Кино продюсерлеу негіздері

«Кино продюсерлеу негіздері» курсының мақсаты – киноөндірістің іргелі аспектілеріне продюсерлік тұрғыдан кіріспе, атап айтқанда: 

  • кино продюсерлеу не екені туралы түсінік беру; 
  • продюсердің машықтары мен міндеттерін түсінуге көмектесу, сондай-ақ фильм өндірісіндегі продюсерлердің иерархиясымен таныстыру; 
  • идеяны өндіріс деңгейіне қалай жеткізуге болады, қаржыландырудың заманауи нұсқалары, соның ішінде фильмнің инвестициялық пакетін таныстыру; 
  • продюсердің жұмысына тікелей байланысты өндіріс кезеңдері мен құрамдас бөліктерін таныту; 
  • қазіргі жағдайда кино өндірісінде ескеру қажет кей нюанстар мен халықаралық стандарттар туралы айту. 

Курс нәтижесі 

Сіз курс соңында заманауи киноөндірістегі продюсердің міндеттері, функциялары мен машықтары туралы нақты түсінікке ие боласыз. Оқыту барысында сізге продюсер рөлі сәйкес келе ме, жоқ па, сәйкес келсе, мансапты неден бастаған дұрыс екенін анықтай аласыз. Бұл курста практикалық лайфхактар ​​мен болашақ продюсерлерге арналған кеңестерден бөлек, өзінің продюсерлік міндеттер туралы түсінігін арттырғысы келетін режиссерлер үшін пайдалы ақпарат бар. Бұл сіздің жобаларыңыздың әлеуетті продюсерлерімен кәсіби қарым-қатынасты дұрыс орнатуға септігін тигізеді. 

Курс форматы 

Курс 3 модульді қамтиды және 2 апталық оқуға арналған. Студенттердің апталық жүктемесі – бөлімнің күрделілігіне және өзіндік жұмыс көлеміне байланысты, 2-3 сағат. Модульдер ұзақтығы 13 минутқа дейінгі бейнелекциялардан, мәтіндік лекция конспектілерінен, өзіндік жұмыс тапсырмаларынан және қорытынды тесттен тұрады. 


Курс Go Viral жобасының 48 Hour Film Race бағдарламалық құралының құрамдас бөлігі ретінде әзірленді.

Go Viral - Курс Go Viral жобасының аясында әзірленді. Бұл АҚШ Мемлекеттік департаментінің демеушілігімен, Орталық Азиядағы АҚШ миссияларының қолдауымен және Орталық Азиядағы соғыс пен бейбітшілікті хабарлау институты (IWPR) жүзеге асыратын жоба. Go Viral адамдарға жаңа технологияларды пайдалана отырып, әлеуметтік медиа және жаңа платформалар арқылы ойлап табуға, құруға, өз контентін ілгерілетуге, ақпараттандыруға, көңіл көтеруге және ғаламдық аудиториямен сәтті әрекеттесуге мүмкіндік береді.

 
2 апта
Оқуды бастау үшін тіркеліңіз
Already have an account?
Сауалнаманы өту

Сіз не үйренесіз?

Киноөндіріс дегеніміз не?
Киноөндіріс иерархиясында продюсерлердің қандай түрлері болады?
Қазіргі кино түсірудегі продюсердің міндеттері, функциялары және машықтары қандай?
Киноиндустриядағы заманауи стандарттар
Кино түсіргенде неден аулақ болған жөн?
Инвестициялық пакет пен фильм бюджеті

Бағдарлама

Оқытушы

Жиі Қойылатын Сұрақтар