Жүктеу
Басып шығару

Діни сұрақтарды қалай баяндау керек?

Қандай жаңалықтарды діни деп санауға болады?

Кез келген. Барлық жаңалықтарды – саясат, спорт, бизнес, білім, қылмыс, өнер және ойын-сауық, ғылым, денсаулық, өмір салты, сән, саяхат сияқты халықаралық немесе жергілікті жаңалықтарды журналист діни призмадан карастыра алады.

Дінге тергеу репортаждары, конфессия өкілдері кейіпкер болып табылатын оқиғалар, танымал тұлғалар мен қарапайым адамдардың діни сипаттамаларына назар аударатын жеке істері, сондай-ақ сенім мәселелері айтылатын аналитика кіреді.

Материалдарда дін қызметкерлері мен тек діни білім негізінде пікір қалыптастыратын дереккөздерге сілтеме жасау дұрыс па?

Мұндай дереккөздерге сеніп, осындай пікірді ғана тарату зайырлы БАҚ үшін қауіпті. Материалдарда қажеттілік пен нақты түсініктеме болмаса, діни көздерден алынған теологиялық терминдер мен дәйексөздерді қолданбаған дұрыс. Діни жазбаларды әртүрлі түсіндіруге болады.

Діни тақырыпта материалдар дайындағанда, басқа тақырыптар бойынша хабарламалар дайындаған кездегідей пікірлердің тепе-теңдігін сақтау маңызды. Әртүрлі дереккөздерді іздеңіз, соның ішінде проблемаға заманауи көзқарас танытып, оны ескі әдіспен шешуді ұсынбайтындарды да тиек етіңіз.

Журналист діни мәселелерді жазғанда нені ескеруі керек?

Біріншіден, діни тақырыптарға байланысты материалдарды дайындау кезінде журналистиканың халықаралық стандарттарын: бейтараптылық, дәлдік, адалдық, шыншылдық пен әдептілік, сондай-ақ дереккөздерді қорғау принциптерін сақтау маңызды.

 

Сонымен қатар мынаны есте ұстаған жөн:

  • сенімнің адамдар өміріндегі рөлін құрметтеу керек;
  • діни тақырыптарды зерттеуге дайын болу;
  • әр діни әңгімеде көзқарас екі жақтан да көп болуы мүмкін екенін түсіну;
  • ешқандай діни көзқарас насихатталмауы керек;
  • қай жерде және қалай өмір сүретіндеріне, қайда жиналып, дұға ететіндеріне қарамастан өз кейіпкерлеріңмен уақыт өткізуге дайын бол;
  • әртүрлі діни сенімдер туралы мәліметтерді, тіпті егер сіз олармен жеке келіспесеңіз де, дәл және объективті сипаттай білу;
  • діни сұрақтардың көбі қасиетті жазбаларға қатысты екенін ұмытпаңыз;
  • әртүрлі рәсімдер мен олардың сипаттамаларын аудиторияға сипаттау үшін мәдениет арқылы жұмыс істеу, мықты жазу дағдыларын меңгеру.
Діни азшылықтар туралы қалай жазуға болады?

Діни азшылықтар туралы мақала дайындауды бастамас бұрын, осы топ туралы мүмкіндігінше көбірек білуге ​​тырысыңыз және кем дегенде бір күн осы қауымдастық мүшелерімен бірге олардың тәжірибесін зерттеп, адамдармен қалай байланысқа түсетінін қадағалаңыз. Олардың сенімдерін ұстанудың қажеті жоқ, бірақ бұл тәжірибе бұл адамдарды тереңірек түсінуге көмектеседі.

Осы діни қауымдастық туралы таптаурындар қайдан және неге пайда болғанын анықтауға тырысыңыз? Сіздің елдегі сыртқы факторлар (заңнама, пікір білдіру және наным бостандығы, аудитория арасындағы сыни ойлау деңгейі) осы діни азшылықты қабылдауға қалай әсер етеді?  Бұл туралы мамандар мен ғалымдардан сұраңыз.

Діни азшылықты қоғамға қарсы қоймаңыз: бұл қауымдастықтың арасында өз кәсібінің маманы болып, елдің дамуына үлес қосатындар да бар болуы әбден мүмкін.

Тым көп назарды діни азшылықтың қатысымен болған оқиғалар мен жанжалдарға, олардың салдарына қоймаңыз. Көбіне олардың діни ұстанымына ешқандай қатысы жоқ мәселенің тамырын зерттеңіз.

Өз фактілеріңізді контексте көріңіз, сараптамалық материалдарда және зерттеу журналистикасында (егер орынды болса), мамандармен сұхбаттасу арқылы проблеманың мүмкін шешімін сипаттаңыз. Бірақ аудитория барлық діни әртүрлілікті қабылдауға дайын болмайынша, репортажыңызда осы шешім туралы пікірталас тудыруға тырыспаңыз.

Заңды және тыйым салынған діни ұйымдардың тізімін қай жерден тексеруге болады?
Діни мәселелерді жазатын журналист кез келген конфессияға немесе діни ұйымдарға мүше бола ала ма?

Иә. Орталық Азия елдерінің конституциялары барлық азаматтарға өз діндерін еркін ұстануға құқық береді. Осы негізде журналист этикалық қағидаларды бұзбай өз сенімін қолдана алады. Оның діни білімі репортажының жақсы шығуына әсер етуі мүмкін.

Бұл жағдайда өзіңіздің жұмысыңызды қалай орындап, этикалық нормаларды бұзбауға болады?

Ол үшін журналист бірнеше қарапайым ережелерді ұстануы керек:

  • тікелей өзіңіз баратын мешіттен, ғибадатханадан, намазханадан немесе басқа да жерлерден жаңалықтар мен репортаждар жасамаңыз;
  • сіз өз діни сеніміңізді немесе діни дәстүрлеріңізді өзіңіз жазатын басқа діндерге қарағанда көбірек насихаттамаңыз;
  • сіз баратын діни қауымдастықтағы шіркеу қызметкерлеріне шамадан тыс сілтемелер қолданбаңыз;
  • діни қауымдастығыңыздағы мәселелер туралы хабарламай немесе оны жаңалықтарда насихаттауға;
  • діни көзқарастарыңызға қайшы келетін зайырлы мәселелер туралы жазбай қалуға болмайды.

Сіз өзіңіздің діни қоғамдастықтағы кез келген көшбасшылық позициядан бас тартуыңыз керек, себебі бұл журналистің діни дәстүрлер туралы объективті және бейтарап хабарлауына кедергі келтіруі мүмкін.

Дін мен экстремизм арасындағы параллельдерді қалай тоқтатуға болады?

1. Редакцияңызда осындай қылмысқа баратын адамдарды қалай атайтындарыңызды шешіп алыңыз. Халықаралық журналистік стандарттарға сәйкес, біз бұл қылмысқа қатысушыларды сот шешімі олардың террор жасағаны туралы анықтағанға дейін «террористер» деп атай алмаймыз. Сол себепті кәсіби журналист өз репортажында оларды «мұсылман экстремисттері» деп атай алмайды, ал соңғы анықтама, шынтуайтында, мүлде жоқ. Журналист, осылайша, дін мен қылмысты араластырады.
2. Діни тақырыпта материалдар дайындауда қолданылатын терминдер сөздігін құрастырыңыз.
3. Егер бұл адамдар сотта террорист деп танылған болса, материалда сот шешімінен үзінді келтіре отырып, мұны көрсету керек.
4. Әрдайым оқиғаның діни емес себептерін ашыңыз, бірақ бейтарап болыңыз. Журналист расталған фактілерді ғана беріп, оларды бағаламауы керек.
5. Тыйым салынған топтардың мифтерін контекстпен және тергеумен жоққа шығарыңыз, мысалы, «лас бомбалар» деп аталатын немесе террористердің ядролық арсеналға қол жеткізуі олардың қиялының жемісі екенін көрсетіңіз. Сондай-ақ, олардың дін үшін жасалатын «жиһад» түсінігінің де шындыққа жанаспайтынын жазыңыз. Немесе радикалды экстремистік топтардың жиһад жасау үшін Орталық Азияда шоғырланатындығы туралы әңгіменінің аңыз екенін көрсетіңіз. Журналистік зерттеу жүргізіңіз, бар мифтерді жоққа шығарыңыз, аудиторияның назарын діннің нақты аспектілеріне аудару арқылы фактілік дәлсіздіктерді көрсетіңіз.

Өшпенділік тілін таратушы болудан қалай сақтануға болады?

Өшпенділік пен жек көру тілдері қазіргі заманғы ақпарат құралдарының үлкен проблемасына айналды. Бұқаралық ақпарат құралдары әртүрлі жанжалдарға, ақпараттық соғыстарға жиі қатысады, бұл кейде журналистерді этикалық нормаларды бұзуға итермелейді. Нәтижесінде шыдамдылық пен әралуандықты қабылдауға шақыратын жазбалардың орнына әртүрлі қауымдастықтар арасындағы келіспеушіліктер мен қақтығыстарды тарататын материалдар пайда болады.

Діни тақырыпта мақала дайындағанда орынсыз терминологияны қолданбау керек.

Бонус: діни тақырыпта мақалалар дайындау кезінде қолдануға болмайтын сөздер

Елді арабтандыру, жиһад, исламистер, ислам мемлекеті, жанкештілер, шейіттер, Құдайсыздар, фанатизм – бұл анықтамаларды журналистер қолданбауы керек. Бұл сөздердің бастапқы мағынасы бұрмаланған және қазір мұсылман діні туралы теріс түсінік қалыптастырады.

Ұсынылған терминдер тізімі мен діни мәселелерді қозғау нұсқауын мына жерден таба аласыз.

Егер сіз емле қатесін тапқан болсаңыз, бізге мәтінді таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басу арқылы хабарлаңыз.

Жүктеу
Басып шығару