Медиа дереккөздері мен ақпараттарды сыни бағалау
Инга Сикорская, сыни ойлау жөніндегі сарапшы
Ақпарат пен онда пайдаланылған дереккөздерді бағалауда қаншалықты сыни тұрғыдан қарайсыз? Сіздің сыни ойлау деңгейіңіз қандай?
Алдымен, сыни ойлаудың не екенін түсіну үшін өзімізді тексеріп, осы сұрақтың дұрыс жауабын таңдайық.
Жақсы журналист болу үшін сыни ойлай білу керек
Сыни ойлау дегеніміз не?
- ... бұл ұсынылған идеяларды сынай білу қабілеті.
- ... бұл жарияланымдардағы элементтерді бағалау және ең маңыздыларын таңдау.
- ... рационалды стандарттар бойынша сенімдер мен мәлімдемелерді жүйелі түрде бағалау немесе тұжырымдау.
- ... бұл сынның формальды әдістерін жүйелі зерттеу.
- ... бұл жауаптарды іздей отырып, жарияланымның барлық элементтерін сынау.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз - жүйелі бағалау немесе рационалды стандарттар, ережелер т.б. бойынша сенімдер мен мәлімдемелерді тұжырымдау.
Дұрыс жауап: «Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз - рационалды стандарттар, ережелер т.б. бойынша сенімдер мен мәлімдемелерді тұжырымдау». Алайда, рационалды стандарттар мен ережелер дегеніміз не? Бұл ақпаратты СЫНИ БАҒАЛАУ. Ал, ақпаратты сыни бағалау дегеніміз не деген сауал туындайды.
Ақпаратты сыни бағалау дегеніміз не?
- ... фактілерді тексеру құралдарын меңгеру;
- ... бұл нақтылық пен объективтілік сияқты журналистика стандарттарын ұстану;
- .. - бұл міндетті түрде балама пікірлер мен оларды талдауды пайдалану;
- ... – бұл талдау және қорытынды жасау;
- ... – бұл ақпараттың сенімділігі мен этикалық нормаларға сәйкестігін бағалау үшін дәлел келтіру ережелерін қолдану.
СЫНИ БАҒАЛАУ (CRITICAL APPRAISAL) - ақпараттың дәлдігін, есептіліктің, әдістер мен рәсімдердің толықтығын, тұжырымдарды, этикалық стандарттардың сәйкестігін бағалау үшін дәлелдемелік ережелерді қолдану.
Сыни бағалау дегеніміз - ақпараттың дәлдігін, материалдардың, әдістер мен рәсімдердің толықтығын, тұжырымдарды, этикалық стандарттардың сәйкестігін және т.б. бағалау үшін дәлелдемелік ережелерді қолдану. Журналистикада дәлелдеу әдістері ғылымдағы секілді ақпаратты сыни бағалауды қажет ететін жағдайларға байланысты қолданылады.
Ал енді сіз өзіңізді журналистпін деп есептеңіз, редакция берген тапсырманы орындауға кіріспестен бұрын редактор сізден мақаланы немесе репортажды дайындауда «өзіңіздің сыни тұрғыдан ойлау» қабілетіңізді пайдалануды сұрайды. Яғни, ақпаратты жинау және өңдеу кезінде сіз осы рационалды стандарттар мен ережелерді қолдануыңыз керек.
Біз негізінен халықаралық журналистика стандарттарына жүгінеміз және сыни тұрғыдан ойлауға сілтемелер болуы мүмкін. Дегенмен, сыни ойлау туралы толық нұсқаулар еш жерде берілмеген.
Әлемдік тәжірибеде сыни ойлауға мектептен бастап үйретеді және журналистика факультетіне оқуға келген болашақ журналистер ақпаратты сыни қабылдауға дайын болады.
Алайда, жас журналистер мен тәжірибелі журналистердің бір бөлігінде мұндай базалық білім болмауы мүмкін, сондықтан ол сыни талдаудың рационалды құралдарын қолдану үдерісін қиындатады. Бірақ одан шығудың жолы бар!
Мұны қалай қолдануға болатынын түсінуге көмектесу үшін аналитикалық немесе тергеу журналистикасы тәжірибесінде арнайы бірнеше құралдар дайындадым. Олар ғылыми зерттеулерде қолданылатын тәсілдерге негізделген. Оны журналистік тәжірибеде қолдану өте тиімді.
Неге?,- деп сұрауыңыз мүмкін. Бұл ақпаратты тексеру мен оны контексте берудің негізгі журналистік қызметі академиялық зерттеу әдістеріне ұқсас болуымен байланысты. Ғалымдар да, журналистер де шын мәнінде «гипотезаларды тексереді»: статистика, сұхбат, құжаттар және т.б. секілді деректерді жинайды, аудиторияға алдын-ала түсініктемелер береді және оқиғалардың түпкілікті, негізделген түсіндірмелерін тексереді. Көптеген мәселелер бойынша сыни ойлау қабілеті терең аналитикалық және тергеу материалдарын жасауға көмектеседі.
Мұнда сіз ЖУРНАЛИСТІК ТӘСІЛГЕ АРНАЛҒАН журналистика стандарттарының сипаттамасы бар төңкерілген пирамида жасай аласыз:
Ең негізгі ақпарат (кім?, не?, қашан?, қайда? неге?, қалай?)
Маңызды мәліметтер
Басқа да қосымша ақпарат
Ақпарат жинау, оқиғалар туралы есеп беру және сұхбаттасу барысында кездесетін теориялар мен гипотезалар.
Оларды репортаждарда сыни тұрғыдан қалай түсіндіру және өңдеу керек?
АҚПАРАТТЫ СЫНИ ТҮСІНДІРУДІҢ
3 ТӘСІЛІ МЕН ӘДІСІ
- ИНВАРИАНТТЫ ЖҮЙЕЛІЛІК
- ЖҮЙЕЛІК БАЙЛАНЫС
- СЕБЕПСІЗ-ЖҮЙЕЛІК БАЙЛАНЫС
ИНВАРИАНТТЫ (ТҰРАҚТЫ) ЖҮЙЕЛІЛІК
Әліпбиде «А» әрдайым «В»-дан бұрын тұрады
Ақпараттың сыни көрінісі үшін бұл әдісті «керісінше» қолдануға тырысыңыз, «А» әрдайым «В»-дан кейін тұрады. Мәселен, зерттеу барысында мұны жоққа шығаратын 3 фактіні табуға тырысыңыз, оны жазып алыңыз да, тақырыпқа байланысты талдаңыз.
Визуал - алшақтықты бейнелеңіз. Бұл торды тарту немесе кез келген фигураны танымастай етіп өзгеріске ұшырату болуы мүмкін.
Мақалаларда қолдану үшін жиналған ақпаратта біз талдап отырған мәселе бойынша әртүрлі теориялар мен гипотезалар бар. Материалыңыз сыни тұрғыдан негізделуі үшін сіз талдағыңыз келетін тақырып бойынша жеке теорияларыңызды алып тастауыңыз керек. Өйткені бұл өзіңіз үшін қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан, ақпаратты өңдеу кезеңінде аудиторияға не болып жатқанын дұрыс түсіндіру үшін алынған ақпараттағы болжамдар мен заңдылықтарды түсіну керек. Сыни тұрғыдан ойлаудың бірнеше схемалары бар, оларды сізге журналистік тәжірибеде қолдануға кеңес беремін.
Бұл инвариантты жүйелілік әдістері, сонымен бірге ақпараттағы жүйелік және себепсіз-жүйелік байланыстарды зерттеу әдістері.
Оның не екенін егжей-тегжейлі талдаймыз.
Біріншіден, инвариантты жүйелілік.
Инварианттылық – ешқандай вариантсыз, өзгермейтін жүйелілік.
Қарапайым мысал: әліпбиде А әрпінен кейін әрқашанда В келеді - бұл инвариантты жүйелілік. Біз оны қалай бұрмаласақ та, әліпбиді басқа ретте елестете алмаймыз, басқа нұсқа жоқ! Тағы бір мысал: бала алдымен ана жатырына бітеді, содан кейін өмірге келеді және оның керісінше болуы мүмкін емес. Тағы бір мысал, үй құрылысын бастамас бұрын алдымен құрылыс заттарын сатып алуымыз керек. Басқаша айтқанда оқиғалардың осындай бірізділігі теріске шығару мүмкін емес стереотипті ойлауды қалыптастыруға ықпал етуі мүмкін.
Назар аударыңыз, мұнда сіз ақпаратты сыни тұрғыдан түсіну дағдыларын игеру үшін барынша назар аудару және барынша күш-жігер жұмсауыңыз керек. Қалыптасқан стереотиптерді бұзып, материалды талдауға үйренуіңіз керек және баламалы ақпаратты қолдануға тырысыңыз. Теорияны жоққа шығаратын фактілерді табыңыз: егер әліпбиде «А» болса,одан кейін әрдайым «В»? Егер әліпби жағдайында оны өзгерту мүмкін емес болса, ал журналистік зерттеулерде оны өзгерту мүмкін.
Мысалы, сіз құқық қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық схемаларын зерттеп жатырсыз. Сіздің пікіріңізше сыбайлас жемқорлықтың себептерінің бірі ретінде полиция қызметкерлері жалақысының төмендігі сияқты белгілі фактілер мен дәлелдерді келтірдіңіз. Егер бұл фактіні тексеру өте маңызды болса, онда іс жүзінде бәрі басқаша болып шығады. Бір тренингте қатысушылар бұл фактіні сыни тұрғыдан көрсетудің 14 нәтижесін ұсынды, соның ішінде құқық қорғау жүйесіндегі өкілеттіктер мен полиция қызметкерлерін таңдаудағы дискриминация секілді проблемалар болды.
Ақпаратты сыни тексеруде сіз оның жүйелік байланыстарын зерттеуіңіз керек («Менің ойымша,«А»-дан«В»- шығады) және себепсіз-жүйелік байланыс емес («Меніңше, «А» және «В» «С»-мен байланысты болады; сондықтан «А» және «В» өзара байланысты, бірақ бір-біріне әсер етпейді) және оларды дәлелдеу қажет.
Мысалы, егер астероидтың әсері жер бетінде ондаған миллион жыл бұрын мамонттарды өлтірсе, ғалымдар мұндай әсерді тудыруы мүмкін апатты өлім процесінің дәлелдерін табуы керек.
ЖҮЙЕЛІК БАЙЛАНЫС.
«А» «В»-ны шақырады. Деректердің мол жиынтығын зерттеңіз. Анықталған ауытқушылықтар себепті-жүйелік байланыстардың мүмкіндігіне сәйкес белгіленеді.
СЕБЕПСІЗ-ЖҮЙЕЛІК БАЙЛАНЫС.
Меніңше, «А» және «В» «С»-мен байланысты болады; сондықтан «А» және «В» өзара байланысты, бірақ бір-біріне әсер етпейді.
Сонымен, журналистер, егер біз полиция қызметкерлерінің жалақысын көбейту сыбайлас жемқорлықты азайтуға болатындығын дәлелдегіміз келсе - мұны академиялық тәсілдің көмегімен жасаңыз - әлемдік тәжірибені, үлкен көлемдегі деректерді зерттеңіз және сіз осындай кестеде себепті-жүйелік байланыстарының мүмкін болатын байланысын анықтай аласыз.
Ақпаратты сыни тұрғыдан көрсетудің келесі тиімді әдісі - бұл ақпараттағы негізгі ойды бөліп көрсетуге көмектесу.
Зерттелген ақпараттан алынған негізгі ойлардың тізіміне кесте жасаңыз.
Мысалы, сіз тұщы судың төмендеу себептерін зерттеп жатырсыз. Сіз экологтармен, бақылаушылармен және басқалармен сұхбаттастыңыз. Олардың негізгі ойларын бөліп көрсетіңіз және
содан кейін ақпаратты келесі маркерлерді ескере отырып саралаңыз: маңыздылығы, қажеттілігі, пайдалылығы (біреудің пайдасына сәйкес біреудің мүддесі үшін пайда табу мүмкіндігін сипаттайтын және алынған экономикалық, технологиялық, әлеуметтік әсердің абсолютті немесе салыстырмалы мәні бойынша анықталатын маркер) ақпаратты тарату нәтижесінде (есеп беру немесе нәтижеге қатысты);
нақтылық (ақпарат көрсетілген күйдің нақты күйіне жақындау дәрежесін сипаттаған кезде, объект, процесс, құбылыс немесе қоршаған ортадағы шындық), сіз әлі де 2-3 маркер қоса аласыз. Осы әдісті қолдана отырып, ақпаратты бағалағаннан кейін негізгі ойларыңыз арасындағы маңыздылық рейтингісін жасаңыз.
Ол үшін сіз тақырыптар, халықаралық қағидалар, зерттелетін мәселе туралы ашық мәліметтер және сарапшылардың ескертулері негізінде дайындалған 5 баллдық жүйені қолдана аласыз.
Тұщы судың көлемін азайту жөніндегі зерттеуде маңыздылық проблеманың келесі шкаласы, халықаралық қағидаттар мен ашық мәліметтер негізінде ең жоғары баллмен бағаланды:
- бүкіл адамзат таза суға мұқтаж;
- БҰҰ-ның мәліметі бойынша, әлемде 2 миллиард 600 миллион адамның таза ауыз суға қолжетімділігі жоқ;
- таза ауыз суға қолжетімділік, су мен санитария құқығы - бұл БҰҰ мойындаған салауатты өмір сүру деңгейі құқығының ажырамас бөлігі.
Сонымен, сіз өз жұмысыңызда салыстырмалы диаграммаларды қолдана аласыз. Бұл әдіс шағын контексте берілген ұғымдарды, нысандарды салыстырмалы сипаттауды жүзеге асыруға көмектеседі.
Салыстырмалы кестемен жұмыс жасау жеке материалдарды жазу кезінде де, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты сыни бағалау кезінде де пайдалы. Жасалған тұжырымдар сізге маңызды талдау жасауға және тергеу мақалалары мен репортаждарын дайындауға көмектеседі.
Ақпаратты сыни тұрғыдан көрсетудің келесі тиімді әдісі – саралау, яғни ақпараттағы негізгі ойды саралауға көмектесу.
Зерттелген ақпараттан алынған негізгі ойлардың тізімінен кесте жасаңыз.
Мысалы, сіз тұщы судың төмендеу себептерін зерттеп жатырсыз. Сіз экологтармен, бақылаушылармен және басқалармен сұхбаттастыңыз. Алдымен, олардың негізгі ойларын бөліп көрсетіңіз және содан кейін ақпаратты келесі маркерлер бойынша орналастырыңыз:
ақпараттың таралуы нәтижесінде (репортаж немесе нәтижеге қатысты) маңыздылығы, қажеттілігі, пайдалылығы (біреудің пайдасына сәйкес біреудің мүддесі үшін пайда болу мүмкіндігін сипаттайтын және алынған экономикалық, технологиялық, әлеуметтік әсердің және т.б. абсолютті немесе салыстырмалы құндылықтарымен анықталатын маркер);
нақтылық (ақпарат көрсетілген күйдің нақты күйіне жақындау дәрежесін сипаттаған кезде, объект, процесс, құбылыс немесе қоршаған ортадағы шындық). Осы әдісті қолдана отырып, ақпаратты бағалағаннан кейін негізгі ойдың маңыздылық рейтингісін жасаңыз.
Ол үшін сіз тақырыптар, халықаралық қағидалар, зерттелетін мәселе туралы ашық мәліметтер мен сарапшылардың ескертулері негізінде дамытылатын 5 баллдық жүйені қолдана аласыз.
Тұщы судың көлемін азайту жөніндегі зерттеуде маңыздылық проблеманың келесі шкаласы, халықаралық қағидаттар мен ашық мәліметтер негізінде ең жоғары баллмен бағаланды:
- бүкіл адамзат таза суға мұқтаж;
- БҰҰ-ның мәліметі бойынша, әлемде 2 миллиард 600 миллион адамның таза ауыз суға қолжетімділігі жоқ;
- таза ауыз суға қолжетімділік, су мен санитария құқығы - бұл БҰҰ мойындаған дұрыс өмір сүру деңгейі құқығының ажырамас бөлігі.
Сонымен, сіз өз жұмысыңызда салыстырмалы диаграммаларды қолдана аласыз. Бұл әдіс шағын мазмұнмен берілген ұғымдарды, нысандарды салыстырмалы сипаттауды жүзеге асыруға көмектеседі.
Салыстырмалы кестемен жұмыс жасау жеке материалдарды жазу кезінде де, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты сыни бағалау кезінде де пайдалы. Жасалған тұжырымдар сізге маңызды талдау жасауға және тергеу мақалалары мен репортаждарды дайындауға көмектеседі
Ақпаратты сыни бағалаудың көп бөлігі қарапайым ережелермен ұсынылуы мүмкін.
Біріншіден, сіз өзіңіз туралы ойланып, барлық фактілерге күмәндануыңыз керек. Өз дереккөздеріңізде және кез-келген басқа фактілерді тексеріңіз. Өзіңізді жоққа шығаратын фактілерді үнемі іздеңіз.
Екіншіден, ақпараттағы барлық жалпылама мәліметтерді нақтылап, сөздер мен тезистердің мағынасын түсініп, жеңілдетуден аулақ болу керек. Қысқартылған нұсқаны ұсынғаннан гөрі көлемді түсінік берген жөн.
Сіз аудиторияға барлық тұжырымдар мен нанымдарды түсіндіруіңіз керек, өйткені сыни тұрғыдан ойланғанда фактілерге жүгінудің өзі жеткіліксіз.
Сондықтан бағалау критерийлерін әзірлеу, құндылықтар мен стандарттарды нақтылау - бұл сіздің ақпаратты сыни тұрғыдан түсінудегі құралдарыңыз.
Жағдай үнемі өзгеріп отыратындықтан, белгілі фактілер мен ашық мәліметтер үнемі тексеруді қажет етеді. Сапалы журналистік материалдарда википедияға және басқа да күмәнді дереккөздеріне сілтемелер берілмейді.
Медианың дереккөздері деген не екенін қарастырайық.
Қазір барлық журналистер Интернеттен немесе ұялы телефоннан алынған ақпаратты пайдаланады. Бұқаралық ақпарат құралдары осылайша алынған жаңалықтарды көшіреді және таратады. Теледидар, радио, веб-сайттар, мессенджерлер, электронды пошта хабарлары және еріншек журналистердің досы баспасөз-хабарламалары медианың дереккөздері деп аталады. Бұл сіз сұхбат берген адамдар емес, нақтырақ айтсақ, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпарат. Бірақ біз неге бұл ақпарат бір жерде жарияланғаннан кейін, оның дереккөзі сенімді және оны біздің БАҚ-та, мақалада, репортажда қолдануға болады деп есептейміз?
Шын мәнінде, сіз сүйенген әр дереккөзді бағалау үшін сыни тұрғыдан ойлай білу керек. Медиа дереккөздерін сыни бағалаудың мәні келесідей: сіз осы медиа дереккөзді пайдаланбай маңызды сұрақтарға тиімді жауап таба аласыз ба? Кез келген ақпаратты пайдалану кезінде өзіңізге осы сұрақты қойыңыз.
- A) Ақпарат баспасөз-хабарламаларынан алынды ма? Олай болса, баспагер нені жарнамалағысы немесе жасырғысы келеді?
- B) Ақпарат басқа медиа дереккөзден – жаңалықтарды электронды поштамен жіберу арқылы алынды.
Неліктен ақпаратты таратушы (ақпараттық агенттік немесе басқа құрылым) дәл осы жаңалықты берді? Оның себебі неде? Мүмкін олар жай ғана қайтадан жаңартылған баспасөз-хабарламаларын таратқан шығар? Сіз мұны жан-жақты зерттеп, ақпарат алған дереккөз туралы өз тұжырымыңызды жасауыңыз керек.
- C) Ақпарат әлеуметтік желілердегі немесе мессенджердегі жеке хабарламадан алынды.
Сіз бұл ақпаратты тікелей байланыстағы адамнан алдыңыз ба? Ол сенімді ме? Оның сізді өз пайдасына пайдаланбайтынына сенімдісіз бе? Сіз ол адамды бұрыннан жақсы білесіз бе, онымен бірге жұмыс істедіңіз бе? Олай болса, оның сізге манипуляция жасауына қалай жол бердіңіз? Ол сізге ақпаратты неге жеке хабарламаларда жібереді? Көп жағдайда мұндай ақпарат тек болжамдарды қамтиды.
Сіз аз сенім білдіретін медиа дереккөздердің тізімін жасаңыз. Тізімге жаңалықтар атауы, түрі, типі, меншік иесі және репрезентация стилі сияқты кемінде 4 маркер кіруі керек.Соңғы маркер ең маңызды болып табылады. Медиа репрезентация - бұл осы медиадереккөзі «көзбен көргенді» және «естігенді» қалай берді (көрсетті). Яғни ақпаратты «екінші» рет көрсету.
Бізге медиа дерекөздердің тізімі осы дереккөздің қаншалықты сенімді және шынайы екенін түсіну үшін қажет.
Үгіт-насихаттың әсерінен адамдарда ымыралық ұстанымы немесе ғылыми танымдық өзгеріс қалыптасады. Осылайша, қалыптасқан «азаматты» басқаруға және манипуляциялауға «ыңғайлы».
Мұндай адам бұқаралық ақпарат құралдарына оңай және көзсіз сенеді және «егер бәрі осылай ойласа, яғни бұл дұрыс» деген қағидаға сүйеніп үйренеді.
Бұл белгілі бір оқиға бойынша басқалардың өз түсініктерінсіз және сыни бағалауынсыз жағдайдың сипатталуына немесе тұжырымдалуына сүйене отырып, әртүрлі қорытындыға келуге мәжбүр ететін жақтау эффектісі деп аталады.
Сізге келетін барлық ақпаратқа жиі сенесіз бе? Сіз оған қаншалықты сенім білдіресіз?
Маған мына сұраққа жауап беріңізші?
Адамның ымыралық позициясы дегеніміз не?
Дұрыс жауап
- E) ....... «егер бәрі осылай ойласа, яғни бұл дұрыс» деген қағиданы ұстану.
Басқаша айтқанда, ымыралық позиция дегеніміз - әр адамның бала кезінен қоршаған ортасына, тәрбиесіне, мәдениетіне, біліміне байланысты қалыптасқан ойлау стереотипі.
Ортақ белгілері 1 факті/оқиғаның өзіндік ерекшелігі 2 факті/оқиғаның өзіндік ерекшелігі
Құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратта 2 фактіге сілтеме берілген Құқық қорғау органдарындағы қызметкерлердің өкілеттіктері - мәселенің мәні неде? Нақты сипаттама беріңіз, мысалы, «оперативті еркіндіктің» болмауы салдарынан қиын жағдайларда өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндіктің жоқтығы. Органдарға жұмысқа тұру кезіндегі дискриминация.
Бұл дискриминацияның мәні мен мағынасын сипаттаңыз, ол шынымен кемсіту ме («тікелей дискриминация», «жанама», «қысым көрсету» және т.б. түрлерін көрсетіңіз).
маңыздылығы нақтылығы пайдалылығы ерекшелігі
САРАЛАУ
Курс жаңа медиа мен тұлға брендін қалыптастырудың негізгі қағидаларына, сондай–ақ әлеуметтік платформаларда сапалы контент жасауға арналған. Визуализация, видео сторителлинг, сыни пайым, конфликті және гендерлік сезімталдық бойынша модульдер қамтылған.
Курстың негізгі мақсаты – оқырмандар жаңа медиадағы жаңалықтарды қалай алып, қалай қабылдайтыны жөнінде түсінік пен негізгі білімді беру; оқылымды онлайн–контентті жасауға, конфликті және гендер тақырыптарына сезімтал интернет–журналистиканы дамытуға арналған құралдар мен әдістермен таныстыру;
Курс форматы:
Курс 12 негізгі модульден тұрады, оқу ұзақтығы 12 апта. Курста білім алушылардың апталық жүктемесі 5–7 академиялық сағат (бөлімнің күрделі болуына байланысты).
Әр модуль келесілерден тұрады:
- Видеолекциялар (спикер немесе эксплейнер баяндамасы форматында);
- Мәтін түріндегі ақпарат;
- Тест тапсырмалары теориялық материалды меңгеру деңгейін анықтауға арналған (курстың әр бөліміне 7–10 сұрақтан келеді). Курсқа қатысқан әр адам әрбір модуль тестін 80%–ға өтуі тиіс, тек сонда ғана келесі модульге өте алады. Тесті ең көбі 10 рет тапсыруға болады. Егер 10 рет тест тапсырып, белгіленген межеге жетпей қалса, жүйе бұғатталады да қатысушы курсқа қайта тіркеледі. Осыған байланысты егер тестіні тапсыру бастапқыда қиынға соқса, видеосабақтарды қайта қарап, теориялық және практикалық тапсырмаларды қайта орындаңыз;
- Практикалық тапсырмалар алған білімді бекіту үшін беріледі. Бұл тапсырмаларды орындау–орындамау қатысушының өз еркі, тапсырма өз бетімен орындалуы тиіс;
- Курс аяқталған соң өткен барлық тақырыптар бойынша қорытынды бақылау тестілеу жүргізіледі, егер қатысушы тестіден 80% өтсе, оған электронды немесе қатты қағазға басылған сертификат беріледі;
- алған білімін бекіту және машықтарды меңгеру үшін әлеуметтік медиада марафондар қарастырылған.
Қойылатын талаптар
Курс Орталық Азия елдерінің журналистика факультеттерінде оқитын студенттерге, журналистика кәсібіне енді аяқ басқан жас мамандарға арналған.
Ақпараттық компьютерлік технологиялардың төменгі деңгейінен хабардар болуы керек (ДК қолданушы және танымал әлеуметтік желілерді пайдаланушы деңгейінде). Тәжірибелі журналистер, редакторлардың біліктілігін арттыру үшін қолданылуы мүмкін.
Анықтама ақпараты:
IWPR CA "Орталық Азияда жаңа медиа мен цифрлық журналистиканы дамыту" жобасы бұқаралық ақпарат құралдарының, журналистика факультеттерінің оқытушылары мен студенттерінің, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы жұмыс істейтін журналистердің сапалы цифрлық заманауи, бейтарап әрі объективті контент жасау әлеуетін арттыруға бағытталған. IWPR жоба аясында CABAR.asia медиамектебінің жаңарған сайтын іске қосты, "жаңа медиамен ТЕҢ дәрежеде" атты алғашқы модульді онлайн–курсын бастады. Курс материалдары тек медиамектеп платформасында ғана жарияланады және курсқа тіркелген қатысушыларға ғана беріледі. Жоба аясында жасалған барлық курстар IWPR СA меншігі, ал IWPR СA оларды басқа жобалар үшін қолдана алады.