Жүктеу
Басып шығару

Мария Зозуля: журналистік аналитиканы қалай жасауға болады?

Күн сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жүздеген түрлі жаңалықтар пайда болып жатады. Кейде бұл ағым легіндеел өміріне елеулі әсер ететін жіті және ерекше назар аударуға тұратын жаңалықтар жоғалып жатады.

Оқырмандардың назарын осыларға қалай аударуға болады? Олардың маңыздылығын қалай түсіндіруге болады? Осы жерде тоқтап, маңызды тақырыпты жеке бөліктері, басталу тарихы, салыстыру, сарапшылардың пікірлері мен түрлі топ мүдделері арқылы мұқият, жан–жақты зерттеу керек! Аналитикалық материал дегеніміз міне осы.

Осы арқылы біз, журналистер аудиторияға мәселенің тереңдігін ашып қана қоймай, фактілерге ой салуға, көтерілген мәселе бойынша нақты көзқарас қалыптастыруға тырысамыз. Ең жақсы нәтиже – қоғамда пікірталас тудырып, мәселенің шешімін бірлесіп табу.

Аналитиканы неден бастау керек?

Әрине, тақырып көпшілік мүддесін қозғауы және өзекті болуы тиіс. Сарқылмайтын дереккөз–өз міндеттерін дұрыс атқармайтын немесе қызметтік жағдайын өз мүддесінде теріс пайдаланатын мемлекеттік құрылымдар мен шенеуніктердің жұмысы. Нәтижесінде, бұл көптеген адамдардың өмір сапасына елеулі әсер етеді.

Негізге төмендегілерді де алуға болады:

  • Аналитикалық есептер
  • Баяндамалар
  • Сөз сөйлеу
  • Қорытынды хабарламалар
  • Сауалнамалар
  • Мониторинг нәтижелері
  • Статистика және ресми көрсеткіштер

Әрі қарай тақырыпты терең зерттеуге кірісеміз. Оны жақсы түсініп, терең зерттеген сайын материал қызықты бола түседі.

Өз тәжірибемде мен мынадай қулыққа барамын: ресми дерекнамалар мен статистиканы зерттемес бұрын, мен арнайы форумдарға барамын, әлеуметтік желілерде талқылаулар іздеймін. Адамдарды толғандыратын мүдделер, пікірлер, нюанстар сонда анық көрінеді. Шын мәнінде, бұл мақсатты аудиторияны зерттеу. Онда біздің материалды бейнелеп көрсететін «кейіпкерлер» дежеке мамандық иелері де жиі кездеседі.

Сондай–ақ, әлеуметтік желілерде шағын жеке сауалнама жүргізуге де болады. Адамдар сонда жиі қызықты пікірлер қалдырып, мәселені түрлі және күтпеген тұстардан қарауға көмектеседі.

Әрі қарай сарапшыларды іздеу басталады. Мұнда ымырасыз оппоненттер тапқан дұрыс. Олар бір–бірінің дәлелдерін салыстыруға тырысатындықтан, сіз үшін құнды ақпарат көзі болады. Журналист үшін бұл өте тиімді, өйткені көптеген «жасырын мәселелердің көзі» осы жерде ашылады.

Аналитикалық мақаланың құрылымы

Аналитикалық материалдың құрылымын қалай құру керек?

Бәрі де аңдатпадан басталады. Бұл мақаланың тұсаукесері іспетті. Аңдатпада біз мәселенің мәнін қысқаша айтып, талдау кезінде сүйенетін фактілерді тез арада атап көрсете аламыз. Сондықтан біз оқырманның күрделі мәселені қабылдауына көмектесеміз.

Әрі қарай біз тексерілген фактілер мен пікірлер, дәйексөздер келтіреміз.

  • Салыстыру
  • Үрдістер
  • Көрсеткіштер
  • Сарапшылардың пікірі

Бірақ талдаудағы ең маңыздысы – соңында айтылатын қорытынды. Қорытынды бөлімге фактілерді талдау арқылы алынған болжамдар мен ұсыныстарды жазамыз.

Барлық фактілерді біріктіріп, байланыстыратын логикалық тізбек неғұрлым анық жасалса, оқырманды осы қорытындылардың дұрыстығына сендіру оңай.

Аналитиканың міндетті элементтері

Бірінші кезекте бұл проблеманы жан–жақты талдау, бұл проблемаға деген бірнеше көзқарасты білдіреді. Қызықты және беделді адамдардың пікірін жинау маңызды.

Ешкімге белгісіз салдарлар мен қызықты фактілерді респонденттер сөзімен жеткізіңіз.

Материалдарыңызды кесте, сурет, фотосуреті бар слайдер, бейнекесте сияқты көрнекі элементтермен толықтырыңыз.

Маңызды сәт: оқырмандарыңызға сенімді ақпаратпен ғана шығыңыз. Яғни, барлық сандар нақты, дәлелденген болуы тиіс, тезистер фактілермен, статистикамен расталуы тиіс.

Ешуақытта дәлсіздіктерге жол бермеңіз.

Қандай стильде жазу керек?

Жұмыс барысында мен екі негізгі ережені байқадым: аудиториямен оған түсінікті тілде сөйлесу керек. Әлемдегі барлық күрделі заттарды қарапайым сөздермен түсіндіруге болады. Бұл тұжырымдар мен пікірлерге сенім тудырады. Терминологиямен сөйлеп, жағдайды қиындатудың қажеті жоқ, бұл ғылыми баяндама емес.

БІРАҚ! Мәтіндіешуақытта ақымақ және білімсіз адамдарға жазғандай жазбаңыз. Мұндай қарым–қатынасты оқырмандар ешқашан кешірмейді. Керісінше, сіз оқырманға жақын болу керексіз.

Яғни, сөйлемді қиындатпай, шұбыртпай, қызықты да әдемі тілмен жазып,қандай да бір тепе–теңдік табу керек. Жарты бет алатын сөйлем жазудың қажеті жоқ. Аналитиканы қызықты жасаңыз.

Мәтін көлемі

Аналитика дегеніміз – белгілі бір мәтін көлемі. Бірақ ешкім ұзақ мәтін оқығанды ұнатпайтынын бәріміз білеміз. Мен алдымен бүкіл жиналған материалды жазып шығуға кеңес беремін. Содан кейін өзіңізді оқырман орнына қойып, бұл мақаланы соңына дейін оқып шығатыныңыз туралы өзіңізге шынайы жауап беріңіз. Содан кейін мақалаңызды қысқарта бастаңыз.

Мәтінді аямаңыз, себебі оның көлемі емес, ондағы ақпаратмаңызды.

Қорытынды материалды тақырыпшалар мен тізімдерге бөлуге кеңес беремін. Бұл мәтінді кәдімгідей жеңілдетеді.

Жақсы аналитика дегеніміз:

  • Тақырыптың өзектілігі
  • Тезистер мен сұрақтардың нақты тұжырымдалғандығы
  • Талдаудың терең және жақсы қисындалғаны
  • Дереккөздердіңшынайылығы
  • Мәтіннің ретке келтіріліп, тақырыпшаларға бөлінгендігі
  • Логикалық қатенің жоқтығы
  • Материалдыңқойылған сұраққа жауап беретіндігі

 

Қосымша әдебиет:

Өзгерістер үшін алынған репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті журналистерге арналған IWPR нұсқаулығы (орыс тілінде).

 

Егер сіз емле қатесін тапқан болсаңыз, бізге мәтінді таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басу арқылы хабарлаңыз.

Жүктеу
Басып шығару