Жүктеу
Басып шығару

Владимир Тхорик: журналистік зерттеу мен оның ерекшеліктері

Алдымен тым болмаса жаңалықтар жазуды үйрену керек. Ең элементар дүниелерді, яғни репортаждар, очерктер жазу, сұхбаттар алу қажет. Зерттеу жасайтын журналистерді бекер осы кәсіп элтиалары санамайды. Бұл осы кәсіптегі өзге жанрлар жасап төселген, көп жылдық тәжірибесі бар журналистиканың тарландары. Осылайша болашақ зерттеуші алдымен мықты журналистика мектебінен өтіп, содан соң ғана «элита»  болуға тырысуы тиіс. 

Бұл қызмет түрін мен бірнеше ай, тіпті жылдар бойы күнделікті әрі жүйелі жұмыс жасауды, шыдамдылықты талап ететін, ұзын дистанцияға марафонмен салыстырамын. 

Ұзақ қажырлы жұмысты жасай білу – табысты журналистік зерттеу кепілі екендігі сөзсіз. Оның авторы жүйелі жұмыс жасай білуі тиіс. Зерттеуші–журналист эмпатия сезімімен ерекшеленеді, ол адамдарды жақсы түсінеді, оның бойында әділетке құштарлық сезімі бар. Ол өзара бытыраған кішігірім элементтерден күрделі жүйелер құрай біледі, логикалық ойлау қабілеті дамыған және үнемі жаңаны дүниені: мінез–құлық қырларын, деректер базасын, тіпті тілдерді меңгере алады, себебі неғұрлым көп тіл білсеңіз, соншалықты көбірек деректер базасын зерттеу аласыз.

Адамдарды танып білу және логикалық ойлау зерттеуші үшін өте маңызды қабілеттер.

Зерттеу нәтижелері мен оның аудиторияға әсері

Әдетте жарияланған зерттеулер құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмайды. Кемінде осы зерттеу жүргізілген елдерде бақылау нысаны болмақ. Олар қандай да бір шенеунік немесе мүдделестер тоының қоғамдық я этикалық нормаларын бұзу, қылмыс жасау фактілерін назарында ұстайды. 

Сіздің зерттеуіңізге міндетті түрде оқырмандар немесе көрермендер көңіл аударады. Бұл бір күн емес, бірнеше апта туындаған, сапалы әрі жете тексерілген бірегей тауар. Кейде ол бір немесе екі–үш жылдан соң, мысалы, елдегі саяси режим мен жағдай ауысқан соң өзекті болуы мүмкін.

Сапалы зерттеу аудиторияны ақпаратты талғап тұтынуға тәрбиелейді.

Сапалы журналистік зерттеулер оқитын адамдар неғұрлым көп болған сайын түрлі мифтерден, манипуляциялар мен фейктерден ада – сапалы журналистиканы тұтынуға үйренген адамдар көп болады. Сондықтан сапалы журналистика дегеніміз – бұл пропоганда, арзан саяси популизм антиподы, өкінішке қарай бұлар бүгінде Еуропа елдерінде де, өзге елдерде де кең тараған.

Журналистиканың «Шерлок Холмстары»

Көбіне журналистиканың осы жанрын жеке детективтермен салыстырып жатады, себебі оның түбінде мүдделі тұлғалар және/немесе ұйымдар қоғамнан жасырған фактураларды іздеу жатыр. Дегенмен олардың айырмасы мынада –  зерттеуші–журналистер қандай да бір топ мүддесінде жұмыс істемейді, олар бүкіл қоғам мүддесінде проблемалы учаскелерді ашуға тырысады. 2000 жылы Де Бург жазғандай, зерттеуші–журналист жұмысы техникасы бойынша полиция, адвокаттар, аудиторлар жасайтын істерге жағын, бірақ заңмен қудалауды емес, қоғамға жария етуді көздейді.

Жүргізілген және жария етілген зерттеулердің нәтижесінде аудиторияның адамгершілік тәрбиесі сияқты маңызды мақсат орындалады, себебі кез келген зерттеу қандай да бір қылмыстарды әшкерелеу мысалынан туындайтын моральды түйіннен тұрады. 

Зерттеу тақырыптарын қайдан іздеу қажет

Кез келген журналистік материал сияқты кез келген зерттеу тақырып таңдаудан басталады. Бұл жалпыға белгілі құбылыстар мен фактілер, сондай–ақ ешкімге беймәлім құпия мәліметтер де болуы мүмкін. Зерттеуге келесілер түрткі болуы мүмкін:

  • оқиғалар;
  • болған жағдайлар;
  • өз байқаулары мен пайымдары;
  • БАҚ материалдары;
  • құжаттар (ашық – билік органдарының жарияланған нұсқаулары мен қаулылары, сондай–ақ жартылай ашық, құпия деректер – коммерциялық құрылымдардың құжаттарынан қызметтік сипаттағы ведомстволық құжаттары болуы мүмкін);
  • ресми тұлғалардың жарияланымдары, соның ішінде мемлекеттік органдар немесе жеке ұйымдардың пресс–релиздері;
  • өсек–аяңдар;
  • “инициатор” немесе сыртқы ақпарат көзінен алынған хабарламалар.

Кезеңдер

 

Журналистік зерттеудің танымдық кезеңдері өзара себеп–салдар қатынасымен байланысты тексеру процессі барысында міндеттерді кезеңмен шешу қажеттілігіне орай туындайды.  Сондықтан алдыңғы міндетті шешпей (себебін анықтамай), келесі кезеңге (тексеру жүргізу) өтуге болмайды. 

Журналистік зерттеудің негізгі кезеңдері:

  • іс–шаралар жоспарын жасау;
  • ақпаратты жинау және қолдағы мәліметтерді өңдеу; 
  • дереккөздермен жұмыс;
  • жиналған ақпаратты жүйелендіру;  
  • дәлелдер базасын қалыптастыру;
  • негізгі сұхбат;
  • заңи сараптама;
  • материалды дайындау.

Ақпарат көздерімен жұмыс — журналист қызметінің негіздерінің бірі. Түпкілікті жұмыс нәтижесі жиналған ақпарат сапасына байланысты. Материалға негіз болған кез келген фактілер кемінде екі ақпарат көзімен расталуы тиіс. Бұл ең кемінде. Олар бірнеше түрлі болуы мүмкін.  

Ашық ақпарат көздеріне түрлі бұқаралық ақпарат көздері: телевизия, радио, газет кіреді. Алайда мұндай таңдау жасаған журналист оқиғалардың соңында салпақтап жүруі мүмкін. Ақпарат көзі ретінде ғаламдық Интернет желісі де қарастырылуы мүмкін. Оған реал режимде істейтін жаңалық сайттары, сонымен бірге журналистер әріптестерімен ақпарат бөлісе, талқылай алатын форумдар мен чаттар кіреді. 

Ақпараттың құпия көздері

Зерттеуші–журналист өз материалында ақпараттың құпия көздерін қолдана білуі маңызды. Бұрын соңды еш жерде жария етілмеген ақпаратты ашу — журналистиканың осы түрінің ерекшелігі. Ақпараттың құпия көздері дегеніміз телефон желілері және электронды байаныс арқылы келіп түскен, түрлі деңгейде шифрленген қызметтік құжаттар, арнайы деректер базалары. Зерттеуші–репортер жұмысы келесідей кәсіби құралдарды пайдалана білуді меңзейді: 

–құжаттар анализі;

– дереккөздермен жұмыс (мұрағатты, салық құжаттарын, телефон байланысының есептері және т.б. зерттеу);

– құқық қорғау органдарымен жұмыс жасай білу;

– мәлімдеушілерді қолдану (ақылы және ерікті);

– тылда жұмыс істеу (кеңестік тәжірибеде  — «Журналист мамандығын өзгертеді» айдары).

Телефон арқылы сөйлесуді жасырын тыңдау, бандиттік видеожазбаларды көпшілікке жариялау, қандай да бір хат алмасуды, бәсекелес ведомстволар тауып берген компормапттар үйіндісін, бір сөзбен айтқанда ақыл мен күшті талап етпеген, тексерілмеген, сараланбаған деректерді жария етуді журналистік зерттеу деп атауға әсте болмайды. Зерттеуші өзі зерттейтін субъектілерге қатысты этикалық нормаларды да ұмытпауы керек. Бейтараптықты қатаң сақтау қажет. Журналист ешбір тарапқа болыспауы тиіс. 

Журналистика қоғамның дамуына ықпал етеді. Оны бекерге төртінші билік атамайды. Кез келген журналист журналистік зерттеумен айналыса алады. Бұл үшін адамдарға шындықты жеткізуді, әділетсіздікпен күресуді және білмекке құмар болуды мұрат ету керек. Зерттеу ісінен тұратын материал азаматтар үшін зор мәнге ие.

Егер сіз емле қатесін тапқан болсаңыз, бізге мәтінді таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басу арқылы хабарлаңыз.

Жүктеу
Басып шығару