Download
Print

Кәсібилік, фейк және манипуляциялар: елдегі БАҚ-ы Қырғызстандағы саяси дағдарыс туралы қалай баяндады

ҚР-да 5-15 қазан аралығында болған оқиға кезінде елдің бұқаралық ақпарат құралдары билікке революциялық транзит арқылы жоғары кәсібилігін көрсетті. Дегенмен, кейбір журналистер мен редакциялардың тарапынан кемшіліктер кетті.

CABAR.asia медиа мектебі медиа сарапшылармен бірге осы кезеңде БАҚ жұмысында қандай қателіктер болғанын анықтауға тырысты.

Шеберлік артты

«Қырғызстандағы саяси дағдарыс, оқиғалар туралы не айтылса да жақсы әрі кәсіби түрде қамтылды.  Елде болмауы тиіс көптеген жағдай орын алды.

Демократиялық, ашық, өркениетті деп аталуға ұмтылатын елдерде болмауы тиіс көптеген жағдай болды. Журналистер жұмысының мақтауға ие болуы да текке емес. Себебі, 2005 жылдан бері біршама тәжірибе жиналған.  Өкініштісі, әрине бұл тәжірибенің барлық уақытта керек және қолайлы болуы, бірақ, бұл сұрақ енді билікке бағытталады», – деді медиа сарапшы Азамат Тынаев.

Оның сөзінше, журналистердің техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі және олардың барлық қолжетімді медиа құралдарды пайдалану қабілеті ерекше атап өтуге тұрарлық.

«Журналистердің техникалық тұрғыдан жабдықталуы, олардың жедел трансляцияларды меңгеру тәсілі, тікелей эфир кезінде жұмыс жасауы, олардың контенті барлық әлеуметтік желілерде, барлық мессенджерлер мен  видеохостингтерде жеткілікті мөлшерде таратылуы, осының барлығы кәсібилікті білдіреді. Біздің БАҚ жақсы қарқынмен өсіп келеді», – деп есептейді Тынаев.

Айтылмағанның қаупі

Оған қоса, сарапшының пікірінше, республикадағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы жоғары бағаға лайық.

«Жалған, тексерілмеген ақпарат таратып, жазып өз істеріне өкінген әріптестерім де болды. Мен енді қазіргі таңда саналы түрде ме немессе жай ма білмеймін, мысалы манипуляция тудыратын ақпараттар болды. Кейбір жерлерін қысқартып тастады. Нәтижесінде оқырман, көрермен аудиториясы тіптен басқа, бұрмаланған ақпарат алды. Мұндай мысалдар жетерлік.  Қуанышқа орай, олар соншалықты үлкен ауқымда таралған жоқ», – деп атап өтті ол.

Азамат Тынаев, өзекті жағдайларда журналистер маңызды бір нәрсені естен шығармауы тиіс: тіпті, тыңғылықты мән бермей жарияланған жаңалық өте қиын зардаптарға әкелуі мүмкін, нәтижесінде оларды өте ұзақ уақыт бойы жойып және оған өте көп күш жұмсау керек болуы ықтимал.

Ақпаратты манипуляциялаудың бір мысалы Vesti.kg порталының жаңалығы болды. Басылым Оштың экс-мэрі Мелис Мырзакматов Қырғызстанның оңтүстік астанасының тұрғындарының алдында сөйлеп, аймақаралық келіспеушілікті өршітуге тырысты деген мазмұндағы арандатушылық  материал жариялады.

Манипуляцияның анық-қанығына Factchek.kg. редакциясы  көз жеткізді. Фактчект мамандары саяси тұлғаның сөзін толық тыңдап, тақырыптың негізіге және жаңалықтың барлығына тек оның сөйлеген сөзінің бір бөлігі ғана  қолданылғанын анықтады. Сондай-ақ, Мырзакматов қырғызстандықтарды аймақтық бағыт бойынша бөлуге жол берілмейтіні туралы айтқан үзінді кесілген.

Осы орайда, Vesti.kg кейінірек тақырыпты өзгерткенін ескертеміз!

 

Әлеуметтік желілерді жалған ақпараттардың дереккөзі ретінде қарастырсақ…

ҚР-ғы алдыңғы қатарлы интернет-басылымдардың бірі – Kaktus.media-ның негізін қалаушы Дина Маслова, 5-10 қазан аралығында қырғыз медиа-нарығының басты ойыншылары «AKIpress», kaktus.media, 24.kg, «Azattyk», Sputnik оқиғалар кезінде журналистік жұмыстың этикалық стандарттарын мүмкіндігінше ұстанғанын алға тартып отыр.

«Редакция саясаты ақпаратты қайта тексеруді талап етеді. Бұл тұрғыдан бұқаралық ақпарат құралдары қысқаша хабарлама немесе видео жариялаған пабликтерден ұтылады», – деді Маслова.

Шыны керек, дәл сол кезеңде Тelegram-каналдар өте белсенді түрде жұмыс істеді. Қысқа ғана пікір айтылған, көлемі 2-3 сөйлемді жаңалықтар жиі пайда болды. Дегенмен, кейбір мәліметтер расталмады.  Администраторлар оқиға болғаннан кейін, ондай хабарлар пайда болса, оларды жаңалық түрінде теріске шығарды.

Маслованың пікірінше, Қырғыз Республикасындағы қазан оқиғалары кезінде шиеленістің өршуі дәл әлеуметтік желілерде көрініс тапты. Ал журналистер өз жұмыстарын кәсіби түрде атқарып, оны жоюға көмектесті.

«Бір жағынан, парламенттік сайлауда жеңіліс тапқан партия лидерлері мен көшбасшыларының көптеген эмоционалды посттары. Пікірлері бар. Екінші жағынан, біршама боттар мен тролльдер Садыр Жапаровты қорғап жазып, кибербулингпен айналысқан. БАҚ-ның проблемасы – жақтастар тарапынан қысым болды: митингіде қоқан-лоққылар естілсе, әлеуметтік желілерде кибербұзушылықтар байқалды. Мұнан бөлек, ақпараттарды растау қиынға соқты. Себебі, сол күндері мемлекеттік аппарат жұмыс істеген жоқ. Ақпаратттарды растау процесі журналистерде бар байланыс номерлері арқылы жүргізілді.

Ақпарат кешіктіріліп берілгенімен, қазірдің өзінде тексеріліп отырғандықтан, негізгі ақпарат құралдары шиеленісті кейбір болжамдарды жоққа шығарды немесе кейбір ақпаратты растады», – дейді ол.

Саяси шиеленіс кезінде әлеуметтік желілер саяси жалған ақпараттардың ошағына айналды. Мәселен, Facebook-те Темір Сариевтің үйінен алтын толы дорба табылды деген жарияланымдар кең  таралып кетті.

 

Бұрынғы премьер ресми түрде тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұл жалғандықты жоққа шығаруға мәжбүр болды.

 

Сонымен қатар, Маслова шиеленісті күшейту үшін негізгі жауапкершілік – қоғамды мәлімдемелері және әрекеттерімен қоздырған барлық бағыттағы саясаткерлерге жүктеледі деп санайды.

Қате тұжырымдамалар

Оған қоса, кейбір БАҚ-ы күштік құрылымдарындағы өзгерістерді қадағалап үлгермеді немесе белгілі бір саяси күштерге өз әрекеттерін заңдастыруға әдейі көмектесті. Сонымен, 6 қазанда кешке Жогаргу Кенеш депутаттары «Достық» қонақ үйінде кезектен тыс кездесуге жиналды, өйткені «Ақ үй» қиратылды. Журналистерді ол жаққа кіргізбеді.  Сол кеште спикер Дастан Джумабековтың отставкаға кеткені белгілі болды, ал, жаңадан сайланған спикер Мыктыбек Абдылдаев БАҚ-на  парламенттік коалиция Жапаровты премьер-министр ретінде сайлау туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Соңғысы, өз кезегінде өз бағдарламасын, үкімет құрамы мен құрылымын ұсынуы тиіс.

Тағы да сол кеште «Вечерний Бишкек»  ақпарат агенттігінде Садыр Жапаров премьер-министр болып тағайындалды деген ақпарат шықты.

Осылайша, оның лауазымы әлдеқашан заңдастырылған, алайда,  іс жүзінде олай емес.

Бұл жағдайда, заңгерлерден белгілі бір әрекеттердің қаншалықты заңды екендігі туралы түсініктемелер алып, нақты ақпаратты беру орынды, ақылға қонымды болар еді. Қажет болса, оқырманға жағдайды түсіндіру керек еді.

Бұл міндетті Kaktus.media редакциясы жақсы орындады.  Басылым тақырып арқылы-ақ Жапаровты коалиция премьер-министр етіп сайлағанын және оны тағайындау туралы әңгіме болмағанын түсіндірді.

Кейін  Kaktus.media  жеке мақала жариялап, Жапаровтың әлі премьер емес еместігін,  тек депутаттар оны кандитат ретінде ұсынғанын оқырманға түсіндірді. Оның үстіне, «Правовая клиника Адилет» ҚҚ нақты анализ дайындады. Онда премьер-министр Кубатбек Бороновтың отставкасын қарастыру кезінде Мықтыбек Абдылдаевты Жогорку Кенештің төрағасы қызметіне сайлау және үкімет басшысы лауазымына Садыр Жапаровты ұсынуда Қырғызстан Конституциясының талаптары өте өрескел бұзылды делінген.

Көптеген БАҚ бұл құжатты жариялаған жоқ.

«Бұл БАҚ жұмысындағы абсолютті шынайылық тұрғысынан өте дұрыс талап. Енді бір жағынан, біз кімге, қашан және кімге қоңырау шала аламыз деген заңды сұрақ. Алайда, бұл онша үлкен сұрақ емес, әлемде барлығы да БАҚ-ның кімді қалай атайтындығына байланысты емес.  Оның үстіне, мұндай жағдайларда, бәрі тез болып жатқанда сарапшылардан бастап, заңгерлерге қоңырау шалу мүмкін болмағанда БАҚ-ы  тарапынан дұрыс емес тұжырымдама жасалуы мүмкін», – дейді Азамат Тынаев.

Ол мұндай қателіктерді журналистік тренингтер  барысында түсіндіріп және журналистика факультетінің студенттеріне арналған курстарда үйрету керек деп есептейді. Оған қоса, болып жатқан жайтты айқын сезініп, журналистердің мұндай қателіктерге жол беретінін түсіну керек.

«Бұл тұста, кабинетте отыратын журналистер интернет арқылы қажетті ақпаратты тексеріп, шығарып ала алады. Ал биліктің қарама-қайшы пікірталастары мен шешімдері кезінде көшеде немесе дәлізде жүгіріп жүретін репортерлер жайлы айтатын болсақ, олардың асығыс әрекет еткенін түсінуге болады.  Егер біреудің аты-жөнін айтпай, оны премьер-министр деп атаса, бұл жерде оның  лауазымына басымдық беріліп тұр деген сөз. Оларды соншалықты бір талқылайтын тақырыпқа айналдыру дұрыс емес.  БАҚ-ы үкіметті заңдастыруға ықпал етті деу – өте қисынсыз», – дейді сарапшы.

Әлі де бәрі қорғансыз

Сарапшылар БАҚ жұмысының тағы бір маңызды аспектісі ретінде Қырғызстандағы саяси дағдарыс жайлы жариялау кезінде «журналистердің қауіпсіздігі» деп санайды.

«5 қазанда журналистер жұмыстарын жақсы атқарды. Олар сайттарға ақпарат жариялап ғана қоймай, тікелей эфирлерді ұйымдастарды. Сол арқылы ақпаратты қаз-қалпында таратуға, ұсынуға мүмкінді туды. Журналистер болып жатқан оқиғаны толық көлемде көрсетуге тырысты, оқ атылған жерде жұмыс істеді. Мұндай әрекет құрметке лайық, алайда,  журналист үшін өмірі мен денсаулығы бәрінен маңызды деп ойлаймын», – дейді медиа сарапшы Марат Токоев.

Ол редакцияда қауіпті жағдайларға журналистерді қалай дайындайтындығына көңілі толмайтынын жеткізді.

«Журналистердің қауіпсіздік деңгейі алаңдатады. Редакция қызметкерлеріне қандай да бір қорғаныш киімін беру керек еді. Мұнан бөлек, мен журналистердің  митинг кезінде бір-екеу болып ғана жұмыс істегенін байқадым.  Ал негізінен қауіпсіздік ережелері бойынша,  шабуыл немесе қауіп төнетіндей жағдайда олар топ болып жұмыс істеуі керек еді. Осы жағынан редакция барлығын ойлауы керек болатын. Халықаралық ұйымдар таратқан кеудешелер жағдайды шамалы жеңілдетті. Әйтсе де, бір ғана кеудешемен мәселе шешілмейді,  журналистердің қауіпсіздігін егжей-тегжейлі ойластыру керек», – деген пікірде Токоев.

Бастапқыда митингке қатысушылар журналистердің жұмысына түсіністік танытты және кедергі тудырмады, бірақ жағдайдың ушығуына байланысты бұл әрекеттері өзгерді.

2020 жылы 9 қазанда Үкімет үйінің жанындағы саясаткер Садыр Жапаровтың жақтастарының митингісін жариялау кезінде митингке қатысушылар «Азаттық Медиа» тілшісін қорқытып, редакция митинг жайлы хабарды «қате» таратып жатыр деп мәлімдеді.

Қорқытушылардың бірі «Азаттық» кеңсесіне баруға ниетті екенін білдіріп, корреспонденттен оқиға орнынан кетуді талап етті.  Журналистің сөзінше, оның қолынан тартып, аяғынан тепкілеген. Журналист жеке басының қауіпсіздігін сақтау мақсатында хабар таратуды тоқтатып, оқиға орнынан кетуге мәжбүр болды.

Әр түрлі ақпарат көздерінен бірқатар БАҚ-ның кеңселеріне шабуыл жасау жоспарланып отырғаны туралы көптеген мәлімет келіп түсті. Осыған байланысты  «Азаттық Медиа», «24.kg» ақпараттық агенттігі, «Sputnik Қырғызстан» және «Kaktus.media» редакциялары ерікті күзетшілерден олардың кеңселерін күзетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрады.

Нәтижесінде, құқық қорғау органдары тарапынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіндігіне байланысты, бұл басылымдардың кеңселерін ерікті, қырағы адамдар қорғады.

«Билікке құштар саяси көшбасшылардың өз жақтастарына журналистерге қол тигізбеу керектігін түсіндірмегені өкінішті. Себебі, сөз бостандығы – демократияның маңызды тетігі», – деді Токоев.

Азамат Тынаев бұл жолы билік қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, бұқаралық іс-шаралар кезінде баспасөздің рөлі мен журналистердің қауіпсіздігіне көп көңіл бөлетін шығар деп сенім білдірді.  Әсіресе, ашықтан-ашық журналистердің кеңсесіне, редакциясына шабуыл жасау туралы мәселеде билік олардың қауіпсіздігіне көңіл бөледі деген үмітте.

«Саясаткерлерге қалай болғанда да жақтастарымен жұмыс істеу керек. Бұл жоғары талап емес. Олардың топ ретінде барлық митингті басқарғанын көрдік.  Бұл ит құйрығын қайқайтты деген сөз емес. Барлығы үйлестірудің өте жоғары деңгейде әрі дәйекті, үйлесімді болғанын айтты. Бірақ Садыр Жапаров тарапынан да, Қамшыбек Ташиев тарапынан да ешқашан баспасөзбен жанжалдаспауға, оны қандай да бір қауіп-қатерге ұшыратпауға, физикалық тұрғыдан айтпағанда, салмақты үндеу болған емес», – деді Тынаев.

Оның пайымдауынша, журналистерге  мұндай көзқараспен қарау – медиа білімнің  жалпы әлсіздігі.

«Біздің елде, әрине, баспасөз жағдайды әсірелейді, белгілі бір медиа жан-жақты революциялардың қандай да бір құралы ретінде әрекет етеді деген жаппай көзқарастар рөл атқарады. Міне, біз соның нәтижесін көрдік», – дейді сарапшы.

Журналистердің жеке физикалық қауіпсіздігі туралы мәселе үнемі бақылауда болуы тиіс.

«Баспасөз де біртектес емес. Кейбір редакциялардың немесе кейбір жеке журналистердің кәсіби қателіктер жіберген кездері болды. Олар бейтараптық, объективтілік позицияларында қалған жоқ. Тұтастай алғанда, бәрі жақсы жұмыс істеді. Ақпаратты жедел таратудың нәтижесінде қазіргі оқиғаларға салқынқандылықпен қарады.  Халық хабардар болды. Бұл кейінгі саяси талдау үшін маңызды, бұл – шежіреміз, бұл біздің – тарихымыз!», – деп айтты Тынаев.

Сонымен қатар, ол 5-нен 6 қазанға қараған түні Бішкекте ұялы байланыс интернеті істен шыққанына айтып, билікті осы мәселеге назар аударуға шақырды. Оның пікірінше, бұл оқиға егжей-тегжейлі анықтап, қорытынды жасауға тұрарлық жайт.

«Елестетіп көріңізші, қоғамдық тәртіпсіздік болып жатады, ол аздай ұялы байланыс, тіпті мобильді интернет жоқ, істемейді қалады.  Ақпарат болмағанда, жастарға толы қалада не болуы мүмкін? Оған қоса, жастар әртүрлі көзқараста. Не болуы мүмкін екендігін ойлаудың өзі қорқынышты. Ұялы байланыс операторының, интернет торабының тұрақты жұмысы мұндай кезде қажет. Осындай жағдай болашақта қайталанбас үшін Қауіпсіздік Кеңесі деңгейінде, Кабинет деңгейінде осы мәселе шешілуі керек», – дейді медиа сарапшы.

 

 

Негізгі фотосурет: diario16.com

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Download
Print