Жүктеу
Басып шығару

Марат Мамадшоев: журналистикадағы этика

Журналистиканың этикалық нормалары — журналист немесе БАҚ редакциясы өз еркімен қабылдайтын ережелер кешені. Этикалық нормалар өзін сыйлайтын кез келген редакцияда болуға тиіс ақпарат сапасының стандарттарымен тығыз байланысты.

Бұл стандарттардың барлығы тұтынушыға белгілі бір мәселе туралы түсінік алу үшін оған қажет әлеуметтік маңызды ақпарат көлемін жеткізуге мүмкіндік береді. Яғни, журналистер әлеуметтік маңызы жоқ деп тапқан ақпаратты таратпауға тырысады.

Мәселен, бұл оқиғаға қатысушылардың этникалық, діни, аймақтық қатыстылығы және мәселенің мәніне тікелей қатысы жоқ басқа да аспектілер туралы ақпарат болуы мүмкін. Алайда, ақпарат жалпы материал тұрғысында маңызды болмаса ғана.

Мысалы, қандай да бір қылмыс жасаған адам туралы артық мәлімет хабарламау деген сияқты ұсыныс бар.

Кейбір редакциялар тіпті күдіктілер немесе қылмыскерлердің аты–жөнін толық айтпай, бірінші әріптерін ғана береді.  Біріншіден, мұндай ақпарат осы адамдардың жақындарына, олардың кәмелетке толмаған балаларына ауыр тиюі мүмкін. Екіншіден, олардың аты–жөндері мен олар туралы нақты мәліметтердің оқырманға айтарлықтай пайдалы ақпарат бермейді. Бұл тұрғыда этикалық нормалар адамдарға ақпаратты жақсы меңгеруге мүмкіндік береді.

Белгілі тұлғалар БАҚ назарында

Бірақ аталған шектеулер белгілі адамдар мен олардың туыстарына қатысты қолданылмайды. Олар шенеуніктер, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері және т. б.

Егер қандай да бір белгілі адамның туысы немесе сол адамның өзі жасаған қылмыс туралы ақпарат расталса, мұндай ақпаратты жұртшылық мүддесінде жариялау қажет.

Жалпы, журналистер осы ережелердің барлығын ойланып қолдануды талап ететінін түсінуі тиіс.  Мысалы, журналистік этиканың көптеген кодекстерінде ұлт аралық немесе конфессия аралық алауыздық тудырмау талабы бар.

Алайда, бұл талап «этникалық қылмыс» ұғымын жоққа шығармайды, мұндай жағдай өкінішке қарай орын алуы әбден мүмкін дүние. Мұндай кездерде қатысушылардың ұлттық немесе басқа да қатыстылығы туралы айту өте орынды.

Сондай–ақ, белгілі адамдардың жеке өмірге деген құқығын жоюға да болмайды. Шектен шықпау қиын, әрине, бірақ таңдау әрқашан өз қолыңызда. Тыңдарманыңызға көзқарасыңыздың қоғамға маңызды екенін дәлелдеңіз.

Этикалық кодекстердің ұқсас тұстары мен ерекшеліктері

Журналистік этика кодексінің әр елде өзіндік ерекшелігі бар. Барлығында журналистер жұмыс істейтін ортаның ерекшеліктері ескерілген. Мысалы, Тәжікстан журналистерінің кодексінде жергілікті билікке қарсы күрес жүргізу қажеттілігі туралы айтылса, Балқан елдерінде журналистерге конфессия аралық араздық және т.с.с. қоздыру қаупі жөнінде ескертілген.

Яғни, бірұлтты ел үшін бұл нормалар артық болар еді.

Бір елдің түрлі БАҚ–тарының журналистік кодекстері де әртүрлі.

Журналистік этика кодекстерінің барлық түрінде бірнеше жалпы этикалық нормалар бар. Атап айтқанда, олардың негізгілері ЮНЕСКО аясында өткізілген журналистердің консультативтік кездесуінде тұжырымдалған.

Онда азаматтардың сенімді ақпарат алуға, жеке өмірі мен қадір–қасиетін құрметтеуге, жалпыға ортақ құндылықтар мен мәдениеттердің алуан түрлілігін құрметтеуге, соғыс және басқа да қауіп–қатерге қарсы күрес жүргізу қажеттігіне құқығы туралы айтылған.

Мұнымен қоса, Орталық Азия елдерінің этикалық кодекстерінде бұл нормалар жетілдіріліп, пысықталған.

Оларда былай делінген:

  • Материалдардың сенімді және әділ болуы;
  • Ақпарат көздерін қорғау;
  • Факті мен пікір арасында шекара болу;
  • Жеке өмірді құрметтеу;
  • Қандай да бір белгілерге қарап кемсітуге жол бермеу;
  • Коммерциялық мүдделерді көздемеу;
  • Плагиатпен айналыспау;
  • Жіберілген қателерді көпшілік алдында түзету.

Этика заңнан жоғары!
БАҚ үшін этикалық нормалар заңнан басым екенін түсінген абзал.  Мысалы, заң бойынша журналист сотта өзінің жасырын дереккөзін  атауға міндетті. Алайда, көптеген этикалық кодекстер бірқатар жағдайларда журналист түрмеге отыру қаупі тұрса да мұны жасамауды талап етеді.

Мұнымен қоса журналистің БАҚ саласын реттейтін заңнаманы білгені өте маңызды. Мысалы, журналистер, ең алдымен, теледидар қызметкерлері құқық қорғау органдарының салғырттығынан балалардың құқықтарын, соның ішінде халықаралық құқықтарын қорғайтын заңнама нормаларын жиі бұзады. Өзін өзі қорғай алмайтындардың құқығына нұқсан келтіру этикалық бұзушылық екені сөзсіз.

Журналистік этика кодекстері – БАҚ тарапынан қиянат жасаудың алдын алу тәсілі

Әрине, БАҚ–ты төртінші билік деп атау дұрыс емес. Нағыз төртінші билік– бір–біріне өзара ықпал ете отырып, БАҚ–пенкүрделі диалектикалық байланыста болатын қоғамдық пікір.  Алайда, БАҚ–та және тіпті қатардағы журналистерде біршама билік бар екенін жоққа шығаруға болмайды. БАҚ саласы мұқияттылықты талап етеді, сондықтан біз үшін шенеуніктерге олардың пайдакүнемдік ниеттерімен біздің кәсіби ісімізге араласуға жол бермеу үшін өзін–өзі реттеумен айналысқан дұрыс.

Қосымша: Журналистикадағы кәсіби этиканың халықаралық принциптері (ЮНЕСКО, 1983 жыл) – сілтеме

Қазақстан Республикасы журналисінің этикалық кодексі (ҚазақстанРеспубликасы журналисінің этикалық кодексі)

Қырғызстан журналисінің этикалық кодексі (сілтеме)

Тәжікстандағы журналистік қызметтің этикалық нормалары (сілтеме)

Егер сіз емле қатесін тапқан болсаңыз, бізге мәтінді таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басу арқылы хабарлаңыз.

Жүктеу
Басып шығару