-
Модуль 1
Бірінші модульде әлемдік тәжірибе мысалында креатив индустриялардың құбылысы, ерекшеліктері мен әлеуеті туралы білетін боласыз. Сондай-ақ креатив экономиканың пайда болу алғышарттары, креатив индустрияның негізгі ұғымдары, түрлері және оларға тән белгілері қарастырылады
-
Модуль 2
Екінші модульде креатив индустриялардың жұмыс істеу механизмімен танысасыз, креатив кәсіпкерліктің рөлі және ол қандай құндылықтар тудыратынын білесіз. Ал Орталық Азия елдеріндегі креатив экономиканы дамытудың артықшылықтары туралы бөлімге Данияр Аманалиевтің Қырғызстанның осы саладағы аймақтық пионерге айналуы туралы кейсі толықтыру болады
-
Модуль 3
Үшінші модульде заманауи кәсіпкердің профилін қарастырасыз және жеке бизнес ашуды жоспарламасаңыз да, кәсіпкерлік сана сіздің мансабыңызды дамытуға қалай көмектесе алатынын білесіз. Сіз Орталық Азияның 5 еліндегі креатив жобалардың шабыттандыратын үлгілерін көруге және аймақтағы креатив қауымдастықтарға қол жеткізуге мүмкіндік аласыз