Жүктеу
Басып шығару

Наталья Ли: репортаж дегеніміз не?

Бұл сөз орыс тіліне «хабарлау, жеткізу» мағынасын беретін француздың «reportage» және ағылшынның «report» сөздерінен келген. Алайда репортаж барысында жаңалықты жеткізіп қана қоймай, оқырманның сол оқиға куәгерлері болғандай әсер қалдырып, оның жанын тербеп, белгілі бір іс әрекеттер жасауға түрткі болу маңызды.

Бұл орайда оқиға форматы екінші орынға ысырылады да, қосалқылық қызмет атқарады. Сюжет әрдайым басыңқы рөл атқарады. Біз технологиялық фишкаға толы мәтінге қарағанда, жан дүниемізді елтіретін оқиғаларды аяғына дейін оқып шығатынымыз рас.

Репортаж басқа жанрлармен жуықтасатындықтан, ол журналистика саласының жеке жанры бола алады. Репортаж элементтері жаңалық хабарында да, сұхбат пен аналитикада да кездесуі мүмкін. Мұндай элементтер мәтінге жан беріп, оқиға ортасын көрсетуге көмектеседі.

Көлемді мақалалардың басты проблемаларды сипаттайтын шағын көріністерден басталатыны жиі кездесіп жатады. Осылайша, белгілі бір жағдайдың мысалы аясында барлық проблеманың әлеуметтік маңыздылығы көрсетіледі. Бұл тәсіл «кейінге қалдырылған соққы» деп аталады.

Мысалы, уақытылы жеткізілмеген гуманитарлық көмек туралы мақала лагердегі босқындардың өмірге деген күнделікті күресінің қысқаша сипаттамасымен басталуы мүмкін. Осылайша, жағдайды оқырманға жақын ете отырып, құрғақ және бюрократиялық материалды оқырманның адами қызығушылығын тудыратын нағыз жарқын репортажға айналдырасыз.

Кез келген материалды дайындау барысында алдымен ақпарат көзін тексеріп, сәйкесінше жоспар құрылуы қажет.

Репортаждың түпкі ойын бірнеше қарпайым бөлшекке бөліңіз де, материал жазуыңызға қажет болуы мүмкін маңызды деген және ықтимал ақпарат көздерінен, сондай–ақ құжаттардан, куәгерлерден немесе басқалардың ой тұжырымдарынан тұратын арнайы кесте жасап шығыңыз.

Ақпарат көздерімен жұмыс істеу кезінде тұнық ой мен журналистика саласының негізгі принциптерін нұсқаулыққа алған жөн. Бірақ көп жағдайда бұл негізгі ережелер уақыт тапшылығынан, мүмкіндіктердің болмауынан немесе сыртқы қысымның салдарынан орындалмай қалып жатады.

Кеңістік және уақыт өлшеміндегі оқиға

Сапалы репортаж үш түрлі әсер тудырады, олар: оқырманның оқиға ортасын сезінуі, оқиғаның растығы және оқиғаны жүрегімен қабылдауы.

Ол үшін келесі нұсқаулықтардың орындалуы қажет:

  1. Оқиға орнында болып, барлығын өз көзімен көру. Репортажды қашықтан немесе басқа адамдардың аузынан жазып алуға болмайды;
  2. Оқиға көрінісін мазмұнындағы барлық бөлшектері мен ерекшеліктерін ескере отырып, толыққанды қарап шығу. Дәл осы бөлшектер мәтін толы беттерге қарағанда көбірек ақпарат береді. Алайда, сюжеттен алыстатып жіберуден сақтану қажет, сондықтан осы бойынша артық күш жұмсап жібермеңіз;
  3. Болуы ықтимал барлық пікірлермен танысып шығу, оқиға қатысушыларымен әңгімелесу. Тек адамдар оқиғаның мәнін жетізушілер және оқырман арасында эмоционалдық байланыс тудырушылар;
  4. Дәлел жинау, сонымен қатар, оқиғаны әңгімелеп беруге қажет болатын оқиға алдындағы болған жағдайларды қалпына келтіру;
  5. Барлығын үнтаспаға жазу және суретке түсіріп алунемесе бейне жазба жасау. Формат, біз атап өткендей, қосалқы рөл атқарады және суреттер мен бейне жазбалар оқырманды оқиға орнын түсіне білуіне, оның мазмұнына үңілуге, тіпті суреттер мен бейнежазбаларда эмоция берілсе, оқырманды толығымен сол оқиғаға еніп кетуіне себепші болады.

Осылай болғанда, репортажға деген қызығушылық репортаж авторының өзі болған жердің қолжетімсіздігіне тікелей байланысты. Бұл солтүстік полюс немесе таулы ауыл болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, оқиға орын алған жер территориалдық тұрғыда оқырманнан алыс орналасқан аймақ Журналистің мақсаты – өзінің әсерленуі арқылы сол жерді оқырманына жақын ете білу.

Сондай–ақ мұндай жерлерге шектеулі түрде кіргізілетін шіркеу немесе жүйке ауруларына арналған ауруханалар сияқты жерлерді жатқызуға болады. Мұндай кезде журналист қарапайым оқырман назарынан алыс жерде орын алып жатқан оқиға арасындағы көпірге айналады.

Репортаждағы мәтін екі түрлі өлшемде өрбуі мүмкін, олар: уақыт және кеңістік.

Бірінші нұсқа іс–шараларды сипаттауға қолданылады. Мысалы, митинг туралы репортажды қатысушылардың жиналып жатқан сәтінен бастап, оларды тараған уақытымен аяқтауға болады.

Кеңістікте өрбіген оқиға журналистің ақпарат жинау барысында орын алмастыру кездерін сипаттайды. Мысалы, шалғайда орналасқан ауыл туралы репортаж оған барар жолдан басталып, кейін ауыл тұрғындарының бірінің үйіне ауысуы, сосын жергілікті әкімшілікке соғып, ауыл кітапханасымен аяқталуы мүмкін.

Алайда репортаждың басталуы мен аяқталуы іс–шараның бас–аяғына немесе журналистің орын алмасу тәртібіне сәйкес келуі міндетті емес. Көбіне осы бойынша орындалады. Митинг туралы репортажды іс–шараның ортасындағы оратордың сөз сөйлеуінен бастап, сөз сөйлеушілердің бірімен аяқтауға болады.

Ал шалғайдағы ауыл туралы оқиға ауыл тұрғынының әңгімесімен басталып, сол ауылды аймаққа барар жолмен аяқталуы мүмкін.

Егер материалды белгілі бір тұрғылықты мекен орнынан жазып отырсаңыз, оқырманыңызды сол орынға «көшіруге» тырысыңыз, оған өз атыңыздан куәгер ретінде кейбір ерекше нақтылауыш нәрселерді қосыңыз. Оқырманды өзіңізді журналист ретінде оқиға орнында екеніңізді сендіре біліңіз.

Егер сіз шиеліс туралы жазар болсаңыз, екі тараппен де әңгімелесуге және сырттан тәуелсіз баға беруші жақты табуға көбірек көңіл бөліңіз.

Көзбен көргеннен бөлек дыбыс, иіс және сезім факторларын да ескерген жөн. Себебі, бұлардың барлығы оқиғаңызды толыққанды етіп, оқиғаңызға «жан» бере түседі.

Алайда, репортаж дегеніміз – көрген, білген, естіп, сезінген шежіре ғана деңгейінде емес.
Бұл жерде эмоционалды жарқын эпизодтар маңыздылыққа ие, ал шиеленістерді ашатын нәрселердің барлығы – артық дүние.

Автор үні

Рой Питер Кларк. Сурет Facebook желісінің жеке парақшасынан алынды

Рой Питер Кларк. Сурет Facebook желісінің жеке парақшасынан алынды

Журналистиканың аталмыш жанрында міндетті түнде «автор үні» орын алады. Сапалы репортаж әрқашан өзіндік ерекшелікке ие және мұндай репортаждардарды оқу барысында түйсігімізде оқиға желісі көз алдымыздан өтіп отырады. Американдық жазушы, редактор және «Жазу тәсілдерінің 50 түрі» атты кітабының авторы Рой Питер Кларк тіпті «кинематографиялық үлгіде жазу» терминін енгізіп үлгерді. Былайша алғанда, оқырман оқиғаны оқу барысында түйсігінде мәтінді кадрдан кадрға жүгіртіп отыру.

Репортажда орын алатын авторлық субъектілік үлесі жаңалық жазбаларына қарағанда әдебиетке немесе беллетристикаға жақындата түседі. Кез келген әдебиеттік шығарма секілді репортаж да драматургия заңдарына сәйкес жазылуы тиіс:

  • Репортаж желісі – шиеленістің немесе проблеманың басы
  • Оқиғаның өрбуі – кейіпкерлер мәселені шешуге талпынуда. Басқаша айтқанда, біз оқиғаны бақылай отырып, кейіпкерімен бірге сол оқиғаны бастан кешіреміз.
  • Кульминация – кейіпкерлердің мәселені шешуге жақын қалған сәті
  • Шешім – кейіпкерлер сәттілікке қол жеткізеді немесе сәтсіздікке ұшырайды. Бұл жерде оқиғаның шешімі оқиға желісімен логикалық тұрғыда байланысуы қажет. Себебі, барлық мазмұн дәл осы екі арада орын алған.

Иллюстрация: prosims.ru

Басқа оқиғалар секілді репортажда да оқиға мазмұнының негізгі орталығы ретінде өз проблемалары мен оларды шешуге талпынушы адам болуы керек. Осылайша оқырман қауым оқиға кейіпкерін өзімен байланыстырып, онымен эмоционалдық байланысқа түсуге, осын тарихына үңілуіне көмектеседі, сәйкесінше оқиға соңына дейін оқылады.

Пікірлер теңгерімі

Халықаралық журналистиканың негізгі принциптері алалықсыздық, шыншылдық пен әділдік екенін естеріңізде сақтаңыздар. Осы қағидаларды ұстанып отыру үшін ақпарат көздерін таңдағанда аса мұқияттылық қажет.

Егер мақала екі немесе одан көп тараптар арасындағы дау–дамай туралы болып, мазмұнында тек бір тарап көрсетілетін болса, ой–пікірлерді емес ақпарат көзінде келтірілген фактілерді көрсетіңіз. Жәнеде материалдың тек бір ғана тараптан алынғаны анық екеніне көз жеткізіңіз.

Көзқарастардың шығу тегі туралы мәлімет әрдайым ашық болғаны жөн. Егер кімде–кім басқаларға жағымсыз нәрсе айтпақ болса, ол өз сөзіне жауап беруге дайын болуы қажет және мақала астына өз есімін жазып көрсетуі керек.

Репортаж даудың ешбір тарапын қолдамауы қажет және пікірлерді фактілер ретінде емес, көзқарас ретінде көрсетуге тырысқан жөн. Егер сіз сын мақала жазбақ болсаңыз, келесі тараптың жауап беруіне заңды мүмкіндік беруіңіз қажет.

Репортаж басқаларға залал келтіретіндей белгілі бір партияның, діннің, халықтың немесе этникалық топтың мүддесіне қолдау көрсетпеуі қажет. Репортаж тараптардың басқаларға қатысты тарап мәлімдемелері мен саясат туралы әділ ақпарат таратуға және партияның немесе топтың басқалар туралы пікірлерін қосуға мүмкіндік береді.

– журналиске өз ойын тікелей айтуға, ой–пікір қалдыруына немесе саяси ұстанымдарын білдіруіне болмайды. Теңгерілген журналистика фактілер мен ой–пікір арасындағы нақты айырмашылық кепілі.

Репортажыңызды жинақтап, жазып болған соң оны рәсімдеу туралы ойланған жөн. Бұл жерде оқудың екі түрі бар екендігін ескеріңіз, олар: біріншісі – сызықтық оқу , мәтін басынан аяғына дейін тәртіп бойынша оқылады.

Екіншісі– қима–оқу, басқа сөзбен айтқанда оқырман тек тақырып бойынша көз жүгіртеді немесе мәтін үзінділері мен көзі түскен сөйлемдерді ғана оқып өтеді. Өкінішке орай,бүгінгі таңдағы ағыны мол ақпараттың мол ағынында ақырман ұзын мәтіндерді дәл осылай оқиды. Сондықтан, материалды рәсімдеу кезіндеоқудың екінші түрін ескеріңіз және көз жүгіртіп өткен күннің өзінде де материалдың құрылымын оңай оқылатындай етіп құрағаныңыз жөн.

Жаттығулар:

  1. Басылымдарды газеттерден немесе онлайн–шығарылымдардан қарап шығыңыз. Сізді түрлі мақалаларды оқуға итермелейтінін себептердің түрін түсініп білуге тырысыңыз.

Не себепті бір мақала сізді аяғына дейін оқып тастайтындай «елтіріп» әкетеді де, екінші бір мақала мәтіннің келесі бетін аударып жіберуге немесе басқа мақалалар іздеуге итермелейді?

Қай кезде мәтіннің бірнеше ұсақ егжей–тегжейлігі мақаланы қызық ете түседі де, қай сәтте мұндай тәтпіштеулер іш пыстырып жібереді?

  1. Әріптестеріңізбен мақала құрылымының келесі мысалы мен болуы ықтимал тәсілдерін талқылап көріңіздер:

Сіз аштықты бастан кешіріп отырған халыққа гуманитарлық көмектің келмеуіне қатысты наразылық шерулері өтіп жатқан Суданда репортер қызметін атқарасыз. Лагерлердегі көрсетілетін көмек жағдайы жан ұшырарлық. Сіз туындаған дағдарыстық ахуал туралы жеке бағаңызбен осындай лагерлердің бірінен оралдыңыз.

Астанаға қайтып оралғаннан кейін, мақаланы жазу жолдарын ойластырып отырғанда Қызыл Кірес ұйымының шенеулігі сізге телефон соғып, аталмыш жағдайға қатысты әлі жарыққа шығып үлгермеген есептің дабыл данасын ұсынады. Бұл есепте гуманитарлық көмекті үлестіру процесіне байланысты қатаң сын мен жағдайды қалпына келтіру турасындағы ұсыныстар қамтылған. Енді сіздің еншіңізде лагерлердегі өмір сүру жағдайлары туралы жекеменшік ақпарат та, тамаша есеп те бар.

Мақалаңызды қалай құрастырасыз?

Есептегі шынайы жағдайларсипаттамасы мен «жаңалық фактілері» арасындағы қатынас қандай болуы қажет?

Мақалаңыздың бір нұсқасы Африка тұрғындарына арналатын болады, ал келесі мақалаңыз – Орталық Азия аудиториясына бағытталған. Осы екі нұсқадағы егжей–тегжейліліктің деңгей айырмашылығы қандай болуы қажет?

Қосымша әдебиет:

Өзгерістер үшін алынған репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті журналистерге арналған IWPR нұсқаулығы (орыс тілінде)

Егер сіз емле қатесін тапқан болсаңыз, бізге мәтінді таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басу арқылы хабарлаңыз.

Жүктеу
Басып шығару