Жүктеу
Басып шығару

Диана Дуцик: аналитикалық журналистика дегеніміз не және қалай аналитика журналисті болуға болады?

Журналистикадағы аналитикалық бағыт – бұл аналитикалық мақала, аналитикалық репортаж, тіпті аналитика элементтері қамтылған сұхбат секілді түрлі жанрларды қамтитын толық кешен болып табылады.  Біз ақпаратпен жұмыс жасауға қатысты кешенді де күрделі тәсіл туралы сөз қозғап отырмыз. Бұл орайда ауқымды көлемдегі ақпаратты жасақтап, оны талдаудан өткізе отырып  оқырманға немесе көрерменге қарапайым түрде жеткізу маңызды.

Аналитикалық материал міндеттері 

Үш негізгі міндет бар, олар: біріншісі – белгілі бір құбылыстардың, оқиғалардың мәселелер мен феномендердің мәнін түсіндіру. Екіншісі– тенденция талдауы және олардың маңыздылығына баға беру. Үшіншісі – елдің, компанияның даму жолдарының тиімсіздігін сынау: бұл жерде журналист белгілі бір проблемаға талдау жүргізеді және кейбір процестердің қате бағытта қозғалып бара жатқанын көрсетеді. Басқа жағынан алып қарағанда, аналитикалық материалдың проблемаларды шешу үшін жол көрсетуі, қандай да бір қорытындылар келтіруі, тіпті ұсыныстар ұсынуы немесе болжамдар жасауы маңызды болып табылады.  Бұл журналист атқарған аналитикалық қызметінің нәтижесі.

Аналитикалық журналистика фактілер мен білікті пайымдауларға сүйене отырып, қоғамдық маңызы зор мәселелерді көтереді. Аналитикалық журналистика сарапшылар мен мамандардың ұсыныстары арқылы бірқатар шешу жолдарын ұсынады.

Ең алдымен келесі сұрақты өзіңізге қойып алған жөн: бұл тақырып қоғамға қандай әсерін тигізеді және ол қоғамға маңызды ма? Екінші сұрақ – журналистің таңдаған тақырыбы қаншалықты мағыналы? Тақырып ортақ тенденцияларды қаншалықты деңгейде айқындай түседі? Сондай–ақ, бұл тақырып қоғамда қызығушылық тудыра ма? Бұл тақырып елдің, қаланың күнделікті өміріне әсерін тигізеді ме? Барлығы журналистің қай тақырыпта мақала жазатынына байланысты. 

Егер біз кешенді күрделі тақырып туралы  айтар болсақ, ол туралы ақпарат көздері әрқашан ұшан теңіз болуы мүмкін. Бір емес, екі, тіпті үш емес. Бұл біріншіден. Екіңші кезең– бұл ақпаратты талдау және өңдеу.Қажетсіз мәліметтерді сүзіп алып, ақпаратты бір құрылымға келтіру.

Мынандай ереже бар:

Қолданған ақпаратымыздан, жинаған ақпаратымыз әрқашан анағұрлым көп. Бұл журналистке жазып отырған мақаласындағы құбылысты тереңірек ұғынуға көмектеседі. Көп мөлшерде жиналған ақпарат қорытындылар мен болжамдарды дұрыс жасауға мүмкіндік береді.
Сондай–ақ, келесі сұраққа жауап беру де аса маңызды: содан кейін не болады екен? Материалдың аяғы көңілсіз аяқталуын болдырмауға проблемаларды қалай шешуге болады? Сынадың ба – ұсыныс таста!

Жақсы аналитиканың ережелері

  • Өзекті тақырып таңдау
  • Мәселенама бойынша сапаршы болу
  • Эмоциямен аралық сақтау 
  • Ақпарат көздері мен пікірлер санын максималды көп жинау
  • Артығын алып тастау – проблеманы «бұлыңғырт» етпеу
  • Болжам жасау
  • Проблеманың шешілу жолдарын ұсыну

Аналитика журналистіне қандай маңызды қасиет тән? 

Мұндай журналистің білімі жақсы деңгейде. Оның саясат, экономика, әлеуметтік сала және тағы сол сияқты бағыттар туралы жалпы біліміңіз болуы шарт.   Себебі, мемлекет құрылымын, мемлекеттік мекемелердің жұмыс жүргізу тәртіптерін білмейтін, түсінбейтін адамға елдегі бюджеттік ақшалармен не болып жатқанын, олардың қалай үлестірілетіні және дұрыс жолмен бөлініп жатқандығы бойыншаталдау жасау қиынға соғады. Сондықтан, кешенділік қажет, ал аналитикамен айналысуды қалайтын адамға қойылатын талап өте жоғары болуы мүмкін. Сол үшін жанжақты даму қажет және негізгі қоғамдық үдерістер туралы хабардар болып отырған дұрыс.

Журналист бір тақырып бойынша жұмыс жасау барысында контактілер желісі қалыптаса бастайды. Бұл бұдан әрі ақпарат жинауға көмегін тигізеді.. Сондай–ақ, белгілі бір тақтырып аяғында мамандандырылған журналист тенденция бағытын көре алады.Ол бір жыл, екі жыл бұрыңғы көрсеткіштермен салыстыра алады.Оған артық ақпарат жинаудың қажеттілігі жоқ. Осы тақырып бойынша барлық үдерістерді көптеген жылдар бойы өзі бақылағандықтан, барлығы есінде сақталған. Аналитикалық салада мамандану маңызды болып табылады. Бұл барлық журналисттерге де маңызды деп ойлаймын. 

Бейтараптықты қалай сақтаған жөн?

Бұл әрқашан қиын түседі. Себебі, журналист осы қоғамда өмір сүреді, барлық әділетсіздікті өз көзімен көріп жүр және оған шетте қалу қиынға соғады. Алайда, келесі нәрсені түсінген жөн: мәселені шешу үшін тұнық ақыл мен логикалық ойлау қасиеті қажет. Бұл әрқашан көмектеседі, себебі, қарсыластарыңыз, мысалмен айтқанда,  белгілі бір заң нормаларын бұзушы билік немесе қандай да бір корпорациялар эмоцияға беріліп жұмыс жасамайды және сізден аргументтер талап етеді. Ал ондай аргументтерді тек аналитиканың көмегімен және эмоциядан тыс күйде ұсына аласыз. Себебі берілген баға – бұл эмоция. Тек шеттелген кезде ғана қажетті аргументтерді де, дәлелдемелерді не келтіре алатын боласыз. Аналитика журналисті эмоция мен субъективті баға беруге емес,фактілерге сүйенуі қажет.

Егер бізге прогресс қажет болса –  біреу болмасын шындықты айтуы қажет. Біз айтпағанда, шындықты кім айтады? Қоғамның жақсы жағына өзгеруі өте маңызды және ол үшін пайда болған жара бетін аршу қажет. Бұл журналистің мақсаты. Журналистің міндеті– қоғамға болашақта  шешілуі тиіс өзекті де маңызды проблемаларды көрсете білу.

Адамдарға ақпарат жеткіліксіз болған кезде, елге маңызды шешімдер жасау қиынға соғады. Егер олар сайлау сияқты мемлекетте болып жатқан саяси үдерістерді түсінбейтін болса, қалай дауыс бере алады? Бұл маңызды мәселе ма? Маңызды!  

Біз өз аудиториямызды қалыптастыра алу мүмкіндігіміз туралы ойланғанымыз жөн. Бәрі де өзара байланыста. Біз аудиториямызды контентіміз арқылы қалыптастырамыз. Осы үдерісті дамыту мақсатында журналистердің қоғамның ізінен жүгірмей, керісінше қоғамнан бір қадам алда жүруі тиіс. БАҚ өкілдері назарларын сол азаматтардың мүддесі үшін қоғамның маңызды да ауқымды проблемаларына шоғырландыруы қажет..

Аналитика жағынан қалай мықты болуға болады?

  • Біліміңізді үнемі шыңдай түсіңіз
  • Ақпарат көзі мен сарапшылар қорын жасаңыз
  • Тақырыптарыңызды бақылауда ұстаңыз
  • Эмоцияға берілмеңіз
  • Тек фактілерге сүйене жұмыс жасаңыз
  • Дәлелдік қор – ең жақсы аргумент
  • Ньюсмейкер болыңыз
  • Аудиторияңыздың ойлануына түрткі болыңыз

Аналитикалық журналистика – журналистика саласының ең жоғарғы стилі. Оның өлшемшарты дүние жүзінде әмбебап келеді.  Біріншіден, ол журналистің ақыл–парасаты, оның болып жатқан оқиғаны қазіргі проблемалық кеңістік пен тарих арасындағы қатынасты белгілеу қабілеті. Екіншіден, тілдік шеберлік Күрделі ойлар қарапайым тілмен жеткізілуі қажет. Журналист сапаршыларға арнап жазбайды. Оның аудиториясының ауқымы шексіз. Әріп танитын кез келген адам журналистің мақаласындағы ойды түсіне білуі тиіс. Үшіншіден, журналистің батылдығы маңызды. Ол басшылыққа қарсы шығуға қорқып ақты қара деп айтуға құқығы жоқ және шындықты бұрмаламауы тиіс. Төртіншіден, журналистің ақпаратқа еркін қол жеткізуіне мүмкіндік беретін кеңістік болуы шарт.

Қоғамдағы өзекті мәселелер, оқиғалар, үдерістер мен жағдайлар, оған қоса осыларға қатысты қоғамдық дамудың теориялық және практикалық  проблемалары Аналитикалық журналистиканың мәні болып табылады. Бұл мәселелерді түсіну үшін журналистке оқиғаның орын алу себептері мен жағдайларыннақтылап, белгілі бір жағдайдағы тұлғалардың жасырын себептері мен ниеттерін анықтау,  құралдарды таңдау мен жағдайдың даму жолдарының дұрыстығын, көзқарастар мен идеялардың негізділігін бағалау қажет. Мұндай материалдың көлемі ауқымды болатындығы айтпаса да түсінікті: болып жатқан оқиғаның мәнін ашатын мәтінді екі абзацтың ішіне сыйдыру мүмкін емес.  Ақпараттық журналистикада фактілер маңызды болса, аналитикалық журналистикада фактілерден туған ой жәнесол ойдан туындайтын автор эмоциясы маңыздылыққа ие болып табылады.

Егер сіз емле қатесін тапқан болсаңыз, бізге мәтінді таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басу арқылы хабарлаңыз.

Жүктеу
Басып шығару