Қазақстанда мәслихаттар (жергілікті билік органдары) мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің (елдің заң шығарушы органының төменгі палатасы) депутаттарын сайлау жарияланды, олар 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді).
CABAR.asia медиа-заңгер Гүлмира Біржановамен бірлесіп, журналистер мен БАҚ сайлау процесін жариялау кезінде қандай заңды аспектілерді есте сақтауы керек екендігі туралы ұсыныстар дайындады.
- Сайлау мерзімі ресми тағайындалғаннан кейін, он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарының эфир мен баспасөз бетін қолдану шарттары мен тәртібі, төлем ақысы туралы ақпаратты ОСК-на жолдап, жариялауы тиіс;
- сайлау алдындағы науқанның ережелері мен талаптарын сақтауға;
- кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысын, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін әдейі қорлайтын материалдарды жариялаудан бас тартуға және сайлау науқанын объективті түрде қамтуға;
- барлық кандидаттар мен партиялық тізімге қатысты шаралардың ақпаратын, олардың сайлау комиссияларында тіркелгендігі туралы мәліметті толық жариялауға, сондай-ақ эфир мен баспасөз бетінен бәріне бірдей көлемде мүмкіндік ұсынуға міндетті;
- бұқаралық ақпарат құралдары келісімшарт негізінде тіркелген кандидаттар мен партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға эфир уақыты мен баспасөз бетін ұсынады;
- бұқаралық ақпарат құралдары, Конституцияда белгіленген заңға сәйкес, тиісті сайлау комиссияларына сайлау науқанының барысы туралы ақпарат пен хабарламаларды жариялау мүмкіндігін береді.
Бір немесе басқа үміткерге артықшылық беруге, баспасөздің тиражын өзгертуге, үміткерлердің сөйлеген сөздерін тоқтатып, оларға түсініктеме беруге болмайды. Өйткені БАҚ редакциясының сайлау науқанына қатысуы кез келген жағдайда барлық кандидаттардың мәлімдемелерін жариялауға келісімін білдіреді.
Ұлттық заңнамаға сәйкес, Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт жұмыстары кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, дауыс беру күнінің алдындағы күннің түн ортасында аяқталады.
Қазақстан Республикасында жарияланған сайлау алдындағы үгіт-насихат 10 желтоқсан сағат 18:01-де басталып, 2021 жылы 9 қаңтар сағат 00.00-де аяқталуы керек.
Егер қайта дауыс беру жоспарланған болса, сайлау алдындағы үгіт екінші дауыс беру науқаны жарияланғаннан бастап жалғасады. Бұл сайлау күніне бір тәулік қалғанда аяқталады.
Аккредиттеу тек шетелдік БАҚ үшін міндетті болып табылады. Оны шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына ҚР Сыртқы істер министрлігі береді.
Қазақстандық БАҚ журналисінің аккредиттелуі, тіркеуі жоқ журналистердің алдында басым құқық бермейді. Алайда, бұл жұмысты жеңілдетуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңына сәйкес журналист сайлауға дайындық кезеңінде кез келген ақпарат алу үшін сайлау комиссиясына жүгінуге құқылы.
Дауыс беру күні, сайлау учаскесі дауыс беруге ашылған сәттен бастап және дауыс берудің нәтижелері анықталғанға дейін, дауыстарды санау кезінде, редакциялық тапсырма болған жағдайда, сайлау учаскесінде әр бұқаралық ақпарат құралынан қызметтік куәлігі бар бір өкіл қатыса алады.
Сайлау қоғамдық іс-шара болғандықтан, сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің «Өз бейнесіне құқық» 145-бабына сәйкес фото және видео түсірілім жүргізуге болады. Ал қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, көпшілік іс-шараларды түсіру үшін азаматтардың келісімі қажет емес.
Сайлауға байланысты қоғамдық пікірді сұрау нәтижелерін жариялау кезінде бұқаралық ақпарат құралдары сауалнаманы өткізген заңды тұлғаны; сауалнамаға тапсырыс берген және оған ақша төлеген адамдарды; сауалнама жүргізу уақытын; ақпарат жинау әдісін; сұрақтың нақты тұжырымын; респонденттердің саны және сауалнама нәтижелерінің қателік деңгейін көрсетуі керек.
Заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын объективті түрде көрсетуге міндетті, сондықтан олар үгіт материалдарын және кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысын, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін біле тұра қорлайтын мәліметтерді жариялаудан бас тартуы керек.
Бұл басылымдар мен телеарналар аталған адамдарға абырой, қадір-қасиет және іскерлік беделін қорғау үшін теріске шығару туралы мәлімдемені тегін түрде басылымның келесі санында, сол көлемде, сол қаріппен және теріске шығарылған хабарлама немесе материал орналастырылған жерде жариялау мүмкіндігін беруі керек дегенді білдіреді. Радио мен теледидарда теріске шығарылған хабарлама сол күні сол радио не телебағдарламада берілуі тиіс. Ал көрсетілген теле немесе радиобағдарлама жабылған жағдайда, басқа тақырыптық бағыты ұқсас радио немесе арнада көрсетілуі керек.
Теріске шығару мәлімдемесінің көлемі теріске шығарылған хабарламаның немесе материалдың көлемінен екі немесе одан көп болмауы керек.
Ен ұтымдысы – бейтараптылық. Материалдардың барлығында саяси кандидаттар мен партияларға деген артықшылықтар немесе біржақтылық бар-жоғы тексерілуі керек. Сондықтан үміткерлер туралы жаңалықтарда оларға қатысты бағалау немесе болжам болмауы керек.
Негізгі сурет: tengrinews.kz