаете, не означает, что вы можете использовать это в вашей статье. Сізде өзіңіз сенімділік тұсынан қорғалмайынша және көп жағдайда жазу үшін расталған, ашық және әділ жолмен алынған дереккөз болмайынша, сізде жариялау үшін ешқандай ақпарат жоқ. Тек ең жоғарғы дерлік қоғамдық мүддемен ақталатын өте сирек және ақырғы жағдаяттарда ғана ақпарат алу жолындағы заңбұзушылықты қабылаудаға болады.
Баяндау кезіндегі әділдік мәні сіз сынайтын кез келген жанға материалда айтылып жатқан сауалдарға жауап беруге мүмкіндік беруде көрінеді. Біреудің сіз ол туралы жазған мақадан көңілі түсуі мүмкін, бірақ оның пайда болуы ол үшін күтпеген жай болмауы тиіс, өйткені журналиске мүдделі адамдарға олардың тарапына айтылатын сынды жарияланым алддында талқылап алған жөн. (Ескертпе: бұл ол тұлғаға мақаланың барлығын оқу керек деген сөз емес. Бірақ оның тарапына айтылатын сынның мәнін тұсіндіру қажет.)
Егер сіз сыныңызды мақалаңыздың нысанымен талқылауды ыңғайсыз деп тапсаңыз, онда сіз бәрібір де ол материалдарды жариялау кезінде ыңғайсыздық сезінесіз. Белгілі бір адам тарапына сын айту сіздің хабарламаңызды күшейте түседі, бірақ егер сонымен қатар сіз контаргументтер мен сол адамның жақсы тұстарын да атап өтсеңіз, сіздің мақалаңыз әлдеқайда теңдестірілген болад және сыныңыздың салмағы арта түседі.
- Әділдік пен әдептілік
Журналистердің өз жұмысын қалай атқаратыны және оны қалай ұсынатыны қоғамдық сенімді қолдаудың өте маңызды болып табылады. Ал этикалық нормалар мен тәжірибе оның негізі болып табылады. Жазылған да, жазылмаған да журналистер кодексі ақпарат жинауда, тексеруде және жаңалықтарды таратуда ережені ұстану маңыздылығы туралы сөз етеді. Журналистік тәжірибеде қазір бар және уақыт өте келе туындайтын қиындықтар мен дилеммаларда рұқсат етілген заттардың шегін сезәну мен жеке этиканың бағдарына ие болу аса қатты маңызды.
Нақтылық пен әділдіктен басқа көптеген кодекстер жаңалық жазуда кезіндегі шынайылық, ашықтық пен дұрыс пайымға ие болу маңыздылығы туралы атап өтеді. Кез келген жолмен ақпаратты іздеу қажеттілігі әдеп туралы үмыту керек деген сөз емес.
Жірналистер жарақат пен шоктан азап шегуші адамдардың өміріне рұқсат етілмеген килігуден аулақ болулары тиіс және тұлғаның жеке өмірге құқығын құрметтеуі керек. Балалар мен сексуалдық қылмыс құрбандарына үлкен сақтықпен қарау керек, одан өзге көп елдердің заңнамалары оларды суретке түсіріп, аттарын атауға рұқсат бермейді. Бизнес үшін жұмыс істейтін журналистер қаржылық қызығушылықтары бар компаниялар туралы ақпараттық хабарламалардан аулақ болуы керек. Ал егер олар солай істесе, онда сондай мүдде бар екендігін жариялау керек. Мысалы, егер олардың сол компанияларда акциялары болса. Көптеген медиаұйымдар журналистер жүзеге асыратын құнды қағаздар мен сауда операцияларына деген меншік құқығын реттейтін нақты ережелерге ие.
Әзірге этикалық мәселелер ауырлыы салдарынан журналистер абыройы мен ережелері кодекстерінің көбі тым үлкен көлемдегі ережелерді декларциялаудан алшақ. Ерекше жағдайларда қалыптасып қойған тәжірибелі жаңалықтар журналистикасының ережелері қоғамдық назар көбеюі салдарынан қайта қарастырылуы мүмкін. Әдетте кәсіби кодекстер журналистерге басқа біреудің атын жамылуыға қатаң түрде тыйым салады. Егер журналист өзі әділ болмаса, жалғанды қалай ажырата алады? Сонда да кейбір кезде шенеуніктердің сыбайластағынын түбегейлі әшкерелеу үшін алдау мен қулық қажет болуы мүмкін. Мысалы, ондай адамдарды қақпанға түсіру үшін қолданылатын қулық. Ондай жағдайларда редакторлар және әріптестермен кеңескен жөн. Одан өзге өзіндік этикалық қағидаларды ұстанған дұрыс.
Тағы бір этикалық ереже келесідей: ешқашан плағиат жасамаңыз. Әрбір жаңа материал жарияланып қойған мақалалар негізінде жазылатыны сөзсіз. Бірақ материалды алып отырған әріптестердің немесе тіпті бәсекелестердің репортаждарына сілтеме жасау керек. Басқа авторлардың жұмысын ұрлап, оларды өз атыңыздан ұсынуға болмайды. Әйтпесе өз мансабыңызбен қош айтысасыз.
Сіз этикалық сипаттағы дилеммаға ұшыраған кезде әрдайым өзіңізден келесі заттарды сұраңыз:
■ Сіз еш шүбәсіз, қысылмай зиян тигізген адамдарға өз әрекеттеріңізді түсіндіре аласыз ба?
■ Егер осындай жағдай қайталанса, сіз тура осылай жасар ма едіңіз?
■ Сіз репортер емес, материалыңыздың басты кейіпкерінің орнында қандай әрекет танытар едіңіз?
■ Сіз нақты және әділетті болу үшін бәрін істедіңіз бе?
■ Сіз осы мақаладағы барлық маңызды дерлік аспектілерін анықтай алдыңыз ба?
■ Сіздің шешімдеріңіз сыртқы, әсіресе жеке ықпалдан дербес пе?
- Дереккөздерді қорғау
Журналистер абыройының кодексі әдетте ақпарат дереккөздерін қорғауға ерекше мән береді. Кейде сол үшін заңмен ашық қайшылықтар орнап жатады. Кейбіреулері дереккөздерді ашпаудың «ақылақтылық міндеттемелерге» сүйенеді.
Біз Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институтта (IWPR) ақпарат дереккөздерін қорғауды журналистің негізгі құқығы деп есептейміз. Бірақ ондай құпиялылық бүкіл әлемде халықаралық стандарт ретінде қабылданған деу өте қиын. Кейде құпиялылық бұзылып жатады. Көп жағдайда оның салдары журналист пен оның дереккөзіне ауыр тиеді. Журналистердің халықаралық федерациясы, АҚШ-та орналасқан Журналистерді қорғау комитеті; Парижде орналасқан Шекарасыз репортерлар журналистік ұйымдары журналистер дереккөздердің аттарын атау мақсатында көрсетілген қысымнан (кейде репрессивті биліктен шыққан) қорғаныс іздеген сот процестеріне қатысқан.
Тәжірибеде дереккөз құпия болуын уәде етіп, бірақ соңында оның атын жария ететін журналистер үшін ақпарат дереккөздерінің сенімін жаулап алу қиын болады. Ақпаратты беріп отырған адам немесе саяси оппонент баспасөзде батыл немесе әшкерелейтін мәлімдеме жасаған кезде шенеуніктер ол тұлғаны жазалап, келешекте басқа адамдарды осындай мәлімдеме жасаудан қорқытқысы келгендіктен оның атын білуге мүдделі.
Көп жағдайда мәселе заңдық шарттармен шектеледі. Егер журналист құпия ақпаратты анонимді дереккөзден алса, онда билік ол ақпарат құпиялылық туралы заңнаманы бұзды дегенді алға тартып дереккөзге қарсы сотқа арыздануы мүмкін.
Аталмыш сауал ақпарат бостандығы жайлы даудың негізгі мәнінде бой көрсетеді. Одан өзге көп елдер журналиске ақпарат дереккөзін қорғауға құқықты қамтамасыз етпейді және кейде (мысалы, Америка Құрама Штаттары немесе Аустралияда) мұндай жағдайларда журналистер сөз бостандығынан айырылуы мүмкін. Кейбір соттардың біршама мейірімденген ниетте болады. Олар осы тектес қорғау кезінде ең жоғарғы қоғамдық мүдделер сақталып жатқанына негізделеді. Мысалы, Еуропалық Сот журналистерге көмек көрсетуі мүмкін бірнеше шешім қабылдаған.
- Үнемі келесі заттарға мән беріңіз:
■ Процеске қатысушы барлық тараптардың пікірін білдіру. Дау болған жағдайда сіз «екі тараппен» де сөйлесуге тырысуыңыз керек. Бірақ оның жеткіліксіз болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Жанжалда “пәтуаға келмейтін топтар” болады. Бірақ онда одан өзге ресми халықаралық бақылаушылар немесе дипломаттар, тәуелсіз мемлекеттік емес тараптар мен өзіндік тұлғалар да болады. Ешкімде ақиқат монополиясы жоқ, бірақ мүддесі ең аз тұлғаның ақпараты, әдетте ең сенімдң болып табылады.
■ Біреуге қарсы айып тағылып жатқан жерде оның әділ контекстіде тағылып жатқанына көз жеткізіңіз. Ол теңдестірілген ақпарат болуын немесе өзге де маңызды факторлардың, жалқылап айтқанда, кез келген айыпқа қатысты жауапқа деген әділ құқық болуы.
■ Журналистік жұмыста ашық болу. Сіз қоғамға қызмет ететін журналиссіз және істейтін ісіңізде алдыңғы қатарда болуыңыз керек. Сіздің өз ісіңіз жайлы түсінігіңіз айқын болған сайын, дереккөздерден кінәмшіл ақпарат алуда әлдеқайда көп табысқа жетесіз.
■ Мүдделер қайшылықтарынан немесе ондай қайшылықтарды өрбітуі мүмкін жағдаяттардан қашу. Объективті журналистерге мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген жөн. Өз кәсібіңізбен айналыса отырып, саяси партияларда маңызды шен иемденіп, бейбіт шерулер туралы материал дайындап жүріп ол митингілерге қатыспаған немесе қоғамға сіздің қызмет осы жағдаяттар ықпалында қылды деп ойламауға өзге де себептер бермеген дұрыс.
■ Қаржылық қайшылықтардан алыс болу және қаламақыдан басқа сыйақы сізге ол мақаланың пайда болуына әсер етпеуіне мүмкіндік бермеу. Сіз сипаттаған оқиғаларға ықпал еткісі келетін дереккөзден ақша алу этикалық тұрғыдан мүлдем дұрыс емес. Журналистің жеке мүддесі бар компания жайлы материал дайындау да жарамайды. Не дегенмен де кейде түскі ас не мысалға фуршетке қатысуға болады. Бірақ ол сіздің жақсы сөз жазатыныңызды кепілі болмауы тиіс немесе оларға жақпайтын ақпарат жарияланбайды деген мағына бермейді. Тура солай кейбір өте сирек туатын жағдайларды есептемегенде ақпарат үшін ақша төлемеңіз. Олар редактормен ақылдасып шешуі керек.
■ Журналистерге ауыр сұрақтар қоюға тура келеді. Журналист қоғамның ақпараттандыруға деген құқығын қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді. Сондықтан ол тергеу нәтижесіне жауапты болып табылады. Бірақ бұл ол тәрбиесіз не дөрекі болуы керек деген сөз емес. ВВС-дің редакциялық нұсқаулықтары «іздеуші, күмәнді, байсалды және нақты» болуы керек дейді, бірақ «дөрекі немесе біреудің тарапына басымдылық беретін эмоционалды берілмеген» болуы тиіс деп көрсетеді.
■ Адамдар олардың сөздері не бейнелері қалай қолданылатынын білулері керек (алайда ерекше жағдайлар болады – құпия тапсырмалар не журналистік тергеу жүргізу кезінде). Сұхбаттың негізгі ережелеріне қарасты әділ болыңыз және фото және видеотүсірілімге рұқсат сұраңыздар. Бұл сіз, өкінішке орай, әскерилер өз ережелерін бекітетін қарулы жанжалды түсіріп жатқанда аса қатты маңызды болуы мүмкін. Сіздің жеке пікіріңіз қандай болғанмен де өзіңіздің дереккөздеріңізді құрметтеңіз.
■ Аты аталмаған деректерде асқан сақтықпен қолданыңыз. Кейде журналистер аттарын атамауды өтінетін ”жетекші дипломаттар” мен “жоғары шенді шенеуніктер” немесе басқа да анонимді куәгерлер дәйексөздерін қолдануы мүмкін. Бірақ ол күмәнді айып тағып немесе дереккөзді ойлап табу керек деген сөз емес(мансабыңызды аяқтауда көмектесетін тағы бір тәсіл), соңғысы журналистерге қатысты зат. Егер адамның аты көрсетілмесе, дереккөзге сенім пайда болуы үшін барынша толық сипаттама қамтамасыз етіңіз. Барлық жағдайда барынша ашық болыңыз, әсіресе сізге аса күмәншіл ақпаратты жариялауға құқық бермей тұрып, дереккөзді ақпаратты анонимді емес түрде беруге көндіруде көмектесе алатын редактормен.
Егер сіздің ақпарат шынайы болу үшін тым жақсы болса, онда оның солай болу қаупі бар. Ақыл-есті қолданып, өзіңізге ұдайы келесі сұрақтарды қойыңыз:
■ Сіз өзіңіздің ақпаратты сенімді және адамгершілікті жолмен алдыңыз ба?
■ Сіз нақты болу үшін қолдан келгеннің бәрін істедіңіз бе және фактілеріңізді растай аласыз ба?
■ Сіздің шешімдеріңіз әділетсіз ықпал мен қате түсіністен дербес пе?
■ Сіз өз мақалаңызда теңдік пен контекстіні қамтамасыз еттіңіз бе? Жекелей алғанда мақалаңызда сыналатын кез келген тұлғаға объективті пікір мен жауап құқығын қамтамасыз еттіңіз бе?
■ Ақпарат табудың, әсіресе аты аталмайтын дереккөзге қатысты басқа да амалдары жоқ па?
■ Сіздің ақпарат көздеріңіз сенімді ме және жарияланымыңызға қатысы бар барлық тараптармен тілдестіңіз бе?
■ Материал қаншалықты нанымды және оның мәні бар ма?
■ Және ең бастысы: сіз өз материалыңыз үшін жауап бере аласыз ба?
Журналистикадағы халықаралық стандарттар жайлы кәсіби журналист және редактор Лола Олимованың видеолекциясы (Тәжікстан):
Бұл тарауда сіздер қарастыған заттар:
■ Бейтараптылық, нақтылық пен объективтіліктің жалпыға ортақ тұжырымдаламары.
■ Журналистің ақпарат дереккөздерін қорғау міндеті.
■ Абырой мен кәсіби қызмет кодекстерінің ортақ қағидалары.
■ Мақала жазу мен оқиғаларды жария ету кезінде назар аудару керек кейбір мәселелер.
1 жаттығу
Полиция сізге өзінің қоғамдық және қайырымдылық қызметі үш жақсы беделге ие жергілікті бизнесменді тұтқындағалы жатқанын ”жазбадан тыс” хабарлады. Полиция қызметкерлері алақтық пен парақорлыққа қатысты айыптарды тексеріп жатқанын айтуда. Қас қарайып кетті және ешқандай ресми құжаттар жоқ.
Сіз сол бизнесменге қоңырау шалдыңыз. Ол жалаңсөз айыптар жайлы хабардар екенін растады және ертесі күні тұтұындалуын күтіп жатқанын айтты. Ол айып туралы тура жауап беруден бас тартуда. Ол отбасына айтып беру үшін сізден материал жарияланымын бір күнге шегеруді өтінуде. Егер сіз материалдың жарық көруін бір күнге шегере алсаңыз, сізді қамқорлыққа баулаймын деп жатыр.
■ Этикалық дилемма мәні неде?
■ Бұл жағдайда басқа да тәжірибелік мәселелер бар ма?
■ Сізге бұны біреумен талқылау керек пе?
■ Сізге көбірек ақпарат қажет пе?
■ Сізге ақпаратты басылымға дайындау қажет пе?
■ Жоғарыда аталған аздаған факті санының негізінде хабарламаны қалай жазар едіңіз және хабарламаны тиісті деңгейге жеткізу үшін не керек?
2 жаттығу
Сіз әскери қылмыс туралы материал жазып, осы қылмысқа көпшілік назарын тартқан маңызды бір ақпаратты жарияладыңыз. Оны істеу барысында сіз журналистикадағы барлық дәстүрлі ережелерді қатаң түрде ұстандыңыз: дереккөздерге құрмет таныттыңыз, тек қана сіз дәлелдей алатын заттарды жариялап, жазбаларыңызды тиянақты түрде сақтадыңыз.
Бірнеше жылдан кейін халықаралық трибунал сізді куәгерлік жауап беру үшін шақырады. Сіздің қолжазбаларыңыз да сотта көрсетілуі тиіс. Сізді журнастік антты бұзып, дереккөздер аттары мен сіз журналист ретінде сол кезде жарияламаған басқа ақпаратты беруге шақыруда.
Сіз болжалды әскери қылмыстар туралы айыпты қолдау үшін трибунал жұмысына қатысасыз ба? Немесе журналистің абырой кодексін қорғау мақсатында, өзіңізді тәуекелге қалдырып, бас тартасыз ба?
Одан өзге журналистиканың жоғары сапасы жайлы Жобаға жүгініңіз:
Бірнеше журналистика кодекстарының тізімі мен мәтіндері үшін:
http://www.asne.org/index.cfm?id
http://www.poynter.org/column.asp?id-32&aid=16997
http://www.nytco.com/pdf/NYT_Ethical_Journalism_042904.pdf